Коста-Рика Ұлттық футбол құрамасы

Коста-Рика Ұлттық құрама командасы, лақап аты "Лос Тикос" — Коста-Риканың ұлттық құрамасы. КОНКАКАФ-қа кіретін құрамалар ішіндегі Мексика және АҚШ-тан кейінгі күшті құрама.

Коста-Рика Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

Los Ticos

Конфедерация

КОНКАКАФ

Федерация

Коста-Рика футбол федерациясы

Бас бапкері

Коста-Рика Оскар Рамирес

Капитаны

Брайан Руис

Ең көп
ойын саны

Вальтер Сентено (137)

Үздік
бомбардир

Роландо Фонсека (47)

ФИФА рейтингі

26 (-7) (6 шілде 2017)[1]

ФИФА коды

CRC

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Коста-Рика Коста-Рика 7:0 Сальвадор Сальвадор
(Гватемала; 14 қыркүйек 1921)

Коста-Рика Коста-Рика 12:0 Пуэрто-Рико Пуэрто-Рико
(Барранкилья, Колумбия; 10 желтоқсан 1946)

 Мексика 7:0 Коста-Рика Коста-Рика
(Мехико, Мексика; 17 тамыз 1975)

Тарихы

Коста-Рика футболдың ұзақ мәдениеті мен дәстүріне ие. Ұлттық құрама алғашқы ойынын Орталық Американың тәуелсіздігінің 100 жылдығына арналған чемпионатта 1921 ж. қыркүйекте өткізді. Жарыстағы алғашқы ойынында Сальвадор құрамасын 7-0 есебімен жеңді. Финалда Гватемала құрамасынан 6-0 есебімен жеңілді.[2]

Әлем чемпионатына тұңғыш рет 1990 жылы қатысты. Топтық турнирде Бразилиядан ғана ұтылып (0:1), қалған екі қарсыласын (Швеция мен Шотландияны) тізе бүктіріп 1/8 финалға жолдама алды. Аталмыш раундта 1:4 есебімен Чехословакиядан ұтылып қалды.

2002, 2006 жылдарғы әлем чемпионатында топтық турнирден өте алмады. Ал 2014 жылы Италия, Англия, Уругвайлармен өлім тобына түскеніне қарамастан бір матчта да ұтылмады. Әуелі 0:1 есебімен ұтылып тұрып, 3:1 есебімен Уругвайды тізе бүктірді. Екінші турда Италияның өзі қапы қалды — 1:0. Соңғы турда Англиямен ұпай бөлісті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. 1/8 финалда пенальтилер арқылы Грекияны қапы қалдырды да, өз тарихтарында бірінші рет 1/4 финалға шықты. Бұл кезеңде Нидерланд құрамасымен 120 минут бойы айқасты, есеп ашылмады. Пенальтилер сериясында еуропалықтардың жолы болды.

Жетістіктері

  • КОНКАКАФ Алтын кубогы жеңімпазы: 1963. 1969. 1989
  • КОНКАКАФ Алтын кубогының финалисі: 2002

Құрама ойыншылары

2018 жылғы әлем чемпионатындағы құрамы

АтыклубТуған жылы, күні
Қақпашылар
1Кейлор НавасРеал Мадрид15 желтоқсан 1986
18Патрик ПембертонАлахуэленсе24 сәуір 1982
23Леонель МорейраЭредиано4 сәуір 1990
Қорғаушылар
2Джонни АкостаРионегро Агилас21 шілде 1983
3Джанкарло ГонсалесБолонья8 ақпан 1988
4Ян СмитНоррчёпинг6 наурыз 1998
6Оскар ДуартеЭспаньол3 маусым 1989
8Брайан ОвьедоСандерленд18 ақпан 1990
15Франсиско КальвоМиннесота Юнайтед8 шілде 1992
16Кристиан ГамбоаСелтик24 қазан 1989
19Кендалл УостонВанкувер Уайткэпс1 қаңтар 1988
22Рональд МатариттаНью-Йорк Сити9 шілде 1994
Жартылай қорғаушылар
5Сельсо БорхесДепортиво27 мамыр 1988
13Родни УолласНью-Йорк Сити17 маусым 1988
14Рэндалл АсофейфаЭредиано30 желтоқсан 1984
17Ельцин ТехедаЛозанна17 наурыз 1992
20Давид ГусманПортленд Тимберс18 ақпан 1990
Шабуылшылар
7Кристиан БоланьосСаприсса17 мамыр 1984
9Даниэль КолиндресСаприсса10 қаңтар 1985
10Брайан РуисСпортинг (Лиссабон)18 тамыз 1985
11Джохан ВенегасСаприсса27 қараша 1988
12Жоэль КэмпбеллРеал Бетис26 маусым 1992
21Маркос УреньяЛос-Анджелес5 наурыз 1990
Бапкер
Оскар Рамирес8 желтоқсан 1964

Дереккөздер

Сілтемелер