Эйсебио

Эузебиу да Силва Феррейра (порт. Eusébio da Silva Ferreira; eu'zɛβiu dɐ 'siɫvɐ fɨ'ʁɐiɾɐ; 25 қаңтар 1942, Лоуренсу-Маркиш — 5 қаңтар 2014, Лиссабон) — португалиялық футболшы. Португалия Ұлттық футбол құрамасының үздік шабуылшыларының бірі.

Эйсебио Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Эузебиу да Силва Феррейра

Лақап аттары

Қара маржан[1]

Туған күні

25 қаңтар 1941 (1941-01-25)

Туған жері

Мапуту, Португалиялық Шығыс Африка

Қайтыс болған күні

5 қаңтар 2014 (2014-01-05) (72 жас)

Азаматтығы

 Португалия

Бойы

175

Позиция

шабуылшы

Жастар клубы
Мозамбик Спортинг Лоуренсу-Маркиш
Клуб карьерасы[* 1]
1957—1960Мозамбик Спортинг Лоуренсу-Маркиш42 (77)
1960—1975Португалия Бенфика301 (316)
1975АҚШ Бостон Минитмен8 (2)
1975—1976Мексика Монтеррей10 (1)
1976АҚШ Торонто Метрос-Кроэйша25 (18)
1976—1977Португалия Бейра-Мар12 (3)
1977АҚШ Лас-Вегас Квиксилверс17 (2)
1977—1978Португалия Униан ди Томар10 (3)[2]
1978АҚШ Нью-Джерси Американс9 (2)
1957—1978Барлығы434 (424)
Ұлттық құрамы[* 2]
1961—1973 Португалия64 (41)

Карьерасы

Эйсебио 1941 жылы 25 қаңтарда қазіргі Мозамбик территориясындағы Португалияның Шығыс Африка атты иелігінде дүниеге келген. Бала күнінен доп қуып өскен оны 1958 жылғы әлем чемпионатынан соң "Пеле" деп атай бастаған. Оны алғаш көргендердің бірі бразилиялық футболшы — Карлос Бауэр. Ол "Бенфиканың" бапкері Бэла Гуттманға Эйсебионы "Бенфикаға" алу жайлы ақыл береді. Бауэр Эйсебионы "Сан-Паулуға" әкетпек те болады, бірақ "Сан-Паулу" клубының басшылығы оны қалай қоймайды. Солайша, "Спортинг Лоуренсу-Маркиш" клубында ойнап жүрген жерінен "Бенфиканың" дәм-тұзы бұйырыпты.

"Бенфика" сапында ұзақ жылдар ойнап, бірнеше рет ірі жетістіктерге жеткен. 1961 жылы "Бенфика" УЕФА Чемпиондар Кубогында "Реалдың" бес жылдық гегемониясын тоқтатып, турнир жеңімпазы атанады.

Эйсебио сол жылы-ақ Португалия құрамасына қабылданады. 1966 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы дебьютант ретінде қатысып, жартылай финалға дейін жетеді. Эйсебио турнирде 9 гол соғып, чемпионаттың сұрмергені атанады. Осы чемпионатта оны Пелеге теңеушілер тым көбейіп кетеді.

"Пеленің футболшы ретінде баға жетпес бес қасиеті бар. Менен сол бес қасиеттің біреуінің ғана жұқанасы табылды" (Эйсебионың пікірлерінен)

1966 жылдан соң Эйсебионың карьерасында тоқырау пайда болады. Мұнысы Португалия құрамасының тағдырына да әсер етіп, мұнан соң ешқандай ірі турнирлердің финалдық кезеңіне шыға алмайды. Эйсебио кейін түрлі клубтарда үзіп-жұлып қана ойнады да, 70-жылдардың соңында карьерасын аяқтады.

1992 жылы қаңтар айында Лиссабондағы "Эштадиу да Луж" стадионында Эйсебиоға арнап ескерткіш орнатылды.

2014 жылы 4 қаңтар күні ауруханада қайтыс болды.

Қызықты фактілер

1982-86 жылдары әлем чемпионатында ойнаған Польша құрамасының шабуылшысы Влодзимеж Смолярек өз ұлының атын Эйсебионың құрметіне Эусебиуш деп қойды. Кейін Эусебиуш Смолярек те поляктар құрамасының талантты шабуылшысына айналған.

Жетістіктері

Командалық

  • Португалия чемпионы (11): 1960/61, 1962/63, 1963/64, 1964/65, 1966/67, 1967/68, 1968/69, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1974/75
  • Португалия кубогы (5): 1962, 1964, 1969, 1970, 1972
  • УЕФА Чемпиондар кубогы: 1961/62
  • Әлем чемпионатының қола жүлдегері: 1966

Жекелей

  • "Алтын доп иегері": 1965
  • Португалияның үздік футболшысы (2): 1970, 1973
  • Әлем чемпионатының үздік мергені: 1966 (9 гол)
  • "ФИФА 100" тізіміне енген.

Дереккөздер

Сілтемелер