Массачусетс технологиялық институты

(MIT бетінен бағытталды)

Массачусетс технологиялық институты (ағылш. Massachusetts Institute of Technology, MIT) — университет және зерттеу орталығы. АҚШ және әлемнің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының бірі. АҚШ мемлекеті, Массачусетс штатындағы Кембридж қаласында орналасқан.

Массачусетс технологиялық институты
Университет атауы
Шынайы атыMassachusetts Institute of Technology
Халықаралық атауыағылш. Massachusetts Institute of Technology
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы1861
ТүріУниверситет
Орналасуы
Орналасқан жері АҚШ Кембридж, Массачусетс
Әкімшілік
ПрезидентіРафаэль Райф
Негізгі көрсеткіштер
Оқытушылар2 980
Студенттер11,051
Бакалавриат4 299
Сайтыweb.mit.edu
Университеттің бас ғимараты

Массачусетс технологиялық институты әлемдегі атақты университеттерінің алғаш бестігіне кіреді[1]. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері елдегі ең таңдаулы болып саналады. Сонымен қатар университет менеджмент, экономика, лингвистика, саяси ғылымдар және философия салаларын оқытуымен танымал.

2018-жылғы деректер бойынша "Массачусетс Технологиялық Институты" әлемдегі университеттер қатарында бірінші орыннан көрінді. Ол Гарвард, Стэнфорд, Калифорния, Оксфорд, Кэмбридж университеттерін басып озды.

Салалары

  • Архитектура
  • Астрономия
  • Аэронавтика
  • Биология
  • Гуманитарлық ғылымдар
  • Денсаулық сақтау
  • Инженерия
  • Ақпараттық технологиялар
  • Математика
  • Менеджмент
  • Физика
  • Химия

Оқу бағасы, шәкіртақы

Университеттегі оқу бағасы бакалавриаттарға шамамен 43,000 доллар. Бостон қаласында орташа өмір сүру үшін айына 1500 доллар кетеді.Университ барлық талаптарға сай келетін студенттерге көбінде 49,892 доллар шәкіртақы бөледі. Бұл шәкіртақы оқу ақысы мен жатақхананы қоспағандағы төлем.

Университетке қабылдау шарттары

Университетке түсу үшін арнайы тестті өтіп, мәлімдемені жіберіп интервьюден өту керек. TOEFL немесе IELTS және SAT экзамендерін өту міндетті. TOEFL тесті бойынша минималды ұпай - 577 ұпай (қағаз нұсқасы), 90 ұпай-компьютерлік нұсқасы. SAT емтиханынан 1600-ден кемінде 1460 жинау міндетті. IELTS-тан кемінде 7 балл алу керек. Кейін абитуриент өзі туралы эссе жазады. Сонымен қатар, кандидатқа 3 кепілдемелік ,яғни, рекомендациялық хат қажет - 2-уі мұғалімдерден (жаратылыс және гуманитарлық ғылымдар) және мектеп психолыгынан. Соңында абитуриент сұхбаттасуға шақырылады. Сұхбат талапкер жайында және оның ынта-жігері мен болашаққа деген көзқарасы жайында болады. Осы кезеңдерден өткен абитуриент оқуға шақырылады.[2]

Галерея

Дереккөздер

🔥 Top keywords: Мәңгілік бала бейнеАбай ҚұнанбайұлыТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануШоқан Шыңғысұлы УәлихановТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҚазақстанБауыржан МомышұлыҚазақстан географиясыҒылыми-техникалық революцияСемей полигоныБасты бетҚазақстанның экологиялық проблемаларыҰлы Жібек жолыБактерияларЭкологиялық жүйеҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстандағы туризмБіріккен Ұлттар ҰйымыЖалпы Ұлттық ӨнімШанхай Ынтымақтастық ҰйымыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруПопуляцияШәкәрім ҚұдайбердіұлыМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіЖалпы ішкі өнімБесеудің хатыЕкінші дүниежүзілік соғысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыДамушы елдерХалықаралық ұйымдарЫбырай АлтынсаринЭкологиялық проблемаАрнайы:ІздеуБайқоңыр (ғарыш айлағы)Қаныш Имантайұлы СәтбаевВирустарТуризм