Ривалдо

Ривалдо (толық аты Ривалдо Витор Борба Феррейра порт-бр. Rivaldo Vítor Borba Ferreira; 19 сәуір 1972 жыл, Паулиста, Пернамбуку, Бразилия) — бразилиялық футболшы, шабуылшы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Ривалдо Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Ривалдо Витор Борба Феррейра

Туған күні

19 сәуір 1972 (1972-04-19) (51 жас)

Туған жері

Паулиста, Бразилия

Азаматтығы

Бразилия

Бойы

186

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

карьерасын аяқтады

Ұлттық құрамы[* 1]
1992—1993Бразилия Бразилия-209 (1)
1996Бразилия Бразилия (олимп.)8 (6)
1993—2003 Бразилия74 (34)

Карьерасы

Карьерасын бразилиялық "Санта-Круз" клубында бастады. Ең жарқыраған жылдары Испанияның "Барселонасында" ойнаған шағы (1997-2002). Осы аралықта екі рет әлем чемпионатына қатысып, 1998 жылы әлемнің күміс жүлдегері, 2002 жылы әлем чемпионы атанды. 1999 жылы әлемнің үздік футболшысы атанды.

2002 жылы жазда "Барселонаның" бапкері Луи Ван Галмен келіспей қалып клубтан кетті де, "Миланға" барып қосылды. "Миланда" да тәп-тәуір ойнап, Андрей Шевченкомен тізе қосып, команданы біраз жеңістерге сүйреді. 2002-03 жылы "Милан" сапында УЕФА Чемпиондар Лигасын ұтып алды.

2003 жылы өз еліне кетіп, "Крузейро" сапында доп тепті. Бір жылдан соң Еуропаға қайта оралды да, Грекияның "Олимпиакос" командасына өтті.

Бұдан кейін де бірнеше рет клуб ауыстырды. 2008-11 жылдары Өзбекстанның "Бунедкор" клубында ойнады. Кейін Бразилияның бірнеше клубында ойнап, 2015 жылы тізесін қатты жарақаттап алды да, 43 жасында ғана футболшылық ғұмырына нүкте қойды.

Ұлттық құрама сапында 1993-2003 жылдары 74 кездесуде алаңға шықты. Соңғы ойынын 2003 жылы 19 қарашада Уругвайға қарсы өткізді.

Гүлденуі

1996 жылы Ривалдо испандық Депортиво Ла-Корунья клубына ауысты. Бірінші маусымда ол 21 гол соқты. Көп ұзамай бразилиялықтар Барселонаны сатып алып, сол кездегі трансфер үшін 26 миллион доллар төледі. Каталондық клуб үшін Ривалдо өзінің ең жақсы жылдарын өткізді: 235 матч, 130 гол, 1999 жылғы Алтын допты жеңіп алу, ФИФА бойынша әлемдегі ең жақсы футболшы атағы, екі Испания чемпионаты, Испания Кубогы және УЕФА Суперкубогы.

Жетістіктері

Командалық

«Палмейрас»
  • Бразилия чемпионы: 1994
  • Сан-Паулу штатының чемпионы (2): 1994, 1996
«Барселона»
  • Испания чемпионы (2): 1997/98, 1998/99
  • УЕФА Суперкубогы: 1997
  • Испания кубогы: 1997/98
«Милан»
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2002/03
  • Италия кубогы: 2002/03
  • УЕФА Суперкубогы: 2003
«Олимпиакос»
  • Грекия чемпионы (3): 2004/05, 2005/06, 2006/07
  • Грекия кубогы (2): 2004/05, 2005/06
«Бунёдкор»
  • Өзбекстан чемпионы (2): 2008, 2009
  • Өзбекстан кубогы: 2008
Бразилия құрамасы
  • Әлем чемпионы: 2002
  • Америка кубогы: 1999
  • Конфедерация кубогы: 1997
  • Олимпиада күміс жүлдегері: 1996

Жеке

  • «France Football» нұсқасы бойынша "Алтын доп" иегері: 1999
  • Әлемнің үздік футболшысы: 1999
  • Оңтүстік Америка кубогының үздік мергені: 1999 (5 гол, Роналдомен бірге)
  • Өзбекстан чемпионатының үздік мергені: 2009 (20 гол)
  • ФИФА 100

Ойнаған клубтары

1991—1992 Санта-Круз4 (6)
1992—1993 Можи-Мирин30 (10)
1993—1994 Коринтианс41 (17)
1994—1996 Палмейрас104 (53)
1996—1997 Депортиво Ла-Корунья41 (21)
1997—2002 Барселона157 (86)
2002—2003 Милан22 (5)
2004 Крузейро38 (21)
2004—2007 Олимпиакос70 (36)
2007—2008 АЕК29 (8)
2008—2010 Бунёдкор61 (37)
2011 Можи-Мирин34 (16)
2011  Сан-Паулу39 (6)
2012Үлгі:Country data Ангола Кабушкорп21 (11)
2013 Сан-Каэтано17 (0)
2014 Можи-Мирин7 (0)
2015 Можи-Мирин4 (1)

Жеке өмірі

Ұлы — Ривалдиньо да футболшы, Динамо (Бухарест) сапында ойнайды.

Сілтемелер