Саба (арал)

63°15′00″ б. б. / 17.63333° с. е. 63.25000° б. б. / 17.63333; -63.25000 (G) (O) (Я)

Саба (нидер. Saba) - Кіші Антил аралдары архипелагінің құрамына кіретін Кариб теңізіндегі арал. Нидерландтың тәуелді аймағы.

Саба
нидер. Saba
БайрақЕлтаңба
Әнұран: «Himno di Saba»

Тарихы
Тәуелсіздік күні10 қазан 2010
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдерінидерланд тілі, Ағылшын тілі
ЕлордаБоттом
Ірі қаласыУиндвардсайд
Үкімет түріКонституциялық монархия
Король
Губернатор
Премьер-министр
Виллем-Александр
Фриц Гудгедраг
Михель Герит Счетл
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы

21 км²
Жұрты
• Сарап (2010)
Тығыздығы

1991 адам
153,15 адам/км²
Экономикасы
ВалютасыАҚШ доллары
Қосымша мәліметтер
Телефон коды+599
Уақыт белдеулеріUTC-4

Географиясы

Арал Синт-Мартен аралының оңтүстік-батыс жағынан 45 км қашықтықта, Синт-Эстатиус аралының батыс жағынан 32 км қашықтықта орналасқан. Аумағы - 13 км².

Негізінде арал су астындағы Маунт-Сценери жанартауының төбесі болып табылады. Биіктігі - 890 м. Аралдың батыс жағы жылы бойы желдің өтінде болады. Сол себепті табиғаты селдір, фаунасы кедей болып келеді. Аралдың бұл жағында кактустар мен құрғап қалған бұталар сирек кездеседі. Керсінше аралдың шығыс жағы қарама-қарсы контраст көрсетеді: тау етектерінде қалың ормандарда алуан түрлі қырыққұлақтар, пальмалар, қызыл талдар, олеандр, гибискус және орхидеялар өседі. Орманды 60-таң астам құстар түрлері, бірнеше түр кесіртке мен бақалар паналайды.

Халқы

Аралдың тұрғын саны - 1991 адам (2013)[1][2]. Ірі қалалары - Боттом (әкімшілік орталығы) және Уиндвардсайд (ең ірі қала), ресми тілі - Нидерланд тілі, ағылшын тілі де кең тараған.

Экономикасы

Табыстың негізгі көзі - туризм (аралға жылына 25 мың турист келеді).

Галерея

Дереккөздер