Исландия Ұлттық футбол құрамасы


Исландия Ұлттық футбол құрамасы — Халықаралық футбол жарыстарында Исландияның намысын қорғайтын ұлттық құрама. Басқарушы орган - Исландия футбол қауымдастығы. УЕФА және ФИФА лигаларының мүшесі. Олар 2018 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан құрама.

Исландия Исландия
Логотип
Лақап аты

біздің жігіттер (исл. Strákarnir okkar)[1]

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Исландия Футбол қауымдастығы

Бас бапкері

Исландия Хеймир Хадльгримссон

Капитаны

Арон Гуннарссон

Ең көп
ойын саны

Рунар Кристинссон (104)

Үздік
бомбардир

Эйдур Гудьонсен (26)

Үй стадионы

Лаугардалсвёллур

ФИФА рейтингі

22 (-4) (12 сәуір 2018)

ФИФА коды

ISL

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Бейресми
Фарер аралдары Фарерлер 0:1 Исландия Исландия
(Фарер аралдары; 29 маусым 1930)
Ресми
 Исландия 0:3 Дания Дания
(Рейкьявик, Исландия; 17 шілде 1946)

Бейресми
 Исландия 9:0 Фарер аралдары Фарер аралдары
(Кеблавик, Исландия; 10 шілде 1985)
Ресми
 Исландия 5:0 Мальта Мальта
(Рейкьявик, Исландия; 27 шілде 2000)

 Дания 14:2 Исландия Исландия
(Копенгаген, Дания; 23 тамыз 1967)

Ірі турнирлерде

2016 жылғы Еуропа чемпионатында Португалия, Венгрия, Аустрия құрамаларымен бір топқа түсті. Болашақ Еуропа чемпиондары Португалиямен 1:1 есебімен тең ойнады. Сосын дәл осындай есеппен венгрлермен тең түсті. Соңғы турда Аустрия құрамасын 2:1 есебімен ұтып, 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда Англия құрамасын ұтып кетті. Бірақ ширек финалда алаң иелері француздардан 2:5 есебімен ойсырай ұтылды.

2018 жылғы әлемдік доданың іріктеуінде 10 ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, Хорватия, Украина, Түркия құрамаларын артқа тастап, тарихта тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Финалдық турнирде Аргентина, Нигерия, Хорватия құрамаларымен бір топқа түсті.

Құрама жайлы фактілер

  • 2017 жылы қазан айында ФИФА рейтингісінде 10 орынға көтерілді.
  • Қазіргі бас бапкері - Хельмир Хальдгримссон
  • Құрама сапында ең көп ойын өткізген ойыншы - Рунар Кристинссон (104)
  • Құрама сапында ең көп гол соққан ойыншы - Эйдур Гудьонсен (29)
  • Алғашқы матчын 1930 жылы 29 шілдеде сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.
  • 1996 жылы 24 сәуірде Исландия құрамасы Эстониямен жолдастық кездесу өткізді. Ойын барысында 17 жасар Эйдур Гудьонсен өз әкесінің орнына алаңға шықты. Бұл ойын Эйдур Гудьонсенның құрама сапындағы алғашқы ойыны еді.

Құрамы

2018 жылғы әлем біріншілігі қарсаңындағы құрамы.

ФутболшыКлубТуған күні
Қақпашы
Ханнес Халльдоурссон Раннерс27 сәуір 1984
Рунар Рунарссон Норшелланн18 ақпан 1995
Фредерик Шрам Роскилле19 қаңтар 1995
Қорғаушылар
Биркир Мар Севарссон Валюр11 қараша 1984
Рагнар Сигурдссон Ростов19 маусым 1986
Кари Арнасон Абердин13 қазан 1982
Ари Фрейр Скуласон Локерен14 мамыр 1987
Сверрир Ингасон Ростов5 тамыз 1993
Хёрдур Магнуссон Бристоль Сити11 ақпан 1993
Самюэль Фридйонссон Волеренга22 ақпан 1996
Хольмар Эйольфссон Левски6 тамыз 1990
Жартылай қорғаушылар
Арон Гуннарссон (к) Кардифф Сити22 сәуір 1989
Гильфи Сигурдссон Эвертон8 қыркүйек 1989
Эмиль Хадльвредссон Удинезе29 маусым 1984
Биркир Бьяднасон Астон Вилла27 мамыр 1988
Йоханн Берг Гудмундссон Бернли27 қазан 1990
Олафур Скуласон Карабюкспор1 сәуір 1983
Арнор Траустасон Мальмё30 сәуір 1993
Рюрик Гисласон Зандхаузен25 ақпан 1988
Шабуылшылар
Альвред Финнбогасон Аугсбург1 ақпан 1989
Йоун Дади Бёдварссон Рединг25 мамыр 1992
Бьёрн Бергманн Сигурдарсон Ростов26 ақпан 1991
Альберт Гюдмюндссон ПСВ15 маусым 1997
Бас бапкер
Хеймир Хадльгримссон10 маусым 1967

Дереккөздер