Эксцентриситет

Эксцентриситет (лат. ex – бөлектікті білдіретін қосымша және сеntrum – центр) - аспап бөлшегінің айналу осі мен оның ортасы арасындағы қашықтық. Лимб Эксцентриситеті — лимбтің айналу осі мен оның шеңберлі шкаласының ортасы арасындағы қашықтық. Алидада Эксцентриситеті — алидаданың айналу осі мен есептеу құрылғысының қарама-қарсы екі көрсеткіші ортасыңда орналасқан нүкте арасындағы қашықтық. Көру дүрбісінің Эксцентриситеті — теодолиттің перпендикуляр бойындағы вертикаль осінен дүрбінің көздеу сызығына дейінгі қашықтық. Сигналдың Эксцентриситеті — көздеу маркасының айналу осінен оның суретінің симметрия осіне немесе пластина шеттеріне дейінгі қашықтық.[1][2]

Дереккөздер