Кәдімгі сарыбас жылан

Кәдімгі сарыбас жылан (лат. Natrix natrix) – су жыланның бір түрі. Негізінен Еуропаның суларында тараған. Еуропаның батыс, шығыс аймақтарындағы және Алакөл ойысы мен Балқаштың оңтүстік өңіріндегі өзен, көл жағалаулары мен батпақтарда тіршілік етеді. Денесі біршама ірі, ұзындығы 1 м-ден асады, басының екі жағында ашық түсті үлкен дақтар анық көрінеді. Жылдың сегіз айында белсенді. Бір маусымда 6 – 18 жұмыртқа салады. Негізінен қорегін аулауға кешқұрым немесе түнде шығады. Балықтармен, қосмекенділермен, ұсақ құстар және кеміргіштермен қоректенеді. Усыз жылан, сондықтан адамды шаққаны қауіпті емес, бірақ балықтардың жас шабағын жеп, зиян келтіреді.

Кәдімгі сарыбас жылан

Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Бауырымен жорғалаушылар
Сабы:Қабыршақтылар
Кіші сабы:Жыландар
Тұқымдасы:Сарыбас жыландартәрізділер‎‎‎
Кіші тұқымдасы:Natricinae
Тегі:Natrix
Түрі:N. natrix
Екі-есімді атауы
Natrix natrix
(Линней, 1758)
Синонимдері
  • Coluber natrix Linnaeus, 1758
  • Natrix vulgaris Laurenti, 1768
  • Tropidonotus natrix Boie, 1827

Тағы қараңыз

[1]

Суреттер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: left