Веналық партия
Ве́налық па́ртия — дебют, келесі жүрістермен басталады: 1. e2-e4 e7-e5 2. Kb1-c3. ашық бастамаларға жатады.
Тарихы
Дебют XIX ғасырда Гампе басқарған Вена шахматшыларымен ойластырылып құрастырылған. Негізгі идеясы — «е4»пешкасымен «d5» пунктын қорғап, орталыққа f2-f4 жүрісімен шабуыл жасау. Бірақ , d7-d5 тақырыбтық контрсоғудан кейін, қаралар жақсы позицияға қол жеткізеді. Бұл жағдай веналық партияның қазіргі турнирлық тәжірибеде сирек кездесуіне әкеліп соқты. Бұл дебютті ақтар жағында Рудольф Шпильман пен Бент Ларсен жемісті қолданған.
Негізгі нұсқалар
2. Kb1-c3 кейін қаралардың негізгі екі жалғасы болады:
- 2…Kg8-f6 — моларақ тараған. Енді ақтарға таңдау керек:
- 3. f2-f4 —ойынды патшалық гамбит тәріздес құрылымдарға аудару ма немесе
- 3. Cf1-с4 — піл дебюті тәріздес құрылым алуға ұмтылу ма. 4.Kc3:e4 идеясы бар 3…Kf6:e4 тақырыбтық соққыға 4…d7-d5 жауап беру, қаралар басымдылығына апаратын 4. Сс4:f7+ Kpe8:f7 5. Kc3:e4 d7-d5 деп емес, 4. Фd1-h5 Ке4-d6 5. Cc4-b3 Кb8-c6 6. Kc3-b5 g7-g6 7. Фh5-f3 f7-f5 8. Фf3-d5 Фd8-e7 9. Kb5:c7+ Kpe8-d8 10. Kc7:a8 b7-b6 деп жауап беру.
- 3. g2-g3 — ойынды позициялық сарынға аударып.
- 2…Kb8-c6 — белсенділігі кемірек, сондықтан да сирегірек кездесетін жүріс.
Ақтар 3.Kg1-f3 деп ойнап, төрт аттың дебютіне көшіп, бұл нұсқалардан бас тартуы мүмкін.
Әдебиет
- Константинопольский А.М., Лепешкин В.Ф. Венская партия. М., ФиС, 1989. ISBN 5-278-00168-2
🔥 Top keywords: Басты бетҚұрбан айтҚұрбандықАбай ҚұнанбайұлыҚазақша жыл санауАрнайы:ІздеуҚазақ хандығыМұхтар Омарханұлы ӘуезовШыңғыс ханӘкелер күніҚазақстанӨзін-өзі өлтіруТүрік қағанатыАйтИсламдағы жыныстық өмір әдебіЕтеккірБесін намазыАбай жолы (роман)Ахмет БайтұрсынұлыАлланың есімдеріМұхаммедАлаш партиясыӘл-Фатиха сүресіКөкжөтелЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміШылауҚазақ хандығының құрылуыСақтарҚазақ хандарыҚазақстан Республикасының КонституциясыКөмірсуларЫбырай Алтынсарин1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісБауыржан МомышұлыҚой малының атауларыЖасушаОйжұмбақ 2ЕтістікҒұндар