2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

XXXI Олимпиада ойындары (ағылш. Games of the XXXI Olympiad, фр. Jeux de la XXXIe Olympiade, порт. Jogos da XXXI Olimpíadae), жиі қолданылатын атауы жазғы Олимпиада ойындары 2016 (ағылш. 2016 Summer Olympics, фр. Jeux Olympiques d'été de 2016, порт. Jogos Olímpicos de Verão de 2016), Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 2016 жылдың 521 тамыз күндері аралығанда өткізіледі. Бұл Олимпиада ойындары алғаш рет Оңтүстік Америкада өткізіледі.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары

2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ресми логотипі.
Ұйымдастырушы қала

Рио-де-Жанейро, Бразилия

Ұраны

ағылш. Live your passion
порт. Viva sua paixão
қаз. Өз іңкәріңмен өмір сүр

Қатысушы елдер

146 (206 күтуде)

Атлеттер саны

5412 (10500 күтуде)

Медальдар саны

28 спорт түрінен 306 комплект

Ашылу салтанаты

5 тамыз 2016

Жабылу салтанаты

21 тамыз 2016

Стадион

Маракана

Олимпиада қаласын таңдау

Үміткер қалалардың ұсынысын қабылдау рәсімі 2007 жылдың 16 мамырында басталып, сол жылдың 13 қыркүйегінде аяқталды. Ойындарды өткізуге өз ниеттерін келесі қалалар білдірді: Баку (Әзірбайжан), Доха (Катар), Мадрид (Испания), Прага (Чехия), Рио-де-Жанейро (Бразилия), Токио (Жапония), Чикаго (АҚШ) және Мәскеу (Ресей). Ресей 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болған соң, додаға қатысудан бас тартты[1]. 2008 жылдың 4 маусымында үміткер-қалалардың ішінен 4 финалист қала таңдалды: Мадрид, Рио-де-Жанейро, Токио және Чикаго.

Қаланы таңдау бойынша ақырғы дауыс беру рәсімі 2009 жылдың 2 қазанында Данияның Копенгаген қаласында өткен халықаралық Олимпиада комитетінің 121-ші сессиясында жүргізілді. Дауыс беру рәсімінде түгел 3 айналым өткізіліп, нәтижесінде Рио-де-Жанейро 2016 жылдың жазғы Олимпиада ойыдарының астанасы ретінде таңдалды.

Дауыс беру нәтижесі
КандидаттарЕл1-ші айналым2-ші айналым3-ші айналым
Рио-де-Жанейро  Бразилия264666
Мадрид  Испания282932
Токио  Жапония2220
Чикаго  АҚШ18

Бұрын Рио-де-Жанейро 1936, 1940, 2004 және 2012 жылдарының жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдірген, бірақ бірде-бір рет финалға өткен емес.

Спорт түрлері

2016 жылдың жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына 28 спорт түрлері кіреді.

Медальдар санағы

  •    Қабылдаушы ел;
  •    Алтын медальдар саны бойынша;
  •    Күміс медальдар саны бойынша;
  •    Қола медальдар саны бойынша;
  •    Барлық санаттағы медальдар саны бойынша;
ОрынЕлАлтынКүмісҚолаБарлығы
1  АҚШ26212269
2  Ұлыбритания1516738
3  Қытай15131745
4  Ресей9111030
5  Германия85417
6  Франция78722
7  Италия78621
8  Жапония741526
9  Аустралия67922
10  Корея Республикасы63514
Барлығы 68 ҰОК162162182506

Трансляция

Дереккөздер