Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 236 567 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй
Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
Ортаққор Ашық файлдар қоры | Уикисөздік Ашық сөздікқор | ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы | Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры | ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар | Уикидәйек Дәйексөз жинағы | ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана | Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі | ||||
Уикисабақ Білім қоры | Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы | ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру | МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама |
Білгенге маржан
- Пималар — солтүстікте, ал чулуптар оңтүстікте тұрады.
- Балтық тізбегін құру үшін төрт миллионға жуық қолдың ұстасып тұруы қажет болды.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
- Ақылы ұшу сабақтарына қатыса алу үшін бұл әйел музыкант, фотограф, мұғалім, хатшы, телефон операторы, автомеханик болып жұмыс істеді.
- Үндістер ойлап тапқан командалық ойын бір ғасырлық үзілістен кейін Олимпиадаға оралады.
- Қазақстанда 27 моноқала бар.
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Қазақстандағы су тасқыны • Израиль−Хамас соғысы • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы)
- 25 мамыр — Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағы Анора фильміне берілді.
- 22 мамыр — Норвегия, Испания және Ирландия алдағы уақытта Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайтынын мәлімдеді.
- 19 мамыр — Иранның шығысында тікұшақ апатынан 8 адам қаза тапты, оның ішінде Иран президенті Ибрахим Раиси (суретте) және сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдоллахиян болған.
- 18 мамыр — Грузия президенті Саломе Зурабишвили «шетелдік агенттер» туралы заңға вето қойды.
- 15 мамыр — Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды.
- 14 мамыр — Сергей Шойгудың орнына Ресей қорғаныс министрі болып Андрей Белоусов тағайындалды.
27 мамыр
Оқиғалар
- 1199 — Рим Папасы III Иннокентий діни қызметкерлерге алғашқы тікелей папалық салық салды.
- 1703 — I Пётр Петропавл қамалының негізін қалады. Санкт-Петербург қаласының құрылған күні.
- 1844 — Морзе әдісі бойынша алғашқы хат жіберілді.
- 1873 — Ханзада Эдуард Аралының тұрғындары Канадаға қосылу туралы шешім қабылдады.
- 1920 — Татар АКСР-ның құрылуы.
- 1922 — Ватикан Палестина аумағында еврей мемлекетін құру жоспарларын қатты сынға алды.
- 1937 — Сан-Францискода «Алтын қақпа» (суретте) көпірі салтанатты түрде ашылды.
- 1940 — Екінші дүниежүзілік соғыс: Бельгия капитуляция туралы құжатқа қол қойды
Дүниеге келгендер
- 1332 — Ибн Халдун, араб тарихшысы, әлеуметтанушы, философ.
- 1794 — Корнелиус Вандербильт, америкалық кеме және теміржол магнаты.
- 1879 — Карл Бюлер, неміс психологы және лингвист.
- 1897 — Джон Кокрофт, ағылшын физигі, физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1951).
- 1923 — Генри Киссинджер, америкалық мемлекет қайраткері, Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (1973).
- 1956 — Джузеппе Торнаторе, итальяндық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер, Оскар және BAFTA сыйлықтарының иегері.
Қайтыс болғандар
- 1525 — Томас Мюнцер, неміс гуманисті және теологы, шаруалар көтерілісінің жетекшісі.
- 1564 — Жан Кальвин, швейцариялық діни реформатор, кальвинизмнің негізін қалаушы.
- 1762 — Александр Готтлиб Баумгартен, неміс философы, эстетика терминінің авторы.
- 1762 — Гракх Бабеф, француз революционері, утопияшыл коммунист, ғылыми коммунизмнің алғашқы өкілдерінің бірі.
- 1840 — Никколо Паганини, итальяндық композитор.
- 1910 — Роберт Кох, неміс дәрігері және микробиологы, Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1905).
- 1964 — Джавахарлал Неру, Үндістанның бірінші премьер-министрі.
- 1987 — Джон Говард Нортроп, америкалық биохимик, Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1946).
Мамыр айына ортақ жұмыс
Барлық қатысушыларды мына мақаланы толықтыруға шақырамыз:
Климаттың өзгеруі
Сондай-ақ cіз келесі мақалаларды аудару арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз;
Аударылмаған мақалалар саны: 6
Машиналық аудармалар саны: 55
Біріктіруге ұсынылған мақалалар: 344