Әзірбайжан манаты

Манат (әз. manat) — 100 гәпікке (әз. qəpik) тең, Әзірбайжан Республикасының ақша бірлігі. ISO 4217 әріптік коды — AZN, цифрлық код — 944, ресми белгісі — ₼.

Әзірбайжан манаты  (қаз.)

Azərbaycan manatı  (әзір.)
Azerbaijan Manat  (ағылш.)
Manat azerbaïdjanais  (фр.)

2020 жылғы 1 манат2006 жылғы 5 гәпік
2020 жылғы 1 манат2006 жылғы 5 гәпік
Кодтар және таңбалар
Кодтар ISO 4217AZN (944)
Аббревиатуралар • man. • ман.
Айналым шекарасы
Эмитент Әзербайжан
Туынды және параллельді бірліктер
Бөлшектігәпік (1100)
Айналымдағы монеталар және банкноталар
Банкноталар1, 5, 10, 20, 50, 100 және 200 манат
500 манат сирек кездеседі
Тарих
Валюта-ізашарКСРО рублі (SUR) / Ресей рублі (RUR)
ХроникаӘзірбайжан манаты (AZM • → )
Әзірбайжан манаты (AZN • → қ/у)
Бонкноталар және монеталар өңдірісі
Эмиссиялық орталықӘзірбайжан Республикасы Орталық банкі
www.cbar.az
Бағамдар ХВҚ, ЕОБ және ҚРҰБ мәліметтері бойынша аутоматты түрде жаңартылып отырады.
Әзірбайжан манаты Ортаққорда

Әзірбайжан манаты 1992 жылы 15 тамызда айналымға енгізілді. Бастапқыда кеңестік рублмен, сондай-ақ 1 манат = 10 рубль қатынасындағы 1992-1993 жылғы үлгідегі Ресей банкінің билеттерімен қатар айналыста болды. 1993 жылы 22 қарашада кеңестік және ресейлік рублді айналымнан шығару басталды, ал 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап манат жалғыз заңды төлем құралы болды.

2006 жылдың 1 қаңтарында номинал 5000:1 қатынасында жүзеге асырылды. Бұрын шығарылған банкноттар 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін айналыста болды.

Қазіргі манат шақалардың 6 және банкноттардың 7 түрімен ұсынылған.

  • Шақалар: 1, 3, 5, 10, 20, 50 гәпік (күні жоқ, 2006 жылы шығарылған)
  • Банкноттар: 1, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500 манат

Банкноттардың бір бөлігін Әзірбайжан Республикасы Орталық банкінің тапсырысымен жеке британдық De La Rue компаниясы басып шығарады[1].

2020 жылдың қазан айында Әзірбайжан Орталық банкі 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1, 5 және 50 манат қағаз ақшалардың жаңартылған әрленімдегі банкноттарды шығаратынын хабарлады[2].

Шақалар

Толық мақаласы: Гәпік

1992-1993 жылғы шығарылым

Барлық шақалардың қыры тегіс.

Қола мен никелден жасалған 1992 жылғы 5, 20 және 50 гәпік айналымға енбей, кәдесый ретінде сатылды.

БейнесіБелгіленген бағасы
(гәпік)
МатериалыДиаметрі
(мм)
Жуандығы
(мм)
Салмағы
(г)
Шығарылған
жылы
5қола171,352,351992
алюминий16,51,50,851993
10алюминий191,60,981992
20қола19,51,453,21992
алюминий201,51,12
1993
50никел231,55,11992
алюминий231,61,51
1993

2006 жылғы шығарылым

БейнесіБелгіленген бағасы
(гәпік)
МатериалыДиаметрі
(мм)
Жуандығы
(мм)
Салмағы
(г)
Қыры
1болат, мыс жалат.16,251,92,8тегіс
3182,153,45ойықты
519,752,24,85бұжыр
10болат, жез жалат.22,251,955,257 шұңқырлы
тегіс
2024,252,16,6үзілмелі-
бұжыр
50сақина: болат
ортасы: болат, жез жалат.
25,52,27,7Azərbaycan
Respublikası
жазуы бар
бұжыр

Естелік шақалар

Естелік және мерейтойлық шақаларды Әзірбайжан Республикасының Орталық банкі бағалы (алтын – белгіленген бағасы 1, 3, 5, 10, 20, 50 гәпік және 50, 100, 500 бен 1000 манат, күміс – белгіленген бағасы 5 пен 50 манат және платина – белгіленген бағасы 500 манат) және бағалы емес металдардан (мыс-никел қорытпасы – белгіленген бағасы 1 манат) шығарады. Мұхаммед Физулидің өмірі мен шығармашылығының 500 жылдығына арналған алғашқы шақа 1996 жылы шығарылды.

2017 жылғы мамырдағы жағдай бойынша естелік шақалардың 47 сұрыбы, оның ішінде мыс-никель қорытпасынан 5, 925 сынамалық күмістен 4, 999 сынамалық күмістен 12, 900 сынамалық алтыннан 1, 917 сынамалық алтыннан 2, 999 сынамалық алтыннан 22 және 999 сынамалық платинадан 1 шығарылды.

Банкноттары

1992-2001 жылғы үлгідегі банкноттар

Шығарылған жылының белгісі тек 2001 жылғы үлгідегі 1000 манаттық, 10 және 50 мың манаттық банкноттарда ғана бар. Қалғандарында жыл көрсетілмеген, алайда 1992-1993 жылдардағы банкноттарда серия X/N, ал 1999 жылғы банкноттарда — ХХ деп белгіленген.

Банкноттар 2007 жылдың 1 қаңтарына дейін айналыста болды.

БейнесіБелгіленген бағасы
(манат)
Өлшемі
(мм)
Негізгі
түстері
СипаттамасыБасылған
жылдары
Бет жағыАрт жағыБет жағыАрт жағы
1125×63жасыл
қызғылт
Қыз қаласы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI»
жазуы
1992
көк
сары
«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «BİR manat»
атаулы құнын көрсету
1993
5125×63қоңыр
күлгін
Қыз қаласы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «BEŞ manat»
атаулы құнын көрсету
1993
10125×63қоңыр
күлгін
Қыз қаласы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI»
жазуы
1992
көк
жасыл
«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «ON manat»
атаулы құнын көрсету
1993
50125×63қызыл
сұр
Қыз қаласы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «ƏLLİ manat»
атаулы құнын көрсету
1993
1999
100125×63қызыл
көгілдір
Қыз қаласы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «YÜZ manat»
атаулы құнын көрсету
1993
1999
250125×63көк
жасыл
Қыз қаласы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI»
жазуы
1992
1999
500125×63қоңыр
көгілдір
сары
Низами Гәнжауидің портреті«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «BEŞ YÜZ manat»
атаулы құнын көрсету
1993
1999
1000125×63қоңыр
көгілдір
қызғылт
Мәммед Әмин Расулзаденің портреті«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «min 1000 manat»
атаулы құнын көрсету
1993
1999
көкмұнай кәсіпшілігің көрінісі«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «MİN 1000 manat»
атаулы құнын көрсету
2001
10 000130×65қоңырШирваншаһтар сарайы«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «ON MİN 10 000 manat»
атаулы құнын көрсету
1994
50 000132×66жасылМүмін Қатын кесенесі«AZƏRBAYCAN MİLLİ BANKI» жазуы
және «ƏLLİ MİN 50 000 manat»
атаулы құнын көрсету
1995
Кескін масштабы 1 миллиметрде 1,0 пикселді құрайды.

2005 жылғы үлгідегі банкноттар

2005 жылы 2006 жылғы деноминацияға дайындық барысында құрамында атаулы құны 1, 5, 10, 20, 50 және 100 манат банкноттары бар «Әзербайжан байлығы» банкноттар сериясы шығарылды.

2009 жылы Әзірбайжан Ұлттық банкі (әз. Azərbaycan Milli Bankı) Орталық банк (әз. Azərbaycan Mərkəzi Bankı) болып өзгертілді, сол жылы эмитенттің жаңа атауымен 1 және 5 манаттық банкноттар шығарылып, 2013 жылы 100 манаттың өзгертілген банкноты шығарылды.

2011 жылы Әзірбайжанның Қаржы министрі Ұлттық банк жанындағы ақша комиссиясының қарауына атаулы құны 2 және 3 манат банкноттарды шығару туралы ұсынысты енгізуге дайын екенін мәлімдеді[3], бірақ бұл орындалмады, ал 2018 жылы жаңа атаулы құны 200 манат банкноты шығарылды[4].

Банкноталардың әрленімін еуро банкноттарының әрленімін жасаған аустриялық валюта дизайнері Роберт Калина жасады. 2005, 2009 және 2017-2018 жылғы сериялары 2002 жылғы еуро банкноттарына ұқсас стилистикада жасалған, 2020-2021 жылғы сериялары әрленімін 2013 жылғы еуро банкноттары сериясымен бірыңғайландырылды, бірақ тік арт жағы әрленімімен жасалған. 2020-2021 жылғы сериясында манат тарихындағы алғашқы 500 манаттық естелік банкнот шығарылды.

2005 жылғы серия
БейнесіБелгіленген бағасы (манат)Өлшемі
(мм)
Негізгі
түстері
СипаттамасыШығарылған
жылы
Бет жағыАрт жағыБет жағыАрт жағы
1120×70сұрұлттық кілем аясындағы халық музыкалық аспаптарышебеке аясындағы Әзірбайжан картасы2005
2009
2017
Әзірбайжанның мемлекеттік әнұранының қайырмасы клавираусцуг үзінді аясындағы халық музыкалық аспаптары2020
5127×70тоқсарыНизами Гәнжауи атындағы Әзірбайжан әдебиеті мұражайы, Әзірбайжан кітаптары, Әзірбайжан әнұранының бір бөлігі және қазіргі әзірбайжан латын әліпбиінің әріптеріГобустан жартасындағы суреттер аясындағы Әзірбайжан картасы, көне түркі әліпбиіндегі мәтін2005
2009
2017
кітаптар, Әзірбайжан әнұранының бір бөлігіГобустан жартасындағы суреттер аясындағы Әзірбайжан картасы2020
10134×70көгілдірежелгі Ішкі Шаһар қаласының аясындағы ескі Баку, Ширваншаһтар сарайы және Қыз қаласыұлттық ою-өрнек аясындағы Әзірбайжан картасы2005
2018
20141×70жасылқылыш, дулыға және қалқан, қауқаздық офрисұлттық ою-өрнек аясындағы Әзірбайжан картасы, әр түрлі шрифтпен бірнеше рет «Qarabağ» («Қарабақ») сөзі жазылған2005
50148×70сарыжастар, баспалдақ, Күн, сондай-ақ химиялық және математикалық белгілерұлттық ою-өрнек аясындағы Әзірбайжан картасы2005
2020
100155×70күлгінБаку бекінісінің бөлігі, XIX ғасырдағы еуропалық үлгідегі ғимарат және қазіргі Бакуұлттық ою-өрнек аясындағы Әзірбайжан картасы2005
2013
200160×70көгілдірХайдар Әлиев орталығыұлттық ою-өрнек аясындағы Әзірбайжан картасы2018
500165×70Қоңыр, қызыл және жасылЕкінші Қарабақ соғысы, көкнәр және Құдаферин көпірлеріМолда Панах Уағиф кесенесі мен Әскеран бекінісі2021
Кескін масштабы 1 миллиметрде 1,0 пикселді құрайды.

Банкнот әрленімінің жаңаруы

2022 жылдың ақпан айында Қарабақ тақырыбына арналған жаңа әрленімдегі 20 манаттық банкнот айналымға шығарылды[5].

Тағы қараңыз

Дереккөздер