Иван Ракитич

Иван Ракитич (хорв. Ivan Rakitić; т.ж. 10 наурыз 1988 жыл, Rheinfelden[1], Рейнфельден аумағы, Швейцария) — жартылай қорғаныс шебіндегі хорват ойыншысы. Қазіргі таңда "Севилья" сапында және Хорватияның ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.

Иван Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Иван Ракитич

Лақап аттары

Ракета

Туған күні

10 наурыз 1988 (1988-03-10) (36 жас)

Туған жері

Rheinfelden[1], Швейцария

Азаматтығы

Хорватия ХорватияШвейцария Швейцария

Бойы

1.84 см

Салмағы

75 кг

Позиция

Жартылай Қорғаныш

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Севилья

Клуб карьерасы[* 1]
2005—2007Швейцария Базель34 (11)
2007—2011Германия Шальке 0497 (12)
2011—2014Испания Севилья117 (25)
2014—2020Испания Барселона200 (25)
2020—Испания Севилья
Ұлттық құрамы[* 2]
2007—Хорватия Хорватия106 (15)

Клубтық мансабы

Базель

Иван ең алғаш футболды "Мёлен-Рибург" футбол мектебінде бастаған. Ракитич 2002 жылы 14 жасында "Базель" футбол мектебіне түседі. Үш жылдан соң оны негізгі құрамға алады және Иван 2005 жылы 29 тамыз күні ең алғаш өзінің ойының өткізіді. Ол матчта Иванның командасы боснялық "Широкий Бриег" командасына қарсы ойнайды. Базельдың қуанышына орай олар (1-0) есебімен жеңіске жетеді.

2006/07 маусымында Иван Ракитич хорваттардың негізгі құрамында өнер көрсетіп 33 матчта 11 гол соғады және соңын арқасында ол Младена Патричтан соң ең мықты бомбардир атанады. Сонымен қатар маусымның соңында Швейцариялық чемпионатты Иван ең үздік жас ойыншы атағына ие болады.

Шальке 04

22 маусым 2007 жылы Иван Ракитич "Шальке 04" футбол кубымен 4 жылдық келісім шартқа тұрады. Германдар хорват ойыншысын 5 млн. еуроға сатып алады. Шалькенің бас жаттықтырушысы Мирко Сломка Ракитичты бразилиялық жартылай қорғаушы Линкольнның орнына алады, себебі бразилиялық Линкольн "Галатасарай" футбол клубының сапына кетеді.

Бундеслигада Ракитичтың ең алғаш ойыны 10 тамыз күні "Штутгарт" футбол клубына қарсы өтеді. Ол матчта Иван 70-ші минутта ойынға кіріп 5 минуттан соң есепті (2-2) қылып теңестіреді. Иван өзінің екінші голын Геманияның "Бавария" атты клубына УЕФА Чемпиондар лигасында соғады және сол гол арқылы ол командасын алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шығарады.

Севилья

28 қантар 2011 жылы Иван испандық "Севилья" клубымен 30-шы маусым 2015 жылға дейін келісім жартқа тұрады. Испандар Иванды германдардан шамалап айтқанда 1,5 млн. долларға сатып алады. Севилья сапында Иван ең алғаш рет 6-шы ақпан 2011 жылы Ла Лиганың 22-кезеңінде "Малага" клубына қарсы барлық тоқсан минут ойнап гол сала алған жоқ.

Барселона

16 маусым 2014 жылы Иван тағы бір испандық клуб "Барселона"-мен 5 жылдық келісім шарт қол қояды. Каталонадр севилиядан Ракитичты 18 млн. еуроға сатып алады. Иван Барселона клубы атынан алғаш рет ойынды "Эльче" клубына қарсы өткізеді және сол матчта Иван бір нәтижелі пас беріп көзге жақсы түседі. Иван Ракитич Барселона сапында ең алғаш голын "Леванте" клубына қарсы ойнап соғады.

Ұлттық құрамадығы мансабы

Иван негізі Швейцария ұлттық құрамасында ойнағанымен ол Хорватияның бас жаттықтырушусы Славан Беличтың шақыруынан бас тартқан жоқ. Иван Ракитич Хорватияның ұлттық құрамында ең алғаш рет 8 қыркүйек 2007 жылы "Еуро-2008" чемпионатының іріктеу кезеңінде "Эстония" еліне қарсы ойнайды. Хорватия үшін голды Иван Ракитич өзінің 2 матчнда "Андора" еліне қарсы ойында соғады.

Жетістіктері

Базель

  • Швейцария Кубогының иегері: 2007

Шальке 04

  • Бундеслига Кубогының иегері: 2010
  • Бундеслига Кубогының күміс жүлдегері: 2007

Севилья

  • УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы: 2013/14

Барселона

  • Испания чемпионы (4): 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19
  • Испания кубогы (4): 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18
  • Испания суперкубогы (2): 2016, 2018
  • Чемпиондар Лигасы: 2014/15
  • УЕФА суперкубогы: 2015
  • Клубтар әлем чемпионаты: 2015

Хорватия

  • Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2018

Жеке өмірі

Иван Ракитичтың ата-анасы 80-ші жылдары "СР Хорватия" елінен Швейцария еліне көшіп кетеді.

2013 жылдың сәуірінде Иван "Севилья" сапында ойнап сол Севилья қаласында Ракель Маури атты аруға үйленеді және сол жылдың маусым айында олардың қызы Алтея дүниеге келеді.

Сілтемелер