Гарет Бейл

Гарет Фрэнк Бейл (ағылш. Gareth Frank Bale; 1989 жылы 16 шілдеде туған, Кардифф, Уэльс) — уэльс футболшысы, "Лос-Анжелес" футбол клубы мен Уэльс құрамасының жартылай қорғаушы. Шеткі жартылай қорғаушы ретінде ойынға қатысады. Өзінің тез жылдамдығымен және дәл тебуімен ерекшеленеді.

Гарет Бейл Футбол
Гарет Бейл 2016 жылы
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Гарет Фрэнк Бейл[1]

Туған күні

16 шілде 1989 (1989-07-16) (34 жас)

Туған жері

Кардифф, Уэльс, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Уэльс

Бойы

186 см[1]

Салмағы

81 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Америка Құрама Штаттары Лос-Анжелес

Номері

11

Жастар клубы
Уэльс Кардифф Сивил Сервис
1999—2006Англия Саутгемптон
Клуб карьерасы[* 1]
2006—2007Англия Саутгемптон40 (5)
2007—2013Англия Тоттенхэм Хотспур146 (42)
2013—2022Испания Реал Мадрид176 (81)
2020—2021  Англия Тоттенхэм Хотспур (аренда)20 (11)
2022—Америка Құрама Штаттары Лос-Анжелес3 (1)
Ұлттық құрамы[* 2]
2005—2006Уэльс Уэльс U177 (1)
2006Уэльс Уэльс U191 (1)
2006—2008Уэльс Уэльс U214 (2)
2006— Уэльс106 (40)
Марапаттары мен медальдары

Карьерасы

Клубтық

Өз карьерасын сол жақтағы қорғаушы ретінде "Саутгемптон" клубында бастаған. Айыптық стандарттан соғуда шеберлік қасиеттерін көрсете білді. Алғашқы ойынын "Миллоулға" қарсы өткізді де Тео Уолкотттан кейін Англия Премьер-лигасында алаңға шыққан жас футболшы атанды. 2006/07 маусымда 38 рет алаңға шығып, 5 гол соқты.

2007 жылы «Тоттенхэм» клубына ауысып, шабуылшы ретінде ойнауды бастады. "Тоттенхэм" сапындағы ресми дебютін 26 тамызда "Манчестер Юнайтедке" қарсы ойында өткізді[2]. Алты күннен соң тұңғыш голын "Фулхэм" қақпасына соқты (3:3).

2008 жылы келісім шартын 2013 жылға дейін созды[3]. Бұдан кейінгі екі маусымды өте сәтті өткізді де, футболшыға алпауыт клубтардың көзі түсе бастады.

2010 жылы 21 тамызда "Сток Сити" қақпасына тұңғыш дублін соқты. 29 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар Лигасындағы тұңғыш голын "Твенте" қақпасына соқты. 20 қыркүйекте Чемпиондар лигасындағы тұңғыш хет-тригін "Интернационале" қақпасына енгізді, бірақ "Тоттенхэм" 3:4 есебімен ұтылып қалды. 2011 жылы ақпан айында АПЛ-дың үздік футболшысы атанды.

2012/13 маусымда 11-нөмірлі жейдені киді (бұған дейін 3-нөмірде ойнаған). Маусым қорытындысында Англия премьер лигасының "Жыл ойыншысы" және "Үздік жас ойыншысы" деген екі бірдей номинациясын ұтып алды. Бұған дейін мұндай дубльді Энди Грей мен Криштиану Роналду ғана жасай алған.

2013 жылы 1 қыркүйекте 100 миллион еуроға "Реал Мадридке" ауысты. Бұл сол кездегі трансферлердің рекорды болды, "Реалда" ойнаған алғашқы маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасын, Испания кубогын ұтып алды. Осы екі турнирдің финалында гол соқты. Корольдық клуб сапындағы алғашқы ойынын "Вильярреалға" қарсы өткізіп, алғашқы голын да соқты.

2014 жылғы клубтар әлем чемпионатында "Сан-Лоренсоның" қақпасына бір гол соқты, "Реал" турнир жеңімпазы атанды. Бұл Бейлдің "Реал" сапындағы төртінші ірі жүлдесі болды.

2015 жылы 20 желтоқсанда "Райо Вальекано" қақпасына төрт гол соғып, карьерасындағы тұңғыш покерін жасады.

2016 жылы клубпен келісім шартын 2022 жылға дейін созды.

2018 жылы УЕФА Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульдің" қақпасына екі гол соғып, клубқа жеңіс әперді. Чемпиондар лигасының финалдарында ойынға тыңнан қосылып дубль жасаған тұңғыш футболшы атанды.

2019 жылы 9 ақпанда "Атлетико" қақпасына "Реал" сапындағы 100-ші голын соқты.

2020 жылы қыркүйекте бұрынғы клубы "Тоттенхэмге" жалға берілді. 20 рет алаңға шығып, 11 голмен ерекшеленді.

2022 жылы "Реал Мадридпен" келісімшарты аяқталған соң, сол жылы 25 маусымда "Лос-Анжелес" клубына ауысты. Өзінің сүйікті 11 номерін таңдап алды.

Ұлттық құрама

Уэльстің бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамада 2006 жылы 7 қазанда Словакияға қарсы ЕУРО-2008 іріктеу матчында алаңға шықты. Бұл ойында Уэльс 1:5 есебімен ойсырай ұтылды, құраманың жалғыз голын Бейл айып добынан соққан еді.

2016 жылы Еуропа чемпионатына қатысып, топтық кезеңде сол Словакияның, Англияның, Ресейдің қақпасына бір-бір голдан соғып, құрамасының 1/8 финалға шығуына көмектесті. Плей-офф кезеңінде Бейл гол соға алмады, соған қарамастан Уэльс жартылай финалға дейін жетті.

2018 жылы 6 қыркүйекте 2018/19 жылғы УЕФА Ұлттар лигасында Ирландия қақпасына гол соғып, ұлттық құрамадағы голдар санын 30-ға жеткізді (рекордтық көрсеткіш).

2022 жылы 14 маусымда 2022/23 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының маусымында Нидерланд құрамасына қарсы ойында ұлттық құрамадағы 40-шы голын соқты.

Футболдан тыс

Бейл Adidas X15 аяқ киімімен ойнауда

Жеке өмірі

Бейл Мадридте әйелі Эмма Рис-Джонспен бірге тұрады, ол мектеп кезіндегі сүйіктісі болған[4][5][6]. Ерлі-зайыптылардың төрт баласы бар — қыздары Альба Виолет Бэйл (2012 жылы 21 қазанда туған)[7] мен Нава Валентина Бэйл (2016 жылы 22 наурызда туған)[8] және ұлдары Аксел Чарльз Бэйл (2018 жылы 8 мамырда туған)[9] мен Зандер Фрэнк Бэйл (2021 жылы 7 маусымда туған)[10].

Гарет — гольфтің үлкен жанкүйері[11][12]. Және де ол алкогольдік ішімдіктерден толықтай бас тартқан[13][14].

Сауда белгісі және жарнамалық келісімшарттары

Бэйлдің өзінің сауда белгісі бар. 2013 жылдың 26 наурызында Гарет Ұлыбританияның зияткерлік меншік кеңсесіне өзінің логотипін ресми түрде тіркеуге өтініш берді, ол өзінің жүрек қимылымен тойлауына негізделген, оны гол соққаннан кейін жиі көрсетеді, сонымен қатар ойын футболкасында бейнеленген сүйікті нөмірі — 11. Бұл логотип киім мен аяқ киім сияқты әртүрлі өнімдерде қолданылады[15].

Ол Adidas, EA Sports, Lucozade және BT Sport сияқты брендтерімен жұмыс істейді[16][17]. 2014 жылы Бейл "Реал Мадридпен" келісімшарт бойынша тұрақты жалақы ретінде 15 миллион фунт алды, ал оның жарнамалық кірісі жылына 10 миллион фунт болды[18][19]. 2014 жылдың наурыз айында Бейл Adidas F50 crazylight футбол аяқ киімін қолданған алғашқы ойыншы болды. 2015 жылы Adidas Х15 футбол аяқ киімін киіп ұсынды[20].

Қайырымдылық

2014 жылдың қараша айында Бейл Криштиану Роналду, Неймар, Хави және Дидье Дрогба секілді әлемнің үздік футболшыларының қатысуымен "Эбола вирусына қарсы 11" атты FIFA акциясына қатысты[21]. "Біз Эбола ауруын бірге жеңе аламыз" ұранымен (ағылш. "Together, we can beat Ebola") бұл акция Африка футбол конфедерациясымен және медициналық сарапшылармен бірлесіп өткізілді, ойыншылардың өздері ауру туралы және онымен күресу жолдары туралы хабарландыруларды арттыру мақсатында он бір хабарлама жазды[21].

Жетістіктері

Командалық

«Тоттенхэм Хотспур»
  • Англия футбол лигасы: 2007/08
«Реал Мадрид»
Уэльс құрамасы

Жеке

Дереккөздер

Сілтемелер