Тутанхамон

Тутанхамон (сөзбе-сөз – Атонның тірі бейнесі, таққа отырғандағы есімі – Небхепрура) – Жаңа патшалық (18 әулет) дәуіріндегі Мысыр перғауыны. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 1400 – 1392 жылы билік етті. Аменхотеп IV –нің (Эхнатонның) күйеу баласы, не оның ұлы немесе інісі де болуы мүмкін. 12 жасар кезінде Тутанхатон (Атонның тірі бейнесі) деген атпен таққа отырып, 20 жасында қайтыс болған. Өкімет билігі іс жүзінде уәзірі Эйе мен басқа да шонжарлардың қолында болды. Тутанхамонның кезінде Эхнатонның діни реформалары жойылып, Амон құдайға табыну қалпына келтірілді. Тутанхамонның өзі Тутанхатон атынан бас тартып, перғауын астанасын Эхетатоннан Фивыға қайтарды. 1922 жылы өнердің тамаша ескерткіштері бар тоналмаған перғауын бейіті – Тутанхамон табыты табылды.[1]

Ежелгі Мысыр перғауыны

Тутанхамон

Тутанхамон
Тутанхамонның жерлену маскасы. Мысыр мұражайы. Каир. Мысыр
ДинастиясыXVIII династия
ІзашарыСменхкара
ІзбасарыЭйе
Хронологияшамамен б.з.д. 1332-1323 жж.
ӘкесіЭхнатон
ЗайыбыАнхесенамон
ЖерленуіПатшалар алабы (KV62 мазары)
Тутанхамон Ортаққорда

Сілтеме