0 (сан)

0 (ноль) — теріс сандар менен оң сандар арасындағы, және оларды тең бөлуші сан. НӨЛ (лат. nullus – ешқандай) – сандар осін терс және оң сандарға бөлетін бүтін сан. Кез келген нақты санға нөлді қосқанда сол санды өзгертпейтін қасиеті бар сан. Ол 0 символымен беріледі. Кез келген санның Н-ге көбейтіндісі Н-ге тең: a * 0=0 * a=0. Егер екі санның көбейтіндісі Н-ге тең болса, онда екі көбейткіштің ең болмағанда біреуі немесе екеуі де Н-ге тең. Санды Н-ге бөлу анықталмаған. Н. топ, сақина, өріс, т.б.-дың элементі ретінде де қолданылады. 0 саны математикада өте маңызды рөл атқарады, сондай ақ ақпараттық жүйеде де өте маңызды сан.

0
0 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9
Сан0
Ноль
Реттік саны0.
Сөздерде
0
Алғашқы ашылған нөлдік көрініс — 9 ғасыр, Үндістан

Қолданылуы

Математикада

  • Нөлдік Фибоначчи саны, нөлдік Мерсенн саны, нөлдік үшбұрыштық саны және т.б.
  • 0! (ноль факториал) 1-ге тең.
  • Ноль функциясы
  • Нөл - кері саны жоқ жалғыз ғана сан

Физикада

Абсолюттік нөлдік температура.

Басқа салалардан

  • ASCII NUL символының басқару коды
  • Нөлдік жыл юлиан және григориан календарында жоқ.
  • Нөлдік километр.

Компьютер пернетақтасында орналасуы

Сыртқы сілтемелер