Сабах

Сабах (малайша Sabah, negeiri di bawah bayu) — Малайзияның шығысында орналасқан штат. Ол мемлекеттің екінші ең үлкен штаты болып келеді. Сабахты жиі «Negeri di bawah bayu» немесе «Желдер астындағы ел» деп атайды. Британ колониясы болғанда Британ Солтүстік Борнеосы деп аталатын. 1963 жылдан бастап Малайзия федерациясының штаты.[1]

Малайзия штаты
Сабах
малайша Sabah, negeiri di bawah bayu
джави:سابه
ТуЕлтаңбасы
ТуЕлтаңбасы

Sabah Tanah Airku

Әкімшілігі
Ел

 Малайзия

Кіреді

5 аймақ

Әкімшілік орталығы

Кота-Кинабалу

Губернатор

Джухар Махируддин

Шеф министрі

Хаджиджи Ноор

Тарихы мен географиясы
Координаттары

5°15′ с. е. 117°00′ ш. б. / 5.250° с. е. 117.000° ш. б. / 5.250; 117.000 (G) (O) (Я) 117°00′ ш. б. / 5.250° с. е. 117.000° ш. б. / 5.250; 117.000 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

73 619 км² (2 орын)

Биіктігі
· Ең биік


4095 м

Уақыт белдеуі

+8

Тұрғындары
Тұрғыны

3 206 742 адам (2010)(3 орын)

Тығыздығы

43,56 адам/км² (14 орын)

Сандық идентификаторлары
Аббревиатура

SBH

ISO 3166-2 коды

MY-12

www.sabah.gov.my

Сабах, карта

117°00′ ш. б. / 5.250° с. е. 117.000° ш. б. / 5.250; 117.000 (G) (O) (Я)

Географиясы

Штаттың толық ауданы - шамамен 73,904 км². Оның 1,743 км жағалауы бар және оның шамамен 295.5 км-і жағалық эрозияға ұшырап жатыр.

Сабахтың солтүстігінде елдiң ең биік нүктесі – Кинабалу шыңы (4095 м) орналасқан.

Солтүстік-батысын Оңтүстік Қытай теңізі және солтүстік-шығысын мен оңтүстік – шығысын Сулу мен Сулавеси теңізі шаяды. Олардың жағалауында көптеген майда аралдар мен Маржан жарлауыттар орналасқандықтан кемемен жүк тасуды қиындатады. Үш теңізбен шайылғандығынан штат жерінде көптеген теңіз ресурстары бар.

Штаттың басты аралдарының ішінен Себатикті атайды, оны ел Индонезиямен бірге белiп жатыр. Бұдан басқасының қатарында Банги, Джамбонган, Малавали, Тимбун-Мата мен Бум-Бумды айтып кетуге болады.

Сабахтың ең ұзын және суы ең мол өзен - Кинабатанган (560 км).

Сабах климаты ылғалды, әрқашан ыстық және экваторлық болып келеді. Тауларда климаты оған қарағанда коңыржайлау, және үлкен биіктіктерде ылғалды болады. Жылдық жауын-шашыны 3750 мм-ден (жазықтықта) 5000 мм-ге (тауларда) дейiн өзгеріп тұрады.

Тарихы

1881 жылы Сабах британ протектораты болып кетеді, ол Британ Солтүстiк Борнео Компаниясымен басқарылатын. 1946 жылы британ корона колониясы Британ Солтүстік Борнеосы кұрылады, және 1963 жылы Сабах Малай Федерациясының құрамына кіреді.

Әкімшілік бөлінісі

Сабах 5 облыстан (аудннан) тұрады.

ОблысыОрталығыАуданы,
км²
Халқы,
адам. (2006)[2]
1Батыс Жағалау облысыКота-Кинабалу7588954 000
2Ішкі облысыБофорт18 298421 000
3Кудат облысыКудат4623190 000
4Сандакан облысыСандакан28 205676 000
5Тавау облысыТавау14 905757 000


Дереккөздер