Тонга

174°37′25″ б. б. / 19.76889° о. е. 174.62361° б. б. / -19.76889; -174.62361 (G) (O) (Я)

Тонга (тонг. Tonga, ағылш. Tonga [ˈtoŋa]), ресми атауы — Тонга Корольдігі (тонг. Puleʻanga Fakatuʻi ʻo Tonga, ағылш. Kingdom of Tonga) – Тынық мұхиттың оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Жер аум. 748 км2. Халқы 104 мың (2001). Ресми тілі – тонга және ағылшын тілдері. Тұрғындарының 50%-ға жуығы протестанттар, қалғандары католиктер мен жергілікті христиан-сектанттар (мормондар). Елде негізінен полинезиялық-тонгалықтар (98%), сондай-ақ ағылшындар, ағылшын-австралиялықтар тұрады. Мемлекет басшысы – король. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Астанасы – Нукуалофа қ. (Тонгатапу аралында орналасқан). Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 маусым (1970). Әкімш. бөлініс жағынан 5 округке бөлінеді. Ақша бірлігі – паанга. Тонга – БҰҰ-ға, Британ Достастығына мүше.

Тонга Корольдігі
тонг. Puleʻanga Fakatuʻi ʻo Tonga
ағылш. Kingdom of Tonga
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Ko e ʻOtua mo Tonga ko hoku tofiʻa»
Әнұран: «Ko e fasi ʻo e tuʻi ʻo e ʻOtu Tonga»
Тарихы
Тәуелсіздік күні4 маусым 1970 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдерітонга және ағылшын тілдері
ЕлордаНукуалофа
Ірі қаласыНукуалофа
Үкімет түріКонституциялық монархия
Патша
Премьер-министрі
VI Тупоу
Акилиси Похива
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 175-ші орын
748 км²
4
Жұрты
• Сарап (2016)
Тығыздығы

100 651[1] адам (189-шы)
139 адам/км² (76-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

655 млн. $
6,496[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

493 млн. $
4,888[3] $
АДИ (2014) 0,717[4] (жоғары) (100-ші)
ВалютасыПаанга
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.to
ISO кодыTO
ХОК кодыTGA
Телефон коды+676
Уақыт белдеулері+13

Табиғаты және климаты

Тонга аралдарының тізбесі су асты таулы жоталар үстінде орналасқан. Ең биік жері – 1031 м (Као аралында). Шығыс бөлігі терең сулы шұңғылмен қоршалған. Батыс тізбегі таулы жанартаулы аралдардан (ұз. 700 км), шығыс бөлігіндегі әктасты тізбегі атолдардан және маржанды аралдардан тұрады. Климаты тропиктік, теңіздік. Орташа айлық темп-расы 20 – 26С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 2000 мм. Жері құнарлы, қызыл топырақты келеді. Аралдарда қалың ылғалды тропиктік орман өседі. Негізгі орман массиві – жанартаулы аралдарда. Жануарлар дүниесі кедей. Құстардың 30-дан астам түрі, жылан, кесіртке, теңіз тасбақасы мекендейді. Тонга аралдарын полинезиялықтар ежелден мекендеген.

Тарихы

Тонганың король (1845–1893)

Шамамен 10 ғ-да алғашқы мемл. құрылым пайда болды. 1643 ж. Тонга аралдарын голланд теңізшісі А.Тасман ашты. 1773 ж. аралдарға капитан Д.Кук келіп, жергілікті халықтың жылы қабылдауын көргендіктен Қзгі ниет аралдары деп атады. 18 ғ-дың соңы – 19 ғ-дың басында аралға еур. миссионерлер келе бастады. 1845 ж. ұзаққа созылған Азамат соғысынан кейін аралдар біртұтас мемлекетке, тәуелсіз корольдікке айналды. 1900 ж. Т-да ағылшын протектораты орнады. Ел ағылшын консулының бақылауында болды. 1958 ж. Тонга автономиясы біршама кеңейтілді. Тонга үкіметі басқа елдермен сауда келісімін жасауға құқылы болды. 1968 жылғы келісім бойынша Ұлыбритания бақылауы біршама тежелді. 1970 ж. Тонга Британ Достастығы құрамында тәуелсіздігін жариялады. Тонга – аграрлы ел.

Экономикасы

A Tongan one cent (seniti taha) coin

Экономикасының негізгі саласы – а. ш. Басты дақылдары – банан, кокос пальмасы, ванил бобы ағашы, копра, цитрус, ананас. Қшкі қажетке батат, маниок, ямс, таро, бақша дақылдары, көкөніс, манго егіледі. Қрі қара, шошқа, ешкі өсіріледі. Ұй құстарын өсіру мен балық аулау кәсібі дамыған. Өнеркәсіпте а. ш. шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары, ағаш кесу з-ттары, тігін фабрикалары жұмыс істейді. Темір, мыс, мырыш, күміс кен орындары ашылған, мұнай орындары барлануда. Туризм негізгі табыс көзі болып табылады. Автомобиль жолының ұз. 680 км. Басты теңіз порты (сауда орталығы) – Нукуалофа және Нейафу. Экспортқа копра, тропик. жемістер, сыра, теңіз өнімдерін, киім-кешек, шағын экскаваторлар шығарады. Сырттан тамақ өнімдері, өнеркәсіп тауарлары, машиналар мен көлік құралдары, минералдық майлар әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 2790 АҚШ долл-ы. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Фиджи аралдары.[5]

Дереккөздер