Чарли Чаплин

Сэр Чарльз Спэнсер (Чарли) Чаплин (ағылш. Sir Charles Spencer «Charlie» Chaplin; 16 сәуір 1889, Лондон қ. — 25 желтоқсан 1977, Швейцария, Корсье-сюр-Веве) — Англияның әйгілі киноактері, кинорежиссері, сценарийшісі, композиторы әрі продюсері. Ол алғашында киноактер және соғысқа қарсы азамат ретінде өз шығармашылығын бастаған және біртіндеп әлемге танылып, әйгілі Бастер Китон, Гарольд Ллойд үшеуі "әлемнің ең таңдаулы үш комигі" деп аталған.

Чарли Чаплин
Charlie Chaplin
Сурет
«Кішкентей қаңғыбас» образындағы Чаплин
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Чарльз Спенсер Чаплин

Туған күні

16 сәуір 1889 (1889-04-16)

Туған жері

Лондон, Ұлыбритания

Қайтыс болған күні

25 желтоқсан 1977 (1977-12-25) (88 жас)

Қайтыс болған жері

Веве, Швейцария

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актёр, кинорежиссёр, сценарист, кинопродюсер, кинокомпозитор

Белсенді жылдары

19141967

Марапаттары

Британ империясының ордені
«Оскар» (1929, 1972, 1973)

IMDb

ID 0000122

Чарльз Чаплин сыртқы келбеті қаңғыбасқа, ішкі жан дүниесі мырзалық сипатқа ие Чарли образын жасады. Ол үстінде тар костюмі мен кең шалбары бар, аяғына дәу етік, басына дөңгелек қалпақ киген, қолына бамбук таяқ ұстаған, кішкентай мұрты бар, кейде аңғалдау, кейде ақылды, кейде тым күлкілі, кейде бейшара, көбінесе өте кедей болып көрінетін, бірақ бәрібір айырықша адал ниетті, нәзік жүректі азамат екені ақыры айқындалатын сегіз қырлы, бір сырлы кейіпкер болатын. Кейін көптеген әйгілі өнер иелері осы образды еліктеп, оның актерлік шеберлігінен үлгі алған болатын.

Чарльз Чаплин дыбыссыз кино заманында қимыл мен мимика арқылы ішкі жан дүниені көрсетудің шебері болды. Ол өзі сценарий жазып, өзі ойнап, өзі жетекші композиторлық жасап, өзі продюсер бола білді. Англияның үлкен сахналарында өнер көрсетуден бастап, 88 жасында қайтыс болғанға дейін ол 70 жыл бойы шығармашылық еңбектенуді үздіксіз жалғастырған екен. Чаплин Диккенстік Лондонда жастық өмірін бастады, голливуд актері ретінде кино өнеркәсіпі заманының танымал майталманына айналды, тірі кезінде-ақ әлемдегі бірегей мәдениет символдарының бірі болды.

Өмірбаяны

Ол Лондондағы мюзик-холл әртістерінің отбасында дүниеге келген. Бірақ әкесінің тамағы ауырып, дауысын ерте жоғалтып алады. Соның күйігінен ішіп кетеді де, көп ұзамай қайтыс болады. Күйеуі қайтқан соң анасы қатты ауырып қалады. Ол есінен адасып, ақырында жұмысынан шығып қалады. Чарльз үлкен ағасы Сидни екеуі науқас шешелерімен жұмыстың берген үйінде тұрып жатады. Содан соң балаларды жетімдер және кедейлердің баласы оқитын мектепке орналастырады. Олар бала күннен өз күнін өзі көріп үйренді. Сондықтан қайыршының қатал өмірі Чарльз үшін таңсық емес еді. Алғаш рет сахнаға бес жасында шықты. Ол мюзик-холдағы анасының рөлін алмастырған еді. Анасы ауырған сайын дауысын жоғалтып алады екен. Чарльз анасының бүкіл репертуарын жатқа білген. Сахнаның сыртында өмір сүрген кезі көп. Мектепке де сирек барған. Шаласауатты болған. Ара-тұра газет сатқан кездері бар. Дәрігерге көмекші болып істеген. Баспаханада да жұмысшы болған көрінеді. Бірақ, еш жерде көп бөгелмеген екен.

Он төрт жасында Чарльздің ұлы арманы орындалып, театрда «Шерлок Холмс» қойылымындағы шабарманның рөлін сомдау бақытына ие болады. Өзі кітап оқи алмағандықтан ағасы оқып беріп отырып, рөлін сөйтіп қана тұтас жаттап алады. Сосын ол варьетеде бақ сынайды. Скрипкада ойнауды үйренеді. Көп оқитын болды. Бұрын оқымай келгенін еселеп толықтырды.

1908 жылы Чарльздің басына бақ қонады. Карно театрының актеры атанады. Ол театр мюзик-холдар үшін пантомима мен қысқа скетчтер дайындайтын. Аз ғана уақыт ішінде ең беделді әртіске айналды. 1910 жылы труппамен АҚШ-қа гастрөлге барады. Бір қойылым кезінде оны кинопродюсер Мак Сеннет байқайды. Чарлидың ойнағаны ұнапты. 1912 жылы әртісті «Кистоун Филм» студиясына шақырады. Студияға келе сала Чарльз қолда бар киімнен қайыршының бейнесін жасап алады. Басында қалпақ, қолында визиткасы, екінші қолында аса таяғы, тұмсығы сүйір аяқ киіммен мэтрдың алдынан шығады. Бұл бейне мэтрге қатты ұнайды. Бірақ Чарли тым жас болған соң оған жасанды мұрт жабыстырып қояды. Пәкене бойлы қайыршы бірден көпшілікке ұнай кетеді. Бұл жетістік қанат бітіреді. Қомақты қаржы түсіреді. Сәл уақыттан соң Чаплинге өзі ғана түсетін қысқа метражды фильмдер жасауға рұқсат етеді.

Қайыршы Чарли аса «табысты» бейне болып шықты. 1914 жылы Чаплин аптасына 150 доллар жалақы алатын. Содан кейін 1500 алатын болды. 1914 жылдан бастап өзін режиссерлік қырынан көрсете бастап, түсіп жүрген фильмдерінің сценарийін өзі жазған. 1917 жылы «Фёст Нэйшнл Пикчерс» студиясы Чаплинмен 1 миллион долларға келісім шартқа отырды. Сөйтіп, 28 жасында Чарли Чаплин Америкадағы мылқау киноның ең бай әртісіне айналып шыға келді.

Ол көптеген сыйлықтардың иегері.

Тек 1919 жылы Чаплин өзінің жеке студиясын ашты, яғни, Чаплин Мэри Пикфорд, Дуглас Фэрбенкс және Дэвид Гриффитпен бірге United Artists киностудия-сын құрды. Қысқа метражды фильмдерін өзі түсіреді. Зиялы-қайыршының бейнесін сомдау арқылы танылды. Оның кейіпкері ұялшақ, қолының сұғы бар, бірақ өзі әділетсіздікке қарсы бейне еді. 1921 жылы «Бөбек» атты өзінің ең танымал толық метражды фильмін түсірді. Қаңғыбас пен тастанды бала туралы. Фильмнің өн бойындағы комедиялық тұстары лирикалық, драмалық сюжеттермен толықтырылған. Әлеуметті сынаған фильм киноәлемдегі Чаплиннің алғашқы баспалдағы саналды. Бәлкім, бүкіл мылқау кинематограф үшін де солай.

Чарльз Чаплин мылқау кино дәуірінде кереметтей танымал болды. 1927 жылы дыбысы бар кино шыққаннан кейін де Чаплин өзінің мылқау киносына адал болып қала берді.

Чаплинге атақты, марапатты мылқау кино әкелді. Сондықтан дыбысты кино түсіреле бастаған кезде ол не істерін білмеді. Өзінің мылқау киносын музыкамен әрлеп түсіре берді. 1931 жылы «Үлкен қаланың оттары» атты киносы шықты. Қаңғыбас пен гүл сатушы қыздың махаббаты туралы әдемі хикая. Фильмнің дүбірі жер жарды. 1936 жылы «Жаңа уақыт» деген фильм шықты. Жаппай салынған өндіріске арналған кино болды.

1940 жылы ғана дыбысы бар «Ұлы диктатор» атты фильм түсірді. Пародия, памфлет ретінде берілген фильм. Еврей-шаштараз бен Аденоид Хинкельдің қақтығысы негізінде өрбіген. Германия елшілігі Вашингтоннан оның көрсетілуіне тыйым салынуын талап етті.

1952 жылы Чаплин Лондондағы премьераға келеді. Оның «Шырағданның жарығы» деген киносы көрсетіледі. Қайтып АҚШ оны елге кіргізбеді. Ол Швейцарияға қоныстанады. Софи Лорен мен Марлон Брандо түскен «Гонконгтен келген графиня» атты фильмі түрлі түсті болып шықты. Бұл фильм Чаплиннің соңғы туындысы еді. Өзі ойнамады.

Чаплиннің шығармашылығы бүкіл жер жүзі өнерінің дамуына серпінді үлес қосты. Дүние жүзінде оған еліктеп әртіс болған адамдар көп. Солардың бірі және бірегейі үнділік Радж Капур еді.

Сексеннен астам рөл ойнапты. Бүкіл әлем оны комедия әртісі деп білді. Бірақ ол сценарий де жазған, режиссер, продюссер, тіпті өз фильмдерінің композиторы да болған.

Чаплин көптеген халықаралық марапаттарды иеленді. Бірақ оның басты жеңісі – халықтың ілтипаты.

Шығармашылық жолы

Ч.Чаплин

1897 жылдан мюзик-холл сахнасында, ал 19071942 жылы Ф. Карго жетекшілік еткен пантомима театрында ойнап, актерлік өнер шеберлігін жетілдірді. Әсіресе, ол мұнда мюзик-холлдың талабына орай пластика мен пантомима өнерін үздік меңгерді. Кинодағы актерлік және режисерлік өнер жолын 1914 жылы АҚШ-та бастады. Қойған фильмдерінің сценарийлерін де өзі жазды.

Бірқатар фильмдерінде (“Қаңғыбас”, “Банк”, 1915; “Тыныш көше”, “Иммигрант”, “Ит өмір”, “Иыққа!”, 1917–1918) лирикалық және комедиялық бояуды шебер шендестіре отырып, “кішкене адамның” есте қалар жиынтық бейнесін жасады. Пантомима мен комедия өнерін жан-жақты дамыта отырып, өз орнымен пайдалану арқылы “Нәресте” (1920) мен “Алтынның әлегі” (1925) фильмінде ақша билеген ортадағы қорғансыз жандардың азапты ауыр өмір-тұрмысын бейнеледі. Ол көп қиындықтардан кейін 1922 жылы “Чарлз Чаплин фильм корпорейшен” деген атпен кинофирма ұйымдастырды. “Париж қызы” фильмін (1921) қоюмен өзінің кинода психологиялық драма жасаудың шебері екенін байқатты. Әсіресе, “Пилигрим” (1922) және “Цирк” (1928) фильмінде әділетсіздік жайлаған астамшыл, қатыгез қоғамға тән өтірік пен өсекті, кертартпалық пен мешеулікті, екіжүзділік пен сатқындықты өткір сынға алды.

1931 жылы қойған “Үлкен қаланың оттары” фильмімен режиссер шығармашылығының жаңа кезеңі басталды. Осы жылдары Чарли “кішкене адамның” психологиялық мінез-күйін тереңдетіп, барынша әлеуметтік мәселелерге ден қойды.

“Жаңа кезең” (1935) фильмінде жұмысшылар еңбегін қанаушылықтың антигуманистік табиғатын ашып көрсетті. “Ұлы диктатор” (1941) фильмінде фашияттік диктатура сатиралық тұрғыда бейнеленді. Бұл фильм Чаплиннің идеялық жағынан өсу эволюциясын айқындай түсті. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін пессимистік сарында “Месье Верду” (1947) фильмін жасады. 1952 жылы АҚШ-та қойылған соңғы фильмі “Рампа оттары” кинокартинасында адамның асқақ сезімдерін паш етті. Реакциялық топтардың қудалауына ұшыраған Чаплин отбасымен Веве қаласынана (Швейцария) қоныс аударды.

Англияда “Король Нью-Йоркте” (1957) және “Гонконгтен келген граф әйелі” (1967) атты сатиралық-романтикалық кинокартиналарын қойып, суреткерлік дарын табиғатының жаңа бір қырын танытты. Оның шығарм. АҚШ-тың реалистік кино өнерінің қалыптасуына игі ықпал жасаумен қатар, дүниежүз. кинокомедияның дамуына да мол үлес қосты. 1954 жылы Халықар. Бейбітшілік сыйлығын алды.

Фильмографиясы

Толықметражды фильмдер

ЖылАтауыАғылшынша атауыӨзге аттарыҚызметі
1914«Бүлінген Романтика»Tillie's Punctured RomanceFor the Love of Tillie / Marie's Millions / Tillie's Big Romance / Tillie's Nightmareактер
1917«Тыныш көше»Easy Streetактер
1918«Иттің өмірі»A Dog's Lifeактер
1921«Бала»The Kidпродюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1923«Париждік әйел»A Woman of Parisпродюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1925Алтын қазуThe Gold Rushпродюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1926Теңіз әйеліA Woman of the Seaпродюсер
1928ЦирктеThe Circusпродюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер
1928Жұртқа көрсетуShow People
1931Қала жарығыCity LightsCity Lights: A Comedy Romance in Pantomimeпродюсер, режиссер, сценарист, актер, монтажер, композитор
1936Жаңа уақытModern TimesThe Massesпродюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1940Ұлы ДиктаторThe Great DictatorThe Dictatorпродюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1947Месье ВердуMonsieur VerdouxA Comedy of Murders / The Ladykillerпродюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1947Өзегі жарқынLimelightпродюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1957Нью-Йорктегі патшаA King in New Yorkпродюсер, режиссер, сценарист, актер, композитор
1967Гонконгтен келген ГрафиняA Countess From Hong Kongпродюсер, режиссер, сценарист, актер (камео), композитор

Қысқа метражды фильмдер

«Keystone» студиясының фильмдері

ЖылАтауыАғылшынша атауыБасқа аттары
1914Making a LivingA Busted Johnny / Troubles / Doing His Best / Take My Picture
1914Kid Auto Races at VeniceThe Children’s Automobile Race / Kid’s Auto Race / The Pest
1914Mabel’s Strange PredicamentHotel Mixup / Pajamas
1914Between ShowersCharlie and the Umbrella / The Flirts / Between Shaves / In Wrong Thunder and Lightning / A Rainy Day
1914A Film JohnnieCharlie at the Studio / Charlie the Actor / Film Johnny / Million Dollar Job / Movie Nut
1914Tango TanglesCharlie’s Recreation / Music Hall
1914His Favorite PastimeThe Bonehead / Charlie Is Thirsty / Charlie’s Reckless Fling / The Reckless Fling
1914Cruel, Cruel LoveLord Helpus
1914The Star BoarderThe Fatal Lantern / The Hash-House Hero / In Love with His Landlady / The Landlady’s Pet
1914Mabel at the WheelHis Daredevil Queen / A Hot Finish
1914Twenty Minutes of LoveCops and Watches / He Loves Her So / Love-Friend
1914Caught in а CabaretCharlie the Waiter / Faking with Society / Jazz Waiter / Prime Minister Charlie / The Waiter
1914Caught in the RainAt It Again / In the Park / Who Got Stung?
1914Қарбалас күнA Busy DayBusy as Can Be / Lady Charlie / Militant Suffragette
1914The Fatal MalletHit Him Again / The Pile Driver / The Rival Suitors
1914Her Friend the BanditMabel’s Flirtation / A Thief Catcher
1914НокаутThe KnockoutCounted Out / The Pugilist
1914Mabel’s Busy DayCharlie and the Sausages / Hot Dog Charlie / Hot Dogs / Love and Lunch
1914Mabel’s Married LifeThe Squarehead / When You’re Married
1914Laughing GasBusy Little Dentist / The Dentist / Down and Out / Laffing Gas / Tuning His Ivories
1914The Property ManCharlie on the Boards / Getting His Goat / Props / The Rustabout / Vamping Venus
1914The Face on the Bar Room FloorThe Ham Actor / The Ham Artist
1914RecreationSpring Fever
1914The MasqueraderThe Female Impersonator / The Female / The Perfumed Lady / The Picnic / Putting One Over
1914His New ProfessionThe Good for Nothing / Helping Himself
1914The RoundersGoing Down / The Love Thief / Oh, What а Night / Revelry / Tip, Tap, Toe / Two of а Kind
1914The New JanitorThe Blundering Boob / The New Porter / The Porter
1914Those Love PangsBusted Hearts / Oh, You Girls / The Rival Mashers
1914Dough and DynamiteThe Cook / The Doughnut Designer / The New Cook
1914Gentlemen of NerveCharlie at the Races / Some Nerve
1914His Musical CareerCharlie as а Piano Mover / Musical Tramps / The Piano Movers
1914His Trysting PlaceFamily Home / Family House / The Henpecked Spouse / His Trysting Places / The Ladies Man / Very Much Married
1914Getting AcquaintedExchange Is No Robbery / A Fair Exchange / Hello Everybody
1914His Prehistoric PastThe Caveman / A Dream / The Hula-Hula Dance / King Charlie

«Essenay» студиясының фильмдері

ЖылАтауыАғылшынша атауыБасқа аттары
1915His New JobCharlie’s New Job
1915A Night OutChampagne Charlie / Charlie’s Drunken Daze / Charlie’s Night Out / His Night Out
1915ЧемпионThe ChampionBattling Charlie / Champion Charlie / Charlie the Champion
1915БақшадаIn the ParkCharlie in the Park / Charlie on the Spree
1915A Jitney ElopementCharlie’s Elopement / Married in Haste
1915ҚаңғыбасThe TrampCharlie on the Farm / Charlie the Hobo / Charlie the Tramp
1915By the SeaCharlie by the Sea / Charlie’s Day Out
1915ЖұмысWorkCharlie at Work / Charlie the Decorator / Only а Working Man / The Paperhanger / The Plumber
1915ӘйелA WomanCharlie the Perfect Lady / The Perfect Lady
1915БанкThe BankCharlie Detective / Charlie at the Bank / Charlie in the Bank
1915ShanghaiedCharlie Shanghaied / Charlie on the Ocean / Charlie the Sailor
1915A Night in the ShowCharlie at the Show / A Night at the Show
1915Charlie Chaplin’s Burlesque on CarmenBurlesque on Carmen
1916СақшыPoliceCharlie in the Police / Charlie the Burglar / Housebreaker
1916The Essanay-Chaplin RevueThe Chaplin Revue of 1916
1918Triple TroubleCharlie’s Triple Trouble

«Mutual» студиясының фильмдері

ЖылАтауыАғылшынша атауыБасқа аттары
1916ШарлаушыThe FloorwalkerShop / The Store
1916Өрт сөндірушіThe FiremanThe Fiery Circle / A Gallant Fireman
1916СергелдеңThe VagabondGipsy Life
1916Бір тәңертеңOne A.M.Solo
1916ГрафThe CountAlmost а Gentleman
1916ЛомбардThe PawnshopAt the Sign of the Dollar / High and Low Finance
1916Экран артындаBehind the ScreenThe Pride of Hollywood
1916СырғанақThe RinkRolling Around / Waiter
1917Тыныш көшеEasy Street
1917ЕмThe CureThe Water Cure
1917ИммигрантThe ImmigrantBroke / Hello U.S.A. / A Modern Columbus / The New World
1917ТәуекелшіThe Adventurer

Эпизоттық рөлдері

ЖылАтауыАғылшынша атауыРөл
1915Қайта туылуHis Regeneration
1921БұрағышThe Nut
1923Рухын сатуSouls For Sale
1923ГолливудHollywood

Дереккөздер


Әдебиеттер

  • Стефен Вейсман. Чарли Чаплин: История великого комика немого кино — Мәскеу: ЭКСМО, 2010. — ISBN 978-5-699-40883-2.
  • Лита Грей Чаплин. Моя жизнь с Чаплином: Интимные воспоминания — Мәскеу: «Альпина Нон-фикшн», 2009. — ISBN 978-5-9167-1037-3.
  • Чаплин Ч. С. Моя биография. Ағылш. аудару З. Гинзбург. — М.: «Вагриус», 2000. — 520 с. ISBN 5-264-00127-8.
  • Кукаркин А. В. Чарли Чаплин. 2-е изд., дораб. и доп. — М.: «Искусство», 1988. — 287 с.
  • Садуль Ж. Чарли Чаплин. Пер. с франц. — М.: «Искусство», 1981. — 209 с.

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Charlie Chaplin