Джордж Флойдтің өлтірілуі

Джордж Флойд, 46 жастағы қара нәсілді, 2020 жылы 25 мамырда Миннесота штатындағы Миннеаполисте жалған есепшот қолданды деген айыппен қамауға алу кезінде өлтіріледі.[1] Оқиға кезінде ақ нәсілді полиция қызметкері Дерек Шовин қолына кісен салынған және екбеттеп жатқан Флойдтың мойнынан тоғыз минуттай тізесімен басып отырады, ал Флойд жалынып "Тыныс ала алмай қалдым" (I can't breathe) деп бірнеше рет айтады.[2][3] Екінші және үшінші офицер Шовинге көмектеседі, ал төртіншісі қарап тұрғандарға кедергі келтірді.[4] Соңғы үш минутта Флойд қозғалыссыз жатады,[5][6] ал Шовин сыртта тұрғандардың одан тізесін босату туралы өтінішін елемейді, тек дәрігер оған айтқанда барып тізесін бсатады.

Берлиндегі Мауерпаркта Джордж Флойдтың портретін көрсететін мюраль. Портреттің сол жағында "Тыныс ала алмай қалдым" деген жазу, оң жағында #GeorgeFloyd, #Icantbreathe және #Sayhisname үш хэштегі жазылды. Мюраль Eme Street Art (фейсбук атауы) / Eme Free Thinker (қолы) жағынан 2020 жылы 29 мамырда сызылған.

Келесі күні куәгерлер мен қауіпсіздік камералары түсірген видео көпшілікке жария болған соң, төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылады.[7][8] Екі қылмыс дәрігері Флойдтың өлімін кісі өлтіру деп есептеді.[9][10] Алдымен Шовинге үшінші дәрежелі кісі өлтіру және екінші дәрежелі қырғындау айыбы тағылады,[11] сосын оған екінші дәрежелі кісі өлтіру қосылады. Қалған үш офицерге екінші дәрежедегі кісі өлтіруге көмектесу және қолдау айыбы тағылады.[2][12][6]

Флойдтың өлімі АҚШ-тың 2000-нан астам қаласында және бүкіл әлемде Black Lives Matter қозғалысының ұйымдастыруымен полицияның қатыгездігіне, полицияның нәсілшілдігіне және полицияның есеп бермеуіне қарсы наразылық ереуілдері мен шерулерге себеп болды.[13] Маусым айының басында Миннеаполис Қалалық Кеңесі полиция бөлімшесін "қоғамдық қауіпсіздіктің жаңа жүйесіне" ауыстыруға ниет білдіріп, білекпен қылқындыруға (chokehold) тыйым салу шарасын өткізді, әрі әрбір полиция қызметкерлерінен басқа полиция қызметкерінің шектен тыс күш қолдануына қарсы әрекет жасауын талап етті.[14] Миннеаполис полициясы бөлімі полиция одағымен жасалған келіссөздерді тоқтатты және сырттан бақылаушы сарапшылар шақыра отырып, кәсіподақ келісім-шартын қайта белгілеу және "ашықтық пен икемділікке негізделген шынайы реформа" жасау туралы жоспарын жариялады.[15]

Дереккөздер