Уильям Фолкнер

Уильям Катберт Фолкнер (ағылш. William Cuthbert Faulkner, 29 қыркүйек 1897, Нью-Олбани, Миссисипи6 шілде 1962) — американдық жазушы, Нобель сыйлығының иегері (1949)[1].

Уильям Фолкнер
ағылш. William Cuthbert Faulkner

Уильям Фолкнер, 11 желтоқсан 1954 жыл
Туған кездегі есімі

ағылш. William Cuthbert Faulkner

Туған күні

29 қыркүйек 1897 (1897-09-29)

Туған жері

Нью-Олбани, Миссисипи

Қайтыс болған күні

6 шілде 1962 (1962-07-06) (64 жас)

Қайтыс болған жері

Byhalia, Миссисипи

Азаматтығы

 АҚШ

Мансабы

прозаик

Шығармашылық жылдары

1919-1962

Бағыты

модернизм

Шығармалардың тілі

ағылшын тілі

Сыйлықтары

Нобель сыйлығы Әдебиет саласында Нобель сыйлығы (1949)
Пулитцеров сыйлығы (1955, 1963)
Ұлттық кітап сыйлығы (1951, 1955)

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Өмірбаяны

Уильям Катберт Фолкнер ақсүйектер отбасынан шыққан. 1-дүниежүзілік соғыс жылдары Канада армиясында қызмет атқарды, бірақ әскери қимылдарға қатысқан жоқ. Соғыстан кейін Миссисипи университетіне түсті. Бір жылдан кейін оқуды тастап, әртүрлі жұмыстарды (құрылысшы, клерк, т.б.) атқарды[1].

Шығармашылық карьерасы

1925 жылдан бастап шығармашылықпен айналыса бастаған. “Солдат наградасы”, “Москиттер”, “Сарторис” романдарын жазғаннан кейін Голливудқа маман-консультант ретінде қызметке шақырылды. Көптеген әңгімелер, детективті шығармалар жазған. Әсіресе, “Авессалом, Авессалом” романы жазушыны әлемдік әдебиет классиктерінің қатарына қосты. Ол өз шығармаларында негізінен АҚШ-тың оңтүстік штаттарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, мифологиясын және мәдениетін арқау етті[1].

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер