Wikimania

«Уикиманиа» (ағылш. Wikimania) — «Уикимедиа қорының» жыл сайынғы халықаралық конференциясы. «Уикиманиа» конференциясы пікірлес, мүдделес адамдардың кездесуімен қатар ғылыми конференция ретінде ұйымдастырылады. Мұнда «Уикимедиа қоры» атқаратын іске қосылған немесе жоспарлау сатысындағы көптеген жобаларға қатысты техникалық, мазмұндық және идеялық талқылаулар өтеді.

"Уикиманиа" логотипі

«Уикиманиа» барысында «уикимедиашы» (ағылш. wikimedians) қауымдастығы ашық және тегін бағдарламаларды дамыту және қолдану мәселелерінен бастап уики жобаларды әлем бойынша ілгерлету, білім беру технологияларын дамытуға қатысты мәселелерді қамтиды.

Жалпы мағлұмат

КонференцияКүніӨткізілген жерКонтинент
Wikimania 20055 тамыз — 7 тамыз 2005 Франкфурт (Майн), ГерманияЕуразия
Wikimania 20064 тамыз — 6 тамыз 2006 Кембридж, Массачусетс, АҚШСолтүстік Америка
Wikimania 20073 тамыз — 5 тамыз 2007 Тайбэй, Қытай РеспубликасыЕуразия
Wikimania 200817 шілде — 19 шілде 2008 Александрия, МысырАфрика
Wikimania 200926 тамыз — 28 тамыз 2009 Буэнос-Айрес, АргентинаОңтүстік Америка
Wikimania 20109 шілде — 11 шілде 2010 Гданьск, ПольшаЕуразия
Wikimania 20114 тамыз — 6 тамыз 2011 Хайфа, ИзраильЕуразия
Wikimania 201212 шілде — 15 шілде 2012 Вашингтон, АҚШСолтүстік Америка
Wikimania 20137 тамыз11 тамыз 2013 Гонконг, ҚХРЕуразия
Wikimania 20146 тамыз11 тамыз 2014 Лондон, ҰлыбританияЕуропа
Wikimania 201515 шілде19 шілде 2015 Мехико, МексикаАмерика
Wikimania 201621 маусым — 28 маусым 2016 Эзино-Ларио, ИталияЕуразия

Уикиманиа-2005

Уикиманиа-2005

Толығырақ — Уикиманиа-2005.

Уикиманиа-2006

Уикиманиа-2006

Толығырақ — Уикиманиа-2006.

Уикиманиа-2007

Уикиманиа-2007

Толығырақ — Уикиманиа-2007.

Уикиманиа-2008

Уикиманиа-2008

Толығырақ — Уикиманиа-2008.

Уикиманиа-2009

Уикиманиа-2009

Толығырақ — Уикиманиа-2009.

Уикиманиа-2010

Уикиманиа-2010

Толығырақ — Уикиманиа-2010.

Уикиманиа-2011

Уикиманиа-2011

Толығырақ — Уикиманиа-2011.

2011 жылы Уикиманиа конференциясы Израильдің Хайфа қаласында өтті. Бұл жолғы конференцияға 56 елден 700-ге жуық адам қатысты. Аталған конференция Израиль мемлекетінде өткізілгендіктен араб елдерінен келетін қатысушылар болмады. Басқа да мұсылман елдері қатыспады. Біраз халықтың елдердің келмегеніне қарамастан бұл жиналыс осы уақытқа дейін өткен ең ірі конференция болды.

Конференцияның орталық тақырыбы ретінде ағылшын және ірі тілдердегі редакторлар (мақала жазатын адамдар) санының азая бастағандығы таңдалды. Ірі тілдердегі редакторлар санының азайып жатқандығын Уикимедиа Қоры өткізген сұрау дәлелдеді. Қордың жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл сайын жиналатын қаражаттың үлкен бөлігі ағылшын тілді қауымдастықтан түседі. Әлемнің ірі алпауыт интернет компанияларын Қордың және энциклопедияның жұмысын қамтамасыз ету үшін демеушілік қаражат беруге үгіттеу жұмысы ұйымдастырылуда.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Уикиманиа конференциясының соңғы күні Уикипедия энциклопедиясының негізін қалаушы Джимми Уейлс, Уикипедияның дамуына қатысты шолу жасайды. Бұл жолғы шолуында Джимбо кіші тілдердің дамуына тоқталып, Уикипедияның әлі де тірі еендігін және даму мүмкіндіктерінің көп екендігін айтып, "Қазақ Уикипедиясының" дамуына ерекше тоқталды. Қазақ Уикипедиясында 2011 жылдың сәуір айында 4 белсенді редактор және 7000-ға жуық мақала болды. Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал, "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің арнайы гранты (5000 АҚШ доллары) табыс етілетіндігі жарияланды.

Джимми Уейлс 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстанға баратындығын хабарлады.

Уикиманиа-2012

Уикиманиа-2012

Толығырақ — Уикиманиа-2012-ге шақыру.

2012 жылы Уикиманиа конференциясы Америка Құрама Штаттарының астанасы - Вашингтон қаласында өтеді.

Уикиманиа-2013

Wikimania-2013-logo-final

Толығырақ — Уикимании-2013 сайты.

Уикиманиа-2013 2013 жылы Гонконгта (ҚХР) Гонконг Политехникалық университетінде тамыздың 7-11 аралығында өтті. Бұл жылы Назарбаев зияткерлік мектептерінде құрылған Уикипедия клубының мүшелері Уикимания конференциясына алғашқы рет қатысты. Назарбаев зияткерлік мектептері делегациясы барлығы 46 адамнан тұрды, оның 33-і 7-ші және 12-ші сынып аралығындағы оқушылар. Осы жайында толығырақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушыларының Халықаралық «Wikimania Hong Kong 2013» конференциясына қатысуы.

Уикиманиа-2014

Уикимания-2014 Лондон қаласында (Ұлыбритания) 2014 жылы 8 тамыздан 11 тамызға дейін өтті.

Толығырақ — Уикимания-2014 сайты.

Уикиманиа-2015

Уикиманиа-2015

Уикимания-2015 Мексиканың астанасы Мехикода 15 шілдеден 19 шілдеге дейін өтті.

Уикиманиа-2016

Уикиманиа-2016 Италияның Эзино-Ларио қаласында, 21 маусым мен 28 маусым аралығында өтеді.

Уикиманиа-2017

Уикиманиа-2017 Канаданың Монреаль қаласында 11 тамыз бен 13 тамыз аралығында өтеді.

Сыртқы сілтемелер