Финляндия Ұлттық футбол құрамасы

Финляндия Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Финляндияның намысын қорғайтын құрама. Басқарушы орган - Финляндия футбол қауымдастығы.

Финляндия Ұлттық футбол құрамасы
Конфедерация

УЕФА

Федерация

Финляндия Футбол Қауымдастығы

Бас бапкері

Маркку Каневра

Капитаны

Никлас Мойсандер

Ең көп
ойын саны

Яри Литманен 137

Үздік
бомбардир

Яри Литманен 32

Үй стадионы

Олимпиадалық стадион (Хельсинки)

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Бірінші ойын

Финляндия 2:5 Швеция
1911

Ең ірі жеңіс

Финляндия 8:0 Сан-Марино
2010

Ең ірі жеңіліс

Германия 13:0 Финляндия
1940

Тарихы

Финляндияда алғашқы футбол ұйымы 1907 жылы құрылған. Келесі жылы Финляндия ФИФА-ға мүше болды.

Финляндияда футбол №1 спорт түрі санала бермейді, елде футболдан гөрі қысқы спорт түрлеріне қызығушылық басым. Сондықтан 1970 жылдарға дейін ұлттық құрама тек жолдастық кездесулер өткізумен ғана шектелді. Содан кейін ғана Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеулеріне тұрақты түрде қатыса бастады.

Бірақ әзірше Әлем чемпионаттарына қатысқан емес. 2020 жылы тұңғыш рет Еуропа чемпионатына жолдама алды. Топтық кезеңде әуелі Данияны 1:0 есебімен ұтты, екінші турда Ресейден ұтылды, 0:1. Үшінші турда да Бельгияға есе жіберіп, топта үшінші орын алды да, бұл нәтиже 1/8 финалға шығуға аздық қылды.

Құраманың мергендері

#ФутболшыКезеңГолМатч
1Яри Литманен1989—201032137
2Микаэль Форсселль1999—20142987
3Юнатан Юханссон1996—201022105
4Ари Хьелм1983—199620100
5Миксу Паателайнен1986—20001870
6Вернер Еклоф1919—19271732
7Авлиде Копонен1924—19351639
Гуннар Острем1923—19371644
9Алексей Ерёменко2003—20131457
10Йорма Вайхела1947—19541333
Вильям Канерва1922—19381351
Кай Паглман1954—19681356

Құрама ардагерлері

#ФутболшыКезеңМатчГол
1Яри Литманен1989—201013732
2Сами Хююпия1992—20101055
Юнатан Юханссон1996—201010522
4Ари Хьелм1983—199610020
5Йоонас Колкка1994—20109811
6Микаэль Форсселль1999—20148729
7Эркка Петайа1983—1994840
8Арто Толса1964—19817710
9Петри Пасанен2000—2013765
Ханну Тихинен1997—2010761

Сілтемелер