Қол

Адамның және приматтардың күрделі, ұстауға бейімделген, саусақтар орналасқан мүшесі қол басы деп аталады. Адамнның екі қолы бар.

Сүйектері

Адамның қол басы 27 сүйектен тұрады: білезікте 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақ пен бас бармақта 14 сүйек болады. Білезік буынның бірінші қатарындағы сүйектеріне трапеция тәрізді сүйек, трапециялық сүйек, басты сүйек және ілмек тәрізді сүйек жатады. Алақанның бес сүйегі бес саусақты құрайды.

Саусақтар

Саусақтарға күш беріп тұратын бұлшық еттер мықты болып келеді. Олардың мықтылығы соншалық, кейбір адамдарға тік беткейлерде бар салмағын көтере саусақтарының ұшымен өрмелеуге мүмкіндік береді. Саусақтарда бұлшықет болмайды. Саусақтарды қозғалтып тұратын бұлшық еттер алақанда және білекте орналасқан.

Қолдың жүйкелері

Қолдың негізгі жүйкелеріне ортаңғы жүйке мен шынтақтық жүйке жатады. Олар қолдың ұзындығы бойымен жүріп отырып, дененің қозғалысы мен сезімталдығын жүзеге асыру үшін миға электрлік импульстерді жеткізіп отырады.

Қызықты деректер

Қол ерте заманнан бері қорғаныс құралы ретінде қолданылып келеді. Бір кездері ең ұзын тырнақ иесі Шидхар Чилал болған. Ол тырнақтарын 48 жыл бойы өсіріп келген. Тырнақтарының ұзындығы 6 метр 5,6 см-ге дейін жеткен.[1]

Дереккөздер