Сарқан ауданы

(Сарқант ауданы бетінен бағытталды)

Сарқан ауданыЖетісу облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 жылы аудан орталығы Сарқанға көшірілді.

Қазақстан ауданы
Сарқан ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Сарқан

Ауылдық округтер саны

12

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

35

Қала саны

1

Әкімі

Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №111

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°29′24″ с. е. 79°55′48″ ш. б. / 45.49000° с. е. 79.93000° ш. б. / 45.49000; 79.93000 (G) (O) (Я) 79°55′48″ ш. б. / 45.49000° с. е. 79.93000° ш. б. / 45.49000; 79.93000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

24,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

39 898[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (80,64%), орыстар (17,39%), шешендер (0,61%), татарлар (0,57%), немістер (0,34%), басқалары (0,45%)[2]

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041500-041527[3]

Автомобиль коды

19

Сарқан ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Сарқан ауданы

Жер бедері

Солтүстігінде Абай облысының Аягөз ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал, Ақсу аудандарымен және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.

Ауданның оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солтүстігі, солтүстік-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңтүстік-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы –7 — 10°С, шілде айынікі 22°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 450 — 550 мм, таулы өңірде 700 — 800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солтүстік, солтүстік-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орталық өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер: Жоңғар бәрбісі, көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, Шренк қызғалдағы өседі. Шөлді, шөлейтті өңірде қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, жабайы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан: дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлдырық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары кездеседі. Балқаш, Алтай көлдерінде бекіре, ақсерке, табан балық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген аңдардан: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, сусар, қара күзен, барыс, шағылқұм мысығы; құстардан — қызғылт бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кездеседі.

Халқы

19391959197019791989[4]19992009[5]2021
 4007142582555385415552703478084101640259

Аудан халқының саны 36 962 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (80,76%), орыстар (17,11%), татарлар (0,68%), немістер (0,37%), шешендер (0,60%), басқалары (0,49%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 36 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[6]
Ауылдық округтері200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
Алмалы ауылдық округі4044386495,52021198398,12023188193
Аманбөктер ауылдық округі57045179,129423479,627621778,6
Амангелді ауылдық округі1965157079,9103283580,993373578,8
Бақалы ауылдық округі1631161799,182982799,880279098,5
Екіаша ауылдық округі2979242681,41493124683,51486118079,4
Көктерек ауылдық округі79158273,640130375,639027971,5
Қарабөгет ауылдық округі14081491105,9732771105,3676720106,5
Қарашыған ауылдық округі127992472,263948876,464043668,1
Қойлық ауылдық округі3257264181,11596133283,51661130978,8
Лепсі ауылдық округі3721269472,41894136271,91827133272,9
Сарқан қалалық әкімдігі1484718504124,67201907512676469429123,3
Черкасск ауылдық округі3783296878,51938153279,11845143677,8
Шатырбай ауылдық округі74152771,13932837234824470,1
ЖАЛПЫ САНЫ410164025998,2204632027199,1205531998897,3

Шаруашылығы

Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауданы телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003).

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, гуманитарлық колледж, балабақша, шығармашылық үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауданы аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді (2003). Аудан аумағынан Алматы — Өскемен автомобиль магистралі және Түркістан — Сібір темір жолы өтеді.[7]

Дереккөздер