Ариана Гранде

Ариана Гранде Бутера[1] (ағылш. Ariana Grande-Butera; 26 маусым 1993, Бока Ратон, Флорида, АҚШ[1][2]) — америкалық актриса және әнші.

Ариана Гранде
Ariana Grande
Сурет
"Греммидің" 62-ші рәсіміндегі Гранде, 2020 жыл
Негізгі ақпарат
Туған кездегі есімі

Ariana Grande-Butera

Туған күні

26 маусым 1993 (1993-06-26) (30 жас)

Туған жері

Бока-Ратон, Флорида, АҚШ

Белсенділік жылдары

2008 — осы уақытқа дейін

Мемлекет

 АҚШ

Мамандықтары

актриса, әнші, модель, филантроп

Жанрлары

Поп, R&B, данс-поп, соул, электро-поп

Лейблдері

Republic Records

Марапаттары

American Music Awards, Billboard Music Awards, Kids’ Choice Awards, Грэмми, Honorary citizen of Manchester (2017).

arianagrande.com
2013 жылдағы Ариана Гранде.

Өмірбаян

Ариана Гранде Бока Ратон (Флорида) қаласында Джоан Гранде мен Эдвард Бутер отбасында туған. Ариананың әрі актер, әрі продюсер Фрэнки Гранде деген үлкен ағасы бар. Ариана вокалды Эрик Ветродан үйренді. Бала кезінде Ариана балаға арналған «Little Palm Theatre» театрында өнер көрсетіп жүрді.

2008 жылда Ариана Бродвейде Мюзикл «13»те Шарлоттаның рөлін ойнады. Кейін бірнеше жылдан кейін ол «Fort Lauderdale» балалар театрында ойнады; сол жерде Ариана Ұлттық жастар театрлық ассоцияцияның премиясын алды. Мюзиклде қатысқаннан Гранде мектепті қалдырды. Ол мектептің құралдарын алып, жеке мұғаліммен оқыды. Ариана Десмонд Чайлдпен жазылған «Cuba Libre» мюзиклінде Мириам рөлін ойнады. Жыл сайын «Broadway in South Africa» мүшесі болғандықтан, Ариана Гранде Оңтүстік Африканың балаларына ән мен биді үйреткен.

2010 жылда «Виктория-жеңуші» сериалында ол Кэт Валентайн рөлін ойнады. Осы рөл үшін Ариана өз шашын қызылға бояды . 2009 мен 2010 жылда Гранде Нью Йоркта орналасқан Birdland клубында Миранда Сингспен бірге ән айтып жүрді.

2011 жылда Гранде «Unfriend You» синглға арналған Грейсон Ченс клипінде болды. 2013 жылы ол Кэт Валентайн рөлін қайтадан ойнады, бірақ содан соң ол «Сэм және Кэт» сериалында басты рөлді ойнады. Осы сериал «АйКарли» мен «Виктория - жеңуші» сериалдардың жалғасы деп табылады.

Дискографиясы

Студиялық альбомдары

АтауыШыққан мерзіміUS Billboard 200
Yours Truly3 қыркүйек 20131
My Everything22 тамыз 20141
Dangerous Woman20 мамыр 20162
Sweetener17 тамыз 20181
Thank U, Next8 ақпан 20191
Positions2020
Eternal Sunshine2024

Рождестволық мини-альбомдары

АтауыШыққан мерзіміUS Billboard 200
Christmas Kisses (EP)17 желтоқсан 2013
Christmas & Chill (EP)18 желтоқсан 201534

Дереккөздер