Dawn (ғарыш кемесі)

Dawn (ағылш. таңсәрі) — Негізгі белдеудегі екі ең ірі нысанды зерттеуге арналған америкалық ғарыш кемесі, НАСА агенттігінің Discovery бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Dawn

ҰйымыАмерика Құрама Штаттары НАСА
Басты мердігерлеріJet Propulsion Laboratory
ТапсырысыАстероидтарды зерттеу
Ұшыру күн-айы27.09.2007 ж., 11:34 UTC, Канаверал мүйісі
Сөре көлігіDelta II зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы11 жыл 1 ай 4 күн
NSSDC нөмірі2007-043A
Торабыhttps://www.nasa.gov/dawn
Массасы747,1 кг (отынмен 1217,7 кг)
Қуаты10 кВт (1 а.б. қашықтықта)
1,3 кВт (3 а.б. қашықтықта)

Ол Церера ергежейлі планетасын және (4) Веста астероидын жақыннан зерттеген алғашқы миссия болды. Сондай-ақ ол бір аспан денесінен артық нысанды орбитадан бақылаған алғашқы ғарыш аппараты болды.

Deep Space 1 аппаратында сынақтан өткен ионды қозғалтқыш технологиясын өз миссиясында пайдаланған алғашқы аппарат. Бұрын химиялық отынмен істеген және бірнеше аспан денесін зерттеген миссиялардың орбитаға енбей, тек жанынан ұшуға ғана мүмкіндігі болған.

Dawn аппараты ғарышқа 2007 жылдың 27 қыркүйегінде ұшырылды.[1] 2018 жылдың 1 қарашасына қарай отынның бітуіне байланысты миссиясы аяқталды.[2]

Галерея

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Dawn (spacecraft)

Сілтемелер