Эбола ауруы

Эбола ауруы (EVD) немесе Эбола геморрагикалық лихорадкасы (EHF), эболавирус себепші болатын адамдар мен приматтардың ауруы. Аурудың алғашқы белгілері екі күннен үш аптаға дейінгі аралықта көрінеді. Бұлшықет пен бас ауруымен бірге жүретін қызба (лихорадка). Әдетте диарея, құсу басталып, бауыр мен бүйректері істен шығады. Осы уақытта науқастың ағзасында іштей және сыртта қан ағу басталады.[1] Вирус жұқпалы жануар немесе науқас адамның сұйықтығы арқылы беріледі. Табиға ортада ауа арқылы таралу жағдайы тіркелмеген.[2] Өсімдік жарқанаттары арқылы таралады, бірақ оларға аурудың вирустары әсер етпейді.

Эбола белгілері.[3]

Ауруды емдейтін арнайы ем әзірге жоқ.[1] Әзірге науқас адамдарды емдеуде регидрацилялық терапия және ағзаға керекті қоректерді жүйе құю пайдаланылады.[1] Аурудың қауіптілік деңгейі жоғары, науқастардың 50% мен 90% аралығында қайтыс болады.[4] Ебола ауруы алғаш рет Судан (қазіргі Оңтүстік Судан) мен Конгода тіркелген.[1]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер