Һомо Еректус

Һомо Еректус (Homo erectus = 'тік тұратын адам') — плейстоценнің алғашқы және орта мезгілінде жасаған Ежелгі адам түрі болып, 2 миллион жыл бұрын алғаш Африкада, сосын басқа өңірлерде тіршілік кеше бастаған. Адамзаттың алғашқы көшуі осы Һомо Еректустан басталған. Ол бірнеше адамзат түрлерінің тіке арғы атасы, яғни һомо Хейдельберген, һомо Антесессор, Неандерталдар, Денисовандар және қазіргі адамдар осыдан тарайды. Біртіндеп жойылған түр ретінде, оның қалай жойылуы қайшылықты, әлі де зерттелу үстіндегі мәселе. Оның тағы бірнеше субтүрлері түрлі деңгейде айқындалды.

Таутаавел Һомо Эрактусы, Франция (қалпына келтірілген), Таутаавель мұражайы)

Һомо Еректустың маймылдық белгілері болған. Оның бас сүйегі талпиған жалпақ, қабақ сүйегі бұлтия шыққан. Бірақ Һомо Ерактус ата-бабасы автралопитехиндерге қарағанда Қазіргі адамға көбірек ұқсайды. Ол екі аяғымен тік тұрып, денесін тік ұстаған, адам секілді жүрген; оның бойының биіктігі де қазіргі адам шамалас болған. Оның миының үлкендігі мен ми қабілеті де қазіргі адамға ұқсайды. Һомо Ерактус Ашель мәдениетінің тас өндірісімен байланысады. Ол алғаш отты пайдалана алған, сөйлей білген, аулау және жинау қоғамына ұйымдасқан, жаралы немесе ауру мүшелеріне қарайласқан, өнер бұйымын жасай алған.

Аталуы

Ява аламы

Һомо Еректустың алғашқы қалдығы - Яава адамын 1893 жылы түсіндірген ғалым Голландия анатомисті Евгене Дюбуа (Eugène Dubois). Адамзат Азиядан басталған делінетін гипотеза бойынша гиббондарды адамзатқа ең жақын деп сенген ол, маймыл мен адамдардың "жоғалған байланысын" іздеп Оңтүстік-Шығыс Азияға барады. Һомо Еректус оның бір реткі экспедициясында табылған тұңғыш қазынды қалдық.

Сурет:Homo erectus adult female - head model - Smithsonian Museum of Natural History - 2012-05-17.jpg
Ересек әйел "Һомо Еректустың" ресонструкциясы[1]

Шығыс Ява Тринильдегі Соло өзенінің жағасынан осы қазындыны қазып алған ол оны шимпанзе тұқымына жататын Anthropopithecus erectus ретінде анықтайды. Бірақ келесі жылы ол оны Pithecanthropus erectus (бұл атауды Эрнст Геккель [Ernst Haeckel] 1868 жылы адам мен қазбалы приматтар арасындағы гипотезалық байланыс үшін берген еді) деген түрге жатқызады. Еректус деп аталу себебі, жілігі бойынша Ява адамы екі аяқты және тік жүреді деп болжанады. Алайда, кейбір ғалымдар мұнда «жетіспейтін байланыс» бар деп таниды да, нәтижеде Дюбуа ашқан жаңалық елеусіз қалады.[2]

1921 жылы, Йохан Гуннар Андерссон Қытайдың Жукоудианынан тапқан екі тіс көпшіліктің қызығуын туғызды.[3] Тістерді сипаттағанда, Дэвидсон Блэк ежелгі гректің сино (Σίνα) - қытай, латынның Пекиненс (pekinensis) - пекиндік деген сөздерін қолданып, оны Пекиндік Синантроп деп атады. Кейінгі қазба жұмыстары 40-тан астам адамның 200-ге жуық қазбаларын тапты, олардың бесеуі толық сүйектер.[4] Франц Вайденрейч өзінің Palaeontologica Sinica журналында (D сериясы) жарияланған бірнеше монографиясында бұл заттарды егжей-тегжейлі сипаттады . Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде түпнұсқа үлгілердің барлығы Қытайға апарып сақатамақ болып, шекарадан заңсыз алып өтку кезінде жоғалғалды. Бірақ Нью-Йорктегі Американдық табиғи тарих мұражайында және Пекиндегі омыртқалы палеонтология және палеоантропология институтында жұмыс жасайтын Вейденрейх олардың үлгісін жасады.

1950 жылы Эрнст Мэйр Ява адамы және Пекин адамы арасындағы ұқсастық бойынша оларды Һомо Еректус деп атады. ХХ ғасыр бойы, антропологтар Һомо Еректустың адамзат эволюциясындағы рөлін талқылады. Жаңа ғасыр басында, Ява және Жукоудианнан табылған заттар бойынша, қазіргі адам алғаш Азияда эволюция жасады деген пікір орнықты. Кейбір натуралистер - арасында әйгілі Чарльз Дарвин бар - адамзаттың алғашқы ата-бабасы Африкадан басталған деп есептеген болатын. Дарвин адамдарға жақын туыс болып табылатын шимпанзе мен горилла тек Африкада дамып, өмір сүретініне назар аударған еді.[5]

Дереккөздер