Библия

Библия, немесе Киелі Кітап (грек. τὰ βιβλία, tà biblía, «кітаптар»)[1], — христиан дінінің киелі, қасиетті делінген кітаптарының жиынтығы. Онда Құдай мен адамның байланысы түсіндіріліп, христиандар, яһудилер, самариялықтар және растафарилер айтылған. Библия екіге бөлінеді: яһудилер мен христиандарға ортақ Көне келісім (яһудилікте — Танах) және тек христиандар мойындайтын Жаңа келісім. Қазақша аудармаға сәйкес Киелі Кітап Тәурат, Пайғамбарлар Жазбалары (1-б.), Забур, Пайғамбарлар Жазбалары (2-б.) және Інжіл деп бөлінеді.[2] Көне келісім көне иврит тілінде жазылды, бірақ кейбір бөліктері арамей тілінде жазылған-ды, ал Жаңа келісім толығымен көнегрек тілінде (койне грекше түрінде) жазылды. XIII ғасырда Стефан Лэнгтон Киелі Кітапты бөлімдерге, ал XVI ғасырда Роберт Этьенн оны жолдарға бөлді.

Гутенберг басып шығарған Батыстағы ең алғашқы Киелі Кітап

Киелі Кітап әлемдегі ең сатылатын кітап, жыл сайын оның 100 миллион көшірмесі сатылады. Оның тағы басқа рекордтары да бар: ең көп шығарылатын кітап — жыл сайын 32 876 дана шығарылады; ең аударылған кітап — ол 2036 тілге аударылды; ең ұзақ жазылған және жиналған кітап — Киелі Кітап кітаптарының бірі Әйүп кітабы б.з.б. 1521 жылы жазылса, Жохан аяны б.з. 96 жылы жазылды; авторлары ең көп кітап — ресми деректер бойынша кітапты 31 автор жазды[3];

Киелі Кітаптағы кітаптар саны христиандық тармақтарда әртүрлі: протестантизмде — 66, католицизмде — 73, православиеде — 77, ал Эфиоптық православ шіркеуінде — 81.

Киелі кітаптардың тізімі

Қазақша атауыГрекше атауыАвтор(-лар)ыҚұрылымы
Көне келісім (гр. Πεντάτευχος)

Тәурат (гр. Πεντάτευχος)
1ЖаратылымΓένεσιςМұса50 бөлім
2Мысырдан көшіп шығуἜξοδοςМұса40 бөлім
3ЛеуіліктерΛευϊτικόνМұса27 бөлім
4Руларды санауἈριθμοίМұса36 бөлім
5Заңды қайталауΔευτερονόμιονМұса мен Ешуа34 бөлім
Пайғамбарлар Жазбалары (1-б.) (гр. Ιστορικά βιβλία)
6ЕшуаἸησοῦςЕшуа24 бөлім
7БилерΚριταὶСамуил21 бөлім
8РутΡοὺθСамуил4 бөлім
9Патшалықтар туралы 1-ші жазбаΒασιλειων Α΄Самуил31 бөлім
10Патшалықтар туралы 2-ші жазбаΒασιλειων Β΄Самуил24 бөлім
11Патшалықтар туралы 3-ші жазбаΒασιλειων Γ΄Самуил мен Еремия22 бөлім
12Патшалықтар туралы 4-ші жазбаΒασιλειων Δ΄Еремия25 бөлім
13Шежірелердің 1-ші жазбасыΠαραλειπομένων Α΄Езра29 бөлім
14Шежірелердің 2-ші жазбасыΠαραλειπομένων Β΄Езра36 бөлім
15ЕзраἚσδραςЕзра10 бөлім
16НехемияΝεεμιαςНехемия13 бөлім
17ЕстерἘσθὴρЕзра10 бөлім
18ӘйүпἸῶβМұса42 бөлім
Забур (гр. Σοφία βιβλία)
19Забур жырларыΨαλμοὶДәуіт150 жыр
20Нақыл сөздерΠαροιμιαιСүлеймен31 бөлім
21УағыздаушыἘκκλησιαστὴςСүлеймен12 бөлім
22Сүлейменнің таңдаулы әніᾎσμαСүлеймен8 бөлім
Пайғамбарлар Жазбалары (2-б.) (гр. Σημαντικές προφήτες)
23ИшаяἨσαΐαςИшая66 бөлім
24ЕремияΙερεμίαςЕремия52 бөлім
25ЖоқтауΘρῆνοιЕремия5 бөлім
26ЕзекиелἸεζεκιὴλЕзекиел48 бөлім
27ДаниялΔανιὴλДаниял12 бөлім
28ОшияὩσηὲОшия14 бөлім
29ЖоелἸωὴλЖоел3 бөлім
30АмосἈμὼςАмос9 бөлім
31АбдиἈβδιοὺАбди1 бөлім
32ЖүнісἸωνᾶςЖүніс4 бөлім
33МихаΜιχαίαςМиха7 бөлім
34НахумΝαοὺμНахум3 бөлім
35ХабаққұқΑμβακοὺμХабаққұқ3 бөлім
36СофонияΣοφονίαςСофония3 бөлім
37ХаггайἉγγαῖοςХаггай1 бөлім
38ЗәкәрияΖαχαρίαςЗәкәрия14 бөлім
39МалахияΜαλαχίαςМалахия4 бөлім
Жаңа келісім (гр. Καινή Διαθήκη)

Інжіл Шариф (гр. Τα τέσσερα Ευαγγέλια)
40Матай жазған Ізгі хабарыΚατά ΜατθαίονМатай28 бөлім
41Марқа жазған Ізгі хабарыΚατά ΜάρκονМарқа16 бөлім
42Лұқа жазған Ізгі хабарыΚατά ΛουκάνЛұқа24 бөлім
43Жохан жазған Ізгі хабарыΚατά ΙωάννηνЖохан21 бөлім
44Елшілердің істеріΠράξεις τῶν ἈποστόλωνЛұқа28 бөлім
45Римдіктерге арналған хатΕπιστολή προς ΡωμαίουςПауыл16 бөлім
46Қорынттықтарға арналған 1-ші хатΑ΄ Επιστολή προς ΚορινθίουςПауыл16 бөлім
47Қорынттықтарға арналған 2-ші хатΒ΄ Επιστολή προς ΚορινθίουςПауыл13 бөлім
48Ғалаттықтарға арналған хатΕπιστολή προς ΓαλάτεςПауыл6 бөлім
49Ефестіктерге арналған хатΕπιστολή προς ΕφεσίουςПауыл6 бөлім
50Філіпіліктерге арналған хатΕπιστολή προς ΦιλιππησίουςПауыл4 бөлім
51Қолостықтарға арналған хатΕπιστολή προς ΚολοσσαείςПауыл4 бөлім
52Салоникалықтарға арналған 1-ші хатΑ΄ Επιστολή προς ΘεσσαλονικείςПауыл5 бөлім
53Салоникалықтарға арналған 2-ші хатΒ΄ Επιστολή προς ΘεσσαλονικείςПауыл3 бөлім
54Тімотеге арналған 1-ші хатΑ΄ Επιστολή προς ΤιμόθεονПауыл6 бөлім
55Тімотеге арналған 2-ші хатΒ΄ Επιστολή προς ΤιμόθεονПауыл4 бөлім
56Титке арналған хатΕπιστολή προς ΤίτονПауыл3 бөлім
57Філимонға арналған хатΕπιστολή προς ΦιλήμοναПауыл1 бөлім
58Еврейлерге арналған хатΕπιστολή προς ΕβραίουςПауыл13 бөлім
59Жақыптың хатыΕπιστολή ΙακώβουЖақып5 бөлім
60Петірдің 1-ші хатыΑ΄ Επιστολή ΠέτρουПетір5 бөлім
61Петірдің 2-ші хатыΒ΄ Επιστολή ΠέτρουПетір3 бөлім
62Жоханның 1-ші хатыΑ΄ Επιστολή ΙωάννουЖохан5 бөлім
63Жоханның 2-ші хатыΒ΄ Επιστολή ΙωάννουЖохан1 бөлім
64Жоханның 3-ші хатыΓ΄ Επιστολή ΙωάννουЖохан1 бөлім
65Яһуданың хатыΕπιστολή ΙούδαЯһуда1 бөлім
66Жохан аяныΑποκάλυψη του ΙωάννηЖохан22 бөлім

Басқа діндерде

Яһудилер Көне келісімнің тек 39 канондық кітабын Танах кітаптары ретінде мойындайды.

Мұсылмандар Тәуратты, Забурды және Інжілді Алла Тағаланың сөздері деп санайды, бірақ олар Киелі Кітап құрамына бұрмаланып кірген деп есептейді.

Тағы қараңыз

Дереккөздер