Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы

халықаралық ұйым

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, ҰҚШҰ (орыс. Организация Договора о коллективной безопасности, ОДКБ) — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының әскери-саяси ұйымы. 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанмен құрылды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы
ҰҚШҰ

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттері

Мүшелік:

 Армения
 Беларусь
 Қазақстан
 Қырғызстан
 Ресей
 Тәжікстан

Бірлескен штаб-пәтері:

Ресей Мәскеу

Ұйым түрі:

аймақтық халықаралық ұйым

Ресми тілі:

орыс тілі

Басшылары
Бас хатшысы

Қазақстан Иманғали Тасмағамбетов

Бірлескен штабтың бастығы

Ресей Анатолий Сидоров

Кеңес төрағасы

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев

Құрылуы
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қою

15 мамыр 1992

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың күшіне енуі

20 сәуір 1994

ҰҚШҰ құру туралы шартқа қол қою

7 қазан 2002

ҰҚШҰ құру туралы шарттың күшіне енуі

18 қыркүйек 2003

odkb-csto.org
Ортаққор логотипі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ортаққорда

Кейіннен ҰҚК ұйымына Әзірбайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Келісім 1994 жылы 20 сәуірде ратификация процесі аяқталғаннан кейін, 5 жыл мерзімге күшіне енді. Келісімді тағы 5 жылға ұзарту жөніндегі Хаттамаға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан президенттері 1999 жылы 2 сәуірде қол қойды.

Бұл Хаттамамен Келісімнің мерзімін өздігінен 5 жыл өткен сайын ұзартып отыру қарастырылған. Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан Келісімнің мерзімін ұзартпады.

Мүше-мемлекеттердің қызметіндегі басым бағыттар: жаңа трансұлттық айбаттар мен қауіптерге қарсы тұру; орын алып отырған немесе ықтимал аймақтық немесе шағын қақтығыстардың алдын алу, шешімін табу; халықаралық лаңкестікпен, агрессивті экстремизммен, қару мен есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, жаппай қырып-жою қаруын таратумен күрес.

2002 жылы ҰҚК Ұжымдық қауіпсіздік келісімі Ұйымына өзгерді.[1]

Самиттер тізімі

КүніӨткізу жері
115 мамыр 1992  Өзбекстан,Ташкент
26 маусым 1992  Ресей, Мәскеу
324 желтоқсан 1993  Түрікменстан, Ашхабад
410 ақпан 1994  Қазақстан, Алматы
525 мамыр 1995 Беларусь, Минск
63 қараша 1995  Ресей, Мәскеу
717 мамыр 1996  Ресей, Мәскеу
828 наурыз 1997  Ресей, Мәскеу
95 наурыз 1998  Ресей, Мәскеу
102 сәуір 1999  Ресей, Мәскеу
1129 маусым 2000  Ресей, Мәскеу
1225 мамыр 2001  Армения, Ереван
1312 мамыр 2002  Ресей, Мәскеу
1428 сәуір 2003  Тәжікстан, Душанбе
1518 маусым 2004  Қазақстан, Астана
1623 маусым 2005  Ресей, Мәскеу
1723 маусым 2006  Беларусь, Минск
186 қазан 2007  Тәжікстан, Душанбе
195 қыркүйек 2008  Ресей, Мәскеу
204 ақпан 2009  Ресей, Мәскеу (Кезектен тыс саммит)
2115 маусым 2009  Ресей, Мәскеу
2210 желтоқсан 2010  Ресей, Мәскеу
2312 тамыз 2011  Қазақстан, Астана
2415 мамыр 2012  Ресей, Мәскеу
2523 қыркүйек 2013  Ресей, Сочи
268 мамыр 2014  Ресей, Мәскеу
2723 желтоқсан 2014  Ресей, Мәскеу
2815 қыркүйек 2015  Тәжікстан, Душанбе
2914 қазан 2016  Армения, Ереван
3030 қараша 2017  Беларусь, Минск
3123 мамыр 2018  Қазақстан, Астана
3228 қараша 2019  Қырғызстан, Бішкек
332 желтоқсан 2020[2]Видеоконференция ретінде жүргізілді
3416 қыркүйек 2021Видеоконференция ретінде жүргізілді
3510 қаңтар 2022[3]Видеоконференция ретінде жүргізілді
3616 мамыр 2022  Ресей, Мәскеу
3723 қараша 2022  Армения, Ереван
3815 желтоқсан 2022  Ресей, Санкт-Петербург

Мүшелері

ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшылары, сол жақтан оңға: Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон

ҰҚШҰ қазіргі мүше-мемлекеттері:

МемлекетЕну күні
 Армения15 мамыр 1992
 Беларусь31 желтоқсан 1993
 Қазақстан15 мамыр 1992
 Қырғызстан15 мамыр 1992
 Ресей15 мамыр 1992
 Тәжікстан15 мамыр 1992

Парламенттік Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мемлекеттер:

Бұрынғы мүше елдер:

Бас хатшылар

  1. Николай Николаевич Бордюжа (28 сәуір 2003 — 31 желтоқсан 2016), генерал-полковник;
  2. Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қаңтар 2017 — 13 сәуір 2017), генерал-полковник;
  3. Юрий Григорьевич Хачатуров (14 сәуір 2017 — 2 қараша 2018), генерал-полковник;
  4. Валерий Анатольевич Семериков (м.а. 1 қараша 2018 — 31 желтоқсан 2019), генерал-полковник;
  5. Станислав Васильевич Зась (1 қаңтар 2020 жыл — 23 қараша 2022), генерал-лейтенант.
  6. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (23 қараша 2022 бастап)

Дереккөздер