Мехико

Мехико (ис. Ciudad de México, Үлгі:Lang-nah) — федералды округі мен Мексиканың саяси астанасы, экономикалық, өндірістік және мәдени орталығы. Әлемдегі Токио мен Сеулден кейінгі үшінші ірі қалалық англомерация; БҰҰ WUP2003 есебі бойынша оның аумағында 19,72 млн жұрт тұрады.

Қала
Мехико
ис. Ciudad de México
Үлгі:Lang-nah
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Мексика

Статусы

Астана

Федералдық округ

Федералдық астаналық округ

Ішкі бөлінісі

16 аудан

Үкімет басшысы

Хосе Рамон Аиева

Тарихы мен географиясы
Координаттары

19°25′10″ с. е. 99°08′44″ б. б. / 19.41944° с. е. 99.14556° б. б. / 19.41944; -99.14556 (G) (O) (Я) 99°08′44″ б. б. / 19.41944° с. е. 99.14556° б. б. / 19.41944; -99.14556 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1325

Қала статусы

1660

Жер аумағы

1680 км²

Орталығының биiктігі

2240 м

Тұрғындары
Тұрғыны

8 918 653[1] адам (2016)

Тығыздығы

5 904,66 адам/км²

Агломерация

21,2 млн[2]

Конфессиялар

Католиктер (90,5 %), протестанттар мен евангелисттер (3,6 %), басқа христиандар (1,3 %), иудеилер (0,2 %), басқа діндер (0,8 %), атеисттер мен агностиктер (2,9 %).

Этнохороним

мехиколық

Ресми тілі

Испан тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

55

Пошта индекстері

01000, 16999

Басқалары
ISO 3166

MX-DIF

webarchive.loc.gov/all/20020808031049/http://www.df.gob.mx/  (исп.)

Мехико картада
Мехико
Мехико

Ацтек соғыс құдайы Мехитли құрметіне аталған.

Географиясы және климаты

Мехико қаласы Мекиканың дәл орталығында орналасқан. Қала Мексика таулы өлкесінде орналасып, барлық жағынан таулармен қоршалған. Теңіз деңгейінен 2240 м биіктікте орналасқан.

Қала аспанында жыл бойы смог болады. Жиі болып тұратын жер сілкіністеріне қала тұрғындары үйреніп қалған. Ең ірі жер сілкінісі 1985 жылы 19 қыркүйекте 7сағат 19 минутта тіркелген. Бұл табиғи опаттың арқасында 100 метрлік теледидар мұнарасы құлап, 10 мыңнан астам қала тұрғындары қайтыс болған.

Климаты - субропикалық, қаңтардағы орта температура +12 °C, шілдеде — +17 °C. Жылғы орта жауын-шашын мөлшері  — 750 мм.

Қаланың мәдени маңызы

Көркем өнерлер сарайы

Мекико қаласының ішкі жалпы өнімі 2008 жылы $390 млрд АҚШ $ құрап, әлемдегі сегізінші бай қала болып табылады.[3] Мексико қаласы Мексиконың ІЖӨ 21% өндірсе, ал мегаполис ретінде 34% өндіреді.[4]

Мехиконы жиі сәулет ескерткіштері мен мұражайлар қаласы деп атайды. Шыныменде, ескерткіштері мен өзіндік ерекше ғимараттар саны (Мехикода олардың саны 1400) бойынша Мексика астанасымен еш басқа қаланы салыстыруға болмайды. Мехико аумағында сонымен қатар 10 археологияллық бақ бар.Бұл қала барлық әлем өркениеттеріне әсер еткен көне мәдениетімен ерекшеленеді. Мехиконың негізгі туристік нысанасы — ацтектер үшкілдері (XIV ғ.), Ұлттық кафедралды щіркеуі (15631667 жж.),Хесус Насарено госпиталі ғимараты (XVI ғ.), муниципальды сарай (1720 ж.), қазіргі кезде президент резиденциясы мен елдің парламенті орналасқан Ұлттық сарай (1792 ж.), Саграрио Метрополитано шіркеуі (XVIII ғ.). XVII—XVIII ғасырларда салынған бірқатар ғибадатханалардың қала үшін үлкен зор маңызы бар.[5]

Халқы, тілі, діні

Мехико халық саны 19,7 млн адам. Астана тұрғындарының жартысынан көбі — испан-үндіс метистер, шамамен 20 % — көне Мехико тұрғындары — үндістер, қалғандары — еуропалықтар. Мемлекеттік тілі — испан тілі. Мехико үнді тұрғындары ойынша тағы бірнеше тілдер де пайдаланылады, соның ішінде ацтек тілі (науатль), майя тілі, отоми. Сенушілер арасында католиктер (90 %) басым, аздаған протестантизм ұстанушылар да бар.

Туыс қалалар

Дереккөздер