Диего Форлан

Диего Мартин Форлан Корасо (ис. Diego Martín Forlán Corazo; 19 мамыр 1979[1], Монтевидео) — уругвайлық футболшы, жартылай қорғаушы. Уругвай Ұлттық футбол құрамасында бірнеше әлем чемпионаты мен Америка кубогына қатысқан. 2010 жылғы әлем чемпионатында бес гол соқты, бес төртеуі чемпионаттың әдемі 20 голының тізіміне енді, Форланның өзі турнирдің үздік футболшысы атанды. 2011 жылғы Америка кубогының жеңімпазы.

Диего Форлан Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

Cachavacha

Туған күні

19 мамыр 1979 (1979-05-19) (44 жас)

Азаматтығы

 Уругвай

Бойы

180

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Клуб карьерасы[* 1]
1997—2002Аргентина Индепендьенте80 (37)
2002—2004Англия Манчестер Юнайтед63 (10)
2004—2007Испания Вильярреал106 (54)
2007—2011Испания Атлетико Мадрид134 (74)
2011—2012Италия Интернационале18 (2)
2012—2014Бразилия Интернасьонал47 (19)
2014—2015Жапония Серезо Осака42 (17)
2015—2016Уругвай Пеньяроль31 (8)
2016Үндістан Мумбаи Сити12 (5)
2018Гонконг Китчи7 (5)
Ұлттық құрамы[* 2]
1999Уругвай Уругвай-214 (1)
2002—2014 Уругвай112 (36)

Уругвай құрамасы сапында 100-ден аса ойын өткізген бірінші футболшы.

Отбасы

Диегоның әкесі Пабло Форлан, Уругвай құрама командасының ойыншысы, 1966 жылғы Англияда өткен және 1974 жылы Германияда өткен әлем чемпионаттарында ойнаған. Оның нағашы атасы Хуан Карлос Корасо "Индепендьенте" футбол клубының әйгілі ойыншысы, одан кейін Уругвай құрама командасының бас бапкері болды.

Карьерасы

Карьерасын 1997 жылы "Индепендьенте" сапында бастады. 2002 жылы қаңтарда "Манчестер Юнайтедке" ауысқанымен, Дуайт Йорк, Руд Ван Нистелрой секілді футболшылармен негізгі құрам үшін күресуге тура келді. Екі жарым маусымда бар-жоға 10 рет қана гол соқты.

2004 жылы клубқа Уэйн Руни келген соң командадан өз еркімен кетіп, "Вильярреалға" қосылды.

Форлан өзінің талантын "Атлетико Мадрид" командасының құрамында ойнаған кезде толық көрсетті. 2007 жылдың жазында Диего "Атлетико Мадридтің" командасына 21 млн. еуро ақысымен клубқа қосылды.

2008/09 маусымының қорытындысы бойынша Форлан Пичичи жүлдесінің иегері атанды. Ол Испания лигасында 33 ойында 32 гол соқты. Бұл жетістіктен басқа, "Алтын бутсы" сыйлығын иеленді. 2009-10 маусымның басында "Атлетико Мадрид" клубымен келісім шартты тағы 2 жылға ұзартты.

2011 жылы "Интернационалеге" ауысты. Бірақ 2011/12 жылғы маусымның басым бөлігін жарақатпен өткізді де, ешқандай турнирде жарқырай алмады. Бұл маусым клуб үшін де ауыр соқты, маусым барысында үш рет бапкер ауыстырды да, қорытындыда ешқандай жүлдеге ілікпеді.

2012 жылы жазда "Интернасьонал" клубымен келісім шарт жасасты. 2013 жылы клубтастарымен бірге Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы атанды. Бұл турнирде Форлан 9 гол соғып, үздік мерген атанды.

2014 жылы "Серезо Осакаға" ауысты.

2015 жылы мамыр айында отанына оралып, "Пеньяроль" клубына ауысты.

Жетістіктері

Командалық

Манчестер Юнайтед:

  • Англия чемпионы: 2002/03
  • Англия кубогы: 2003/04
  • Англия суперкубогы: 2003

Вильярреал:

  • Интертото кубогы: 2003/04

Атлетико Мадрид:

  • УЕФА Еуропа Лигасы: 2009/10
  • УЕФА суперкубогы: 2010

Интернасьонал:

  • Гаушу лигасы: 2013

Пеньяроль:

  • Уругвай чемпионы: 2015/16

Уругвай құрамасы:

  • Америка кубогының жеңімпазы: 2011
  • Америка кубогының қола жүлдегері: 2004
  • Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2010

Жеке

  • Әлем чемпионатының үздік футболшысы: 2010
  • Әлем чемпионатының үздік мергені: 2010
  • «Алтын бутсы» иегері (2): 2005, 2009
  • Испания чемпионатының үздік мергені (2): 2005, 2009
  • Гаушу лигасының үздік мергені: 2013
  • Уругвайдағы жыл футболшысы (7): 2002, 2003, 2005, 2007, 2008, 2009, 2010
  • Уругвайдағы жыл футболшысы: 2009, 2010

Дереккөздер

Сілтемелер