Юнг модулі

Юнг модулі немесе серпімділік модулі - Материалдағы механикалық кернеудің зат тегіне және сыртқы шарттарға тәуелділігін сипаттайтын шама. Басқаша айтқанда заттың серпімді деформация кезіндегі созылу не сығылуға қарсылық білдіру қасиетін сипаттайтын шама. XIX ғасыр ағылшын физигі Томас Юнг құрметімен аталған. Механиканың динамикалық есептерінде Юнг модулі жалпы мағынасында пайдаланылады — орта мен процесс функционалы ретінде. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ньютон метр квадратқа немесе паскальмен өлшенеді.

Юнг модулі келесідегідей есептеледі:

мұндағы:

  • E — серпімділік модулі,
  • F — күш,
  • S — күш әсер ететін бет ауданы,
  • l — деформацияланатын білік ұзындығы,
  • x — серпімді деформация кезіндегі білік ұзындығы өзгерісі модулі (өлшем бірлігі ұзындық l сияқты).

Юнг модулі арқылы бойлық толқын таралу жылдамдығы жіңішке білікте былай есептеледі:

мұндағы  — зат тығыздығы.

Кейбір материалдар үшін Юнг модулі мәні

Никель210
Қалайы35
Қорғасын18
Күміс80
Сұр шойын110
Болат210
Әйнек70
Титан120
Фарфор59
Цинк120
Хром300

[1]

Дереккөздер