Батыс Әзірбайжан

Батыс Әзірбайжан останы (парсы: آذربایجان غربیÂzarbâyjân-e Qarbi, әз. Qərbi Azərbaycan, күрд Azerbaycanî Rojawa) — Иранның 31 останының бірі. Иранның батыс бөлігінде орналасқан, Түркиямен, Иракпен және Нахчыван Автономиялық Республикасымен, Шығыс Әзірбайжан, Занжан және Күрдістан остандарымен шекаралас. Ирандық Әзірбайжан провинцияларының бірі. Остан 1950 жылы Әзірбайжан останын шығыс және батыс бөліктерге бөлу нәтижесінде құрылды. Әкімшілік орталығы — Урмия қаласы. Аумағы — 37 437 км2. Халқы — 3,080,576 (2011)[1].

Остан
Батыс Әзірбайжан
آذربایجان غربی
Әкімшілігі
Кіреді

3 мантаге

Енеді

10 шахристан

Әкімшілік орталығы

Урмия

Тарихы мен географиясы
Координаттары

37°33′10″ с. е. 45°04′33″ ш. б. / 37.5528° с. е. 45.0759° ш. б. / 37.5528; 45.0759 (G) (O) (Я) 45°04′33″ ш. б. / 37.5528° с. е. 45.0759° ш. б. / 37.5528; 45.0759 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1950

Жер аумағы

37 437 км²

Уақыт белдеуі

IRST (UTC+03:30)
IRST (UTC+04:30) (Жазғы)

Ірі қалалары

Урмия, Мехабад

Тұрғындары
Тұрғыны

3,080,576 адам (2011)

Тығыздығы

76,75 адам/км²

Ресми тілдері

Парсы тілі
Әзірбайжан тілі
Күрд тілі

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

IR-02

Батыс Әзірбайжан картада

45°04′33″ ш. б. / 37.5528° с. е. 45.0759° ш. б. / 37.5528; 45.0759 (G) (O) (Я)

Археологиясы

Остан аумағындағы алғашқы қоныс орындары б.з.д. 6 мыңжылдықта пайда болған. Солардың бірі — Хасанлу қаласы. 1958 жылы осы қала жүртының орында танымал Алтын ваза табылған болатын. Остан аумағында әлемдегі ең алғаш шарап өндірумен айналысқан елді мекендердің бірі — Хаджи Фируз қалашығы орналасқан. Тағы бір маңызды орын — Гоой қалашығында металл қорыту б.з.б. 800 жылдар болғаны туралы Гильгамеш жайлы эпостан белгілі.

Осы қалала мен ЮНЕСКОның Әлемдік мұра тізіміне енген Сасанидтік Тахт-е Сулейман қалашығының жұрты осы аумақтың мыңдаған жылдар бойы стратегиялық маңызы болғанын көрсетеді. Остан аумағында Иран мәдениет ұйымының тізіміндегі 169 орын бар.

Тарихы

Аумақтағы ежелгі өркениеттерден манналықтар туралы белгілі. Манна Урарту мен Ассирия арасындағы ежелгі мемлекет болған. Олар урартулықтарға ұқсас тілде сөйлеген. Ассирия мемлекеті құлаған соң аумақ грек декеркөздерінде Матиене деп аталған. Матиене Урмия көлінен шығыста орналасқан Атропатенамен шекаралас болған.

Б.з. 4 ғасырының соңында Сасанидтер мемлекеті аумақты шығысында Адхурпадаганмен көршілес сатрапияға айналдырды. Кейінрек Әзірбайжан болып арабтанған Адхурпадаган атауы Атропатенадан шыққан. Атропатена Ахменидтер имперясы кезіндегі Мидиядағы сатрапия болған, кейіннен ол Ескендір Зұлқарнайын кезінде Мидияның сатрапия ретінде қайтадан қалпына келді.

Географиясы

Урмия өзенін қоса алғанда аумағы 43660 км2 болатын Батыс Әзірбайжан останы Иранның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан.

Останның климатына негізінен Атлан мұхиты мен Жерорта теңізінен келетін жаңбырлы желдері әсер етеді. Қыста остан аумағына солтүстіктің қатты қарлы желдері әсер етеді.

Климат провинции во многом зависит от дождей ветры Атлантического океана и Средиземного моря. Холодные северные ветры влияют на провинцию в зимний период и вызвать сильный снег.[2]

Метеорологиялық деректер бойынша остан аумағындағы температуралы көрсеткіштер біркелкі емес. Орташа жылдық температура Макуда 9,4 °C болса, Текабта 11,6 °C, Урмияда 9,8 °C, ал Хойда 9,4 °C. Остандағы ең жоғарғы температура шілдеде 34 °C, ал ең төменгі температура қаңтарда –16 °C. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері оңтүстіктегі ашық аудандардағы 870 мм-ден солтүстіктегі Маку қаласындағы 300 мм-ге (негізінен қар) дейін ауытқиды.[3]

Әкімшілік бөлінісі

Остан құрамына 14 шахристан кіреді: Букан, Мехабад, Маку, Миандоаб, Накаде, Ошнавийе, Пираншехр, Сельмас, Сердешт, Текаб, Урмия, Хой, Чалдоран, Чайпара және Шахиндеж.

Халқы

Батыс Әзірбайжанның этникалық құрамы (2012) [4]
ұлтпайыз
Әзербайжандар
  
76.2%
Күрдтер
  
21.7%
Парсылар
  
0.8%
басқалар
  
1.0%
белгісіз
  
0.3%

Иранның ұлттық құрамы бойынша ресми статистикалық мәліметтер жоқ. Батыс Әзірбайжандағы әзербайжандар мен күрдтер көп. Олардан бөлек тағы үш негізгі этникалық топ бар: армяндар, ассириялықтар және еврейлер. Бір кездері ассириялықтар халықтың жартысын құраған болатын, алайда түріктер тарапынан болған геноцидтен кейін ассириялықтардың көбі қаза тапты, қазіргі таңда олардың саны 15 000 жуық. Останның ірі қалаларында Иранның басқа бөліктерінен келегн иммигранттар да бар.

Мәдениеті

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер