Женева көлі
Женева көлі, Леман — Швейцария мен Франция жеріндегі көл. Батыс Альпі мен Юра тауларының арасындағы ойыста, теңіз деңгейінен 372 м биіктікте жатыр. Женева көлі Альпідегі көлдердің ең үлкені. Ауданы 582 км², ұзындығы 72 км, ең енді тұсы 14 км, тереңдігі 310 м, суының көлемі 89 км3. Батысы адырлы тау етегімен, шығысы құзды таулармен қоршалған. Жағасы биік тік жар. Көбінесе, мұздық және қар суымен толығады. Көл арқылы Рона өзені өтеді. Суы қыста қатпайды. Көлде балықтың 26 түрі бар. Женева көлі өте көрікті, жағалауының климаты жұмсақ, жылы, халық тығыз қоныстанған. Кеме жүзеді. Көл жағасында әлемге әйгілі Женева, Лозанна, т.б. қалалар мен курорттар орналасқан. Туризм дамыған.
Женева көлі фр. Lac Léman, нем. Genfersee | |
Морфометрия | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 372 м |
Өлшемі | 73 × 14 км |
Ауданы | 582 км² |
Көлемі | 89 км³ |
Тереңдігі | 310 м |
Орташа тереңдігі | 154,4 м |
Су алабы | |
Суды жинау ауданы | 7395 км² |
Құятын өзен | Рона |
Шығатын өзен | Рона |
Орналасуы | |
46°27′00″ с. е. 6°31′00″ ш. б. / 46.45° с. е. 6.5167° ш. б. (G) (O) (Я) 6°31′00″ ш. б. / 46.45° с. е. 6.5167° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер | Швейцария Франция |
Аймақтар | Женева, Во, Вале, Овернь — Рона — Альпілер |
Аудан | Жоғарғы Савойя |
Женева көлі Ортаққорда |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
🔥 Top keywords: Тоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровАбай ҚұнанбайұлыШоқан Шыңғысұлы УәлихановБауыржан МомышұлыТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновБасты бетБесеудің хатыРақымжан ҚошқарбаевҚызыл кітапАқбөкенҰлы Отан соғысыЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстанҚызғалдақЖаһандануӘміре ҚашаубаевБәйтерек (монумент)Қожа Ахмет Ясауи кесенесіТалғат Аманкелдіұлы МұсабаевАйдын Ақанұлы АйымбетовЖелтоқсан көтерілісіЖуніс СахиевХиуаз Қайырқызы ДоспановаАстанаҒұндарЖапонияАрнайы:ІздеуЖыныссыз көбеюАрқарЕсім ханҚазақстан өзендеріҚаныш Имантайұлы СәтбаевАмерика Құрама ШтаттарыТәуекел ханҚазақстан музейлеріМағжан Бекенұлы ЖұмабаевБіріккен Ұлттар ҰйымыҚытайМұхтар Омарханұлы Әуезов