Қарақұрт (шоқжұлдыз)
Қарақұрт – батпайтын шоқжұлдыздардың бірі. Оның аспандағы көрінісі – тарбиып тұрған, нақ қарақұрттың өзі. 1948 жылы шоқжұлдыздан өте жарық кеңістік радиосәулесі табылды. Оның атауы - «Кассиопея А». 1951 жылы осы аумақтан өзі әлсіз ғана жарық шашып, секундына 8 км жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан шүйке-талшықты тұмандық ашылған.
Қарақұрт (Кассиопея) | |
лат. Cassiopeia (і. с. Cassiopeiae) | |
Қысқартылуы | Cas |
---|---|
Символы | Қарақұрт (Тақта отырған патшайым) |
Тура көтерілуі | 22h 52m бастап 3h 25m дейін |
Еңістігі | +46° бастап +77° дейін |
Ауданы | 598 кв. градус |
Ендіктерде көрінуі | +90° бастап −13° дейін |
Ең жарық жұлдыздары (көрінерлік жұлдыздық шама < 3m) | |
| |
Метеор ағындары | |
жоқ | |
Көршілес шоқжұлдыздар | |
Жұлдыздар
Шоқжұлдыз құрамындағы γ және ρ жұлдыздарының табиғаты ерекше. γ жұлдызы 1937 жылда, Қарақұрттағы ең жарық жұлдыз саналған болатын. Алайда, оның өзгеруін ғалымдар, осы жұлдыздың ішінде жарылыс болып, атмосферасы жайылып, бір бөлігі кеңістікке таралғанымен түсіндіреді. Ал ρ жұлдызының жарығы құбылмалы: негізінен жұлдыз сияқты жарқырап, кенеттен күрт әлсіреп, көмескіленіп барып, көрінбей кетеді. Сонымен қатар, η жұлдызы әп-әдемі қос жұлдыз болып көз тартады. Түсі – алып жұлдызға жататын, сарғыш. Серігі – қызыл түсті кішкене жұлдыз. Жұлдыздың беткі температурасы 3000 градус. Айта кетсек, μ жұлдызы бізден 1 секундта 100 км жылдамдықпен алыстап кетеді. γ, ρ , η , μ , жұлдыздарын байқау үшін телескопты қолданады.