Инжиниринг

Инженерлік-ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардыөндірістік деңгейге дейін жеткізетін,өндірістік, коммерциялық және ғылыми-техникалық сипаттағы кешенді қызметтер көрсету бойынша қызметтүрі; нысанды пайдалануға қосу ментапсырысшыға «кілтін» табыстау, нысанды тапсырғаннан кейін бақылау және кеңестер беру және т.б. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу,техникалық тапсырмаларды жобалау жөніндегіүсыныстарды және өнеркәсіптік, басқа да нысандарқұрылысының техникалық-экономикалық негіздемелерін жасау, техникалық құжаттарды әзірлеу,техника және технология нысандарын жобалау және конструкторлық талдау, монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары кезінде кеңес беру және авторлық бақылау орнату, экономикалық, қаржы және басқа сипаттағы ақыл-кеңес беру.[1][2]

Методологиясы

Турбина дизайны .

Инженерлер бүгінде физика және математика ғылымдарын есеп шешу мәселелеріне және даму үдерісін ары қарай жалғастыру үшін қолданады. Бүгінгі күні инженерлер өз атқаратын жұмыс бабына сәйкес білімдерін арттыру талабы тұр, сондықтан мамандығына сай жаңа ақпарат-материалдарын меңгеру олардың өмірінің соңына дейін жалғаса беретін үрдіске айналды.

Мәселе шешу (Problem solving)

Инженерлер бүгінде математика, логика, экономика. эмпирикалық білім, және өзге де білім салаларын мәселе шешу жолында қолдануда. Мәселе доменін анықтауда сәйкесінше жанасымды компьютерлік модельдер есепті анализдеуге және потенциялды есеп шешімдерін тестілеуге мүмкіндік береді.


Компьютерді қолдану

Спейс шаттлдің жерге қайта қонуындағы аса жоғары жылдамдықтағы ауа қозғалысын көрсететін компьютерлік стимуляция. Бұл есептің шешімін табу (Finite element method of the combined effects of the Navier stokes equation and Heat equation) модельдерін білуді талап етеді.

Заман талабына сай ғылыми және технологиялық күш салулар, компьютерлер және бағдарламалық жасақтамалар бүгінгі күні маңызды рөл атқаруда. Әдеттегі бизнес қолданбалы бағдарламалық жасақтама және компьютер көмегімен жұмыс істейтін технологиялар инженерліктің дамуына үлкен септігін тигізуде. (Computer-aided technologies). Компьютерлер фундаменталды физикалық процесстердің модельдерін жасауға септігін тигізеді, бұл өз кезегінде нумералды методтарды қолданып есеп шығаруды оңайлатады.

Дереккөздер