Лев Иванович Яшин

Лев Иванович Яшин (22 қазан 1929 жыл, Мәскеу20 наурыз 1990 жыл, Мәскеу) — КСРО-лық футболшы, қақпашы. 1956 жылғы Олимпиада және 1960 жылғы Еуропа чемпионы.

Лев Яшин Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Лев Иванович Яшин

Лақап аттары

Қара өрмекші[1]

Туған күні

22 қазан 1929 (1929-10-22)

Туған жері

Мәскеу

Қайтыс болған күні

20 наурыз 1990 (1990-03-20) (60 жас)

Азаматтығы

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО

Бойы

189

Салмағы

82

Клуб карьерасы[* 1]
1950—1971Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Динамо (М)326 (–240)
Ұлттық құрамы[* 2]
1956Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО (олимп.)6 (–3)
1954—1970 КСРО74 (–70)
Бапкерлік карьерасы
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО-2
1971—1975Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Динамо (М)клуб басшысы

Өмірбаяны[2]

1929 жылы Мәс­кеу қаласында дүниеге кел­ді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Яшиннің отбасы Ульяновск қаласына қоныс ау­дарып, сол жерде еңбек етті. Лев те бала кезінен қара жұмысқа жегілді.

Мәскеуге оралғаннан кейін Лев футболмен қатар, шайбалы хоккеймен де шұғылданды. 1953 жылы хоккейден КСРО кубогын жеңіп алды. Одақ біріншілігінде қола медальді ие­ленді. 1954 жылы футбол ойнау үшін хоккеймен қоштасты.

Футболшы ретінде карьерасын Мәс­кеудің «Динамосында» бастап, 1971 жылы дәл сол командада аяқ­тады. 20 жылдан аса уақыт аралығында 326 мәрте жасыл алаңға шығып, өз қақпасына 240 гол жіберіп алды. «Динамоның» сапында Лев КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, 5 дүркін күміс және 1 мәрте қола жүлдегері атанды. Одақ кубогы жолындағы жарыс­та үш рет дара шықты.

1956 жылы КСРО Олимпиада құрамасы сапында Мельбурнде өткен Олимпиада ойындарына қатысты. 1960 жылы Еуропа чем­пионы атанып, 1964 жылы құр­лық біріншілігінде күміс жүлдегері атанды. 1966 жылы Ан­глияда өткен әлем чемпио­натын­да КСРО футболшылары төр­тінші орынға табан тіреді. Сол жұлдызды команданың са­пында айтулы қақпашы да өнер көр­сетті. Барлығы Одақтың құ­ра­мында 74 кездесу өткізген Лев өз қақпасына 70 гол жіберді.

1990 жылдың 20 наурызында Лев Иванович 62 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мәскеудегі Ва­гань­ков зиратында жерленді.

Жетістіктері

Командалық

Динамо (хоккей клубы)

  • КСРО кубогы: 1953

Динамо М

  • КСРО чемпионы (5): 1954, 1955, 1957, 1959, 1963
  • КСРО кубогы (3): 1953, 1967, 1970

КСРО

  • Олимпиада чемпионы: 1956
  • Еуропа чемпионы: 1960

Жеке

  • «Жыл қақпашысы» (3): 1960, 1963, 1966
  • Игорь Нетто клубының мүшесі

Марапаттары

  • Социалистік еңбек ері (1990)
  • Ленин ордені (16.09.60, 1990)

Дереккөздер