Сүлеймен пайғамбар

Сүлеймен (кейде "Сүлеймен пайғамбар", кейде Соломон, ағылш. Solomon, /ˈsɒləmən/; ивр. שְׁלֹמֹה‎, Shlomo, араб.: سليمانSulaymān; гр. Σολομών Solomōn) – Тәурат пен Інжіл бойынша, Израиль Біріккен Патшалығының патшасы болған, ол Дәуіт патшаның ұлы.[3] Зерттеулер бойынша оның патшалығы шамамен бзд. 970-931 жж. аралығында өмір сүрген. Ол өлген соң патшалығы тез ыдырап, солтүстік Израиль патшалығы мен Оңтүстік Иудей патшалығына бөлініп кетеді. Оның ұрпақтары Иудейді жалғасты билейді делінеді.[4]

Сүлеймен
שְׁלֹמֹה
Сүлеймен патша, Изариль патшасы (1500) Педро Берругете
Израиль патшасы
Тақта отыру жылдары970–931 бзд.
ІзашарыДәуіт
ІзбасарыРовоам
ЖұбайыНаамаһ (Сүлейменнің әйелі)
Перғауынның қызы
700 ханша әйелі, 300 күңі болған[1][2]
Issue
ӘкесіДәуіт
АнасыБатшева
Туған күні990 бзд.
Иерусалим, Израиль патшалығы
Қайтыс болған күні931 бзд. (58–59 жас)
Иерусалим
Жерлеу рәсіміИерусалим
Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам Ыдырыс
Нұх Һұд Салық
ИбраһимЛұт
ЫсмайылЫсқақ
ЖақыпЖүсіп
Әйюб
Шұғайб Мұса Һарұн
Зул-Кифл Дәуіт Сүлеймен Ілияс
Әл-Йаса Жүніс
Зәкәрия Жақия
Иса
Мұхаммед

Талмуд бойынша, Сүлеймен 48 еврей пайғамбарының бірі.[5] Құран бойынша, ол маңызды пайғамбар болып, Сүлеймен ибн Дәуіт (Дәуіттің ұлы сүлеймен) деп атаған.

Тәурат бойынша, ол Иерусалимдегі алғашқы діни орныды салған екен.[3] Ол өте бай патша болған, сондықтан ол еврей Құдайы Иахуеге арнап ғибадатхана орнатады.[6] Оны еврейлер және өте ақылды болған деп те сипаттайды.

ОЛ туралы көптеген аңыздар бар. Інжілде оны Исаның ұстазы болуға лайық десе,[7][8] басқа жазбаларда оның сиқыршы және жын шақыратын бақсы болғаны туралы деректер бар. Антикалық дәуірде Сүлейменнің атындағы дұғалар мен тұмаршалар болған екен.[9]

Таурат бойынша

Сүлейменнің өмірі алдымен Таураттағы "Самуил", "Патшалар" және "Шежірелер" кітабтарында суреттеледі. Оның есімі екі мағынада: "бейбітшілік" және "Құдайдың досы" дегенді білдіреді, екеуі де "оның патшалығының сипаты" деп саналады.[10]

Хронологиясы

Сүлеймен билік құрған келісімді уақыт - бзд. 970-931 жж. Інжіл хронологиясынан алынған.[11] Сүлеймен патша шыққан Дәуіт әулетінің хронологиясын Вавилон және Ассирия жазбалары арқылы тексеруге болады. Ескі өсиет профессоры Эдвин Р. Тиеле (Edwin R. Thiele) көп қолданатын хронологияға сәйкес, Сүлейменнің өлімі және оның патшалығының бөлінуі бзд. 931 жылдың көктемінде орын алған.[12]

Балалық шағы

Сүлеймен Дәуіт пен оның әйелі Батшебаның екінші ұлы ретінде Иерусалимде дүниеге келеді.[13] Батшаба әуелде Хеттік Ұрияһтың әйелі болған. Дәуіт Ұрияһты алыс сапарға жіберіп, оның әйелі Батышабаны аздырады, сөйтіп зинақорлықтан олардың бірінші баласы дүниеге келеді. Дауіт Ұрияһтың өліміне себеп болғандықтан, бірінші баласы өледі. Сосын Дәуіт Батшебаны көп әйелінің бірі етеді. Сөйтіп одан тағы екінші баласы Сүлеймен дүниеге келеді. Сүлейменнен кейін Батшеба тағы үш ұл табады: Натһан, Шаммуа және Шобаб.[14] Сүлейменнің басқа өгей шешелерінен туған тағы алты ағасы болған екен.[15]

Библия әңгімелері бойынша, Сүлеймен Батшебамен Дәуіттің азғындық қарым-қатынасына байланысты Құдай мен Дәуіт арасындағы бейбітшілікті сақтау ретінде өмірге келді делінеді.[16][17]

Дереккөздер