Сеск Фабрегас

Франсеск Фабрегас-и-Суле (исп. Francesc Fàbregas i Soler; 4 мамыр 1987 жыл, Ареньс-де-Маре, Испания) — жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. 2010 жылғы әлем чемпионы.

Сеск Фабрегас Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Сеск Фабрегас-и-Суле

Туған күні

4 мамыр 1987 (1987-05-04) (36 жас)

Туған жері

Ареньс-де-Маре, Испания

Азаматтығы

Испания Испания

Бойы

1.79

Салмағы

75

Позиция

Жартылай Қорғаушы

Клуб карьерасы[* 1]
2003—2011Англия Арсенал212 (35)
2011—2014Испания Барселона96 (28)
2014—2018Англия Челси138 (15)
2019—2022Франция Монако54 (3)
2022Франция Монако II1 (0)
2022—2023Италия Комо17 (0)
Ұлттық құрамы[* 2]
2006—2016Испания Испания110 (15)
Бапкерлік карьерасы
2023—Италия Комо-19
2023Италия Комом.а

Клубтық мансабы

"Барселона"

2011 жылы 17 тамыз Испания Суперкубогына "Барселона" футбол клубы "Реал Мадрид" футбол клубына қарсы ойнады. Сол ойында Фабрегас "Барселона" сапында сапында өзінің алғашқы ойынын көрсетті. Осы ойында Марсело Фабрегасқа қарсы қатал ойнайды. Сол себепті сол ойында жан-жал туындап, екі команданың ойыншылары төбелесіп қалады. Осы жан-жалдан соң алаңнан 3 ойыншыны шығарып тастайды.2011 жылдың 22 тамызында Жоанна Гампера Кубогына "Наполи" командасына қарсы ойында 25-ші минутта Фабрегас "Барселона" сапындағы алғашқы голын салады. 2011 жылдың 26 тамызында УЕФА Супергубогына "Порту" командасына қарсы екінші голын салды. Сол ойын 2:0 есебімен аяқталды. Испания чемпионатындағы алғашқы голын "Виляреалға" қарсы салды. Небәрі бірінші маусымда Фабрегас чемпионатта 28 ойын(23 негізгі құрамда), 9 гол салды және 8 ақтық пас берді. УЕФА чемпион лигасында Фабрегас 9 ойын ойнап, бір гол салды және үш рет ақтық пас берді. Маусымды қорытындылағанда Фабрегас "Барселонамен" 4 жүлдеге қол жеткізді.

"Челси"

2014 жылдың жазында Фабрегас "Челси" клубына өтіп, бес жылдық келісім шартқа қол қойды. Сеск осы уақытқа дейін "Челси" сапында 9 ойын ойнап 1 гол соғып 8 ақтық пас беріп үлгенді. "Челсиның" бас бапкері Жозе Моуринио күнен-күнге Сесктың ойынына танқалып жүр. "Челси" сапында Фабрегас "Бернли" командасына қарсы өзінің керемет пасын Анреа Шюрлеге беріп есепті (2-1) қылып командасына жеңіс алып келеді. Жозе Мауринио "Фабрегас мен ойлағанан да қатты ойнайды екен" депті.

"Монако"

2019 жылы қаңтарда "Монако" клубымен үш жылдық келісім шарт жасасты.

Ұлттық құрамадағы мансабы

Фабрегас 2006 жылдан бері Испанияның ұлттық құрамасында ойнайды, әлем чемпионатының 2006 жылғы қатысушысы. Испания сапында ойнаған ең жас ойыншы - 19 жас. 2008 жылы, ұлттық құрамамен Еуропа чемпионы атанды. 2010 жылдағы әлем чемпионатының жеңімпазы. Екі жылдан кейін Еуропа чемпионатын қайтадан жеңіп алды. Фабрегас 2 гол салып, турнирдің ең үздік ойыншылар қатарына кірді.

Жетістіктері

Клубтық

Арсенал

  • Англия кубогы: 2004/05
  • Англия кубогы: 2004

Барселона

  • Испания чемпиондары: 2012/13
  • Испания Кубогының иегерлері: 2012
  • Испанияның Суперкубок иегерлері: 2011, 2013
  • УЕФА Суперкубогының иегерлері: 2011
  • Клубтық Әлем Чемпионатының жеңімпаздары: 2011
  • Барлығы: 6 жүлде

Испания

  • Еуропа чемпиондары: 2008, 2012
  • Әлем чемпиондары: 2010
  • Барлығы: 3 жүлде

Челси

  • Англия чемпионы (2): 2014/15, 2016/17
  • Англия кубогы: 2017/18
  • Лига кубогы: 2014/15
  • Еуропа лигасы: 2018/19

Жеке

  • "Браво" жүлдесінің иегері: 2006
  • "Golden Boy" жүлдесінің иегері: 2006
  • ЕВРО-ның үздік ойыншысы: 2008, 2012
  • Жылдың ең үздік ойыншысы "Арсенал" сапында (3): 2007, 2008, 2010

Дереккөздер