Антигуа және Барбуда

61°48′00″ б. б. / 17.08333° с. е. 61.80000° б. б. / 17.08333; -61.80000 (G) (O) (Я)

Антигуа және Барбуда (ағылш. Antigua and Barbuda [ænˌtiː.ɡə ænd bɑːˈbjuː.də]) — Орталық Америкадағы мемлекет. Аумағы Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі Кіші Антиль архипелагының Антигуа, Барбуда және Редонда аралдарын қамтиды. Жер көлемі 442,6 км², халқы 81,4 мың адам (1994).

Антигуа және Барбуда
ағылш. Antigua and Barbuda
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Each Endeavouring, All Achieving»
«Талпынатын, барлығына қол жеткізетін»
Әнұран: «Fair Antigua, We Salute Thee» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні1 қараша 1981 жыл (Британ империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліағылшын тілі
ЕлордаСент-Джонс
Ірі қаласыСент-Джонс
Үкімет түріУнитарлы парламенттік конституциялық монархия
Патшасы
Генерал-губернаторы
Премьер-министрі
III Чарльз
Родни Уильямс
Гастон Браун
Мемлекеттік дінізайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 182 орын
440 км²
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

100 963 адам (199)
81 799 адам
186 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

2,731 млрд. $
29,298[1] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,717 млрд. $
18,416[2] $
АДИ (2018) 0,780[3] (жоғары) (70)
ЭтнохоронимМемлекет және Антигуа аралы туралы болса антигуалықтар, Барбуда аралы туралы болса барбудалықтар
ВалютасыШығыс кариб доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.ag
ISO кодыATG
ХОК кодыANT
Телефон коды+1-268
Уақыт белдеулері-4

Мемлекеттік құрылысы — британ үлгісіндегі парламенті бар конституциялық монархия. Үкімет басшысы — премьер-министр. БҰҰ-ның және Ұлттар Достастығының мүшесі. Астанасы және негізгі порты — Сент-Джонс, онда 36 мың адам (1994) тұрады. Антигуа және Барбуда халқы негізінен арғы тегі африкалық зәңгілерден құралған.

Діни сенімі жағынан көпшілігі — протестанттар. Ресми тілі — ағылшын тілі.

Аралдардың климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1000-1500 мм. Ұлттық табыс көзі — қант құрағы мен мақта өсіру және туризм. Оңтүстігінде жиһаз, тоқыма, тұрмысқа қажетті электротехникалық бұйымдарын шығару ісі дамыған.

Тарихы

Антигуа аралын 1493 ж. Х.Колумб ашып, әуелі Испанияның, 1632 жылдан бастап Ұлыбританияның отарына айналды.

1940 ж. Англия аралдардың біраз бөлігін әскери-әуе және әскери-теңіз базасы етіп пайдалану үшін 99 жыл мерзімге АҚШ-қа берді. 1977 ж. Антигуа және Барбуда елдегі соғыс базаларын сақтау туралы АҚШ-пен келісімге қол қойды.

1967 ж. “Ұлыбританиямен ассоциацияланған мемлекет” статусын алды. 1974 жылдан Кариб қоғамдастығына мүше. 1981 ж. қарашаның 1-інде Антигуа және Барбуда тәуелсіз мемл. болып жарияланды.

Экономикасы

Антигуа және Барбудада қант құрағы мен мақта өсіріліп, шетке шығарылады. Ұлттық табыстың негізгі көзі — туризм. Басты порты Сент-Джонс ел экон-сының кәсіпкершілік орталығы болып саналады.

Дереккөздер