Этникалық топ

Этникалық топ (ағылш. Ethnic group, немесе этностық ағылш. ethnicity) — өзге топтардан өздерін ерекшелейтін ортақ қасиеттері арқылы өзара бірлікке ие болатын адамдар тобы. Этносты идентитилейтін ортақ қасиеттерге олар өмір сүретін өңірдегі ортақ дәстүр, қандастық, тіл, тарих, қоғам, мәдениет, ұлт, дін, әлеуметтік мәміле секілділер жатады.[1][2][3] Этнос термині этникалық ұлтшылдық жағдайында ұлт ұғымымен негізінен ұқсасырақ мағынада қолданылады, дегенмен нәсіл ұғымынан өзіндік айқын айырмашылығы бар.

Азиядағы этникалық топтардың нәсілдік әртүрлілігі, Шведтердің Нордик отбасы кітабынан (Nordisk familjebok) алынды. (1904)

Этносты мұрагерлік, немесе қоғамдық үстеме құрылым ретінде қарастыруға болады. Этникалық мүшелік әдетте ортақ мәдени мұрамен, ата-тегімен, шығу тегі туралы мифпен, ортақ тарихымен, туған жер, ата мекенімен, тілімен немесе диалектісімен, діні, сенімі, мифологиясы, салт-жоралғылары, ас мәзірі, киім үлгісі, көркемөнері, немесе сыртқы келбеті мен ұқсаңқырайтын тұрқы секілді символдық жүйелермен анықталады. Этникалық топтар тар, не кең генетикалық қандастық спектрін бөлісуі мүмкін, бұл олардың топтық идентификациясына сай болады, дегенмен көптеген топтарда аралас генетикалық қандастық бар.[4][5][6] Этникалық топтар көбінесе туысқан тілдерде сөйлей береді.

Тілдің ауысуы, аккультурация, бала асырау және діни конверсия секілділер арқылы жеке адамдар немесе топтар уақыт өте бір этникалық топтан екіншісіне ауысуы мүмкін. Этникалық топтар іштей субтоптарға, немесе рулар мен тайпаларға бөлінуі мүмкін. Олар уақыт өте келе эндогамия немесе топтан физикалық бөлектену салдарынан бөлек этникалық топқа айналуы мүмкін. Керісінше, бұрын бөлек этностар бірігіп, панэтностықты формалай алады, немесе ақыры бір этностыққа бірігуі мүмкін. Бөліну арқылы, немесе қосылу арқылы жеке этникалық идентитидің қалыптасуын этногенез деп атайды.

Органикалық және әйгілеулік (performative) критерийлер этникалық топты сипаттағанымен, бұрынғы пікірталас дихотомиясы негізінен примордиализм мен конструктивизм арасында болды. ХХ ғ басындағы "примордиалисттер" этникалық топтарды сонау өткен дәуірден бері ерекше белгілері сақталып келе жатқан нақты құбылыстар ретінде қарастырды.[7] 1960-шы жылдардан кейін қалыптасқан перспективалар этникалық топты әлеуметтік құрылым ретінде қарастырады, оның идентитиін қоғамдық ережелер қалыптастырады.[8][9]

Дереккөздер