Қанат Әуесбайұлы Әуесбай

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өтуІздеуге өту
Қанат Әуесбай
Туған күні

14 қаңтар 1982 (1982-01-14) (42 жас)

Туған жері

Тараз, Жамбыл облысы,  Қазақстан
(Жамбыл қаласы, Жамбыл облысы, ҚазКСР)

Азаматтығы

 Қазақстан

Ұлты

қазақ

Қызметі

Журналист, педагог-ғалым

Әкесі

Әуесбай Бақбергенұлы[1]

Анасы

Рабиға Сақыпқызы

Жұбайы

Баян Жалғасбекқызы, әлеуметтанушы, PhD

Балалары

Ералы, Иманәлі, Ажарлым

Марапаттары мен сыйлықтары

Қанат Әуесбайұлы (ағылш. Kanat Auyesbay,[2] журналистикадағы имидждiк есiмi Әуесбайдың Қанаты, 14 қаңтар 1982 жыл, Жамбыл қаласы, (қазіргі Тараз қаласы, Жамбыл облысы) — халықаралық журналист, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым, «Болашақ» стипендиясы стипендиаты.[3]

Өмірбаянықайнарын өңдеу

1982 жылы 14 қаңтарда Жамбыл қаласында (қазіргі Тараз қ-сы) ұстаздар отбасында дүниеге келді. 1988 жылы Жамбыл қаласындағы №46 орта мектепке бірінші сыныпқа барып, онда 1991 жылға дейін оқыды. 1991-1997 жж. Жамбылдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №49 орта мектебінде білім алды. 1999 жылы Тараз қаласындағы №45 Бауыржан Момышұлы мектеп-гимназиясын бітірді.[4][5][6]

Журналист болуына өзінің айтуынша нағашы атасы Сақыпкерей түрткі болған. Көз жанары көруден қалған атасы ауылға келген немерелеріне газет оқытып, хат жаздырған. Атасының басылымдарды жиі оқытқаны арқасында Қ.Әуесбай қолына қалам алған. 1996 жылы республикалық «Ұлан» балалар газетінде Жамбылдың 150 жылдығына орай мектепте өткен кеш туралы «Ғасырдың қарт бұлбұлы аталған тұңғыш мақаласы басылды. «Ұлан» балалар газетінің тұрақты авторы болып, кейінірек «жас тілшісі» атанды.[7]

Қанат баян аспабында ойнайды. 1992 ж. Жамбылдағы Дина Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебіне «баян» сыныбы бойынша оқуға түсіп, 1997 ж. Құрманғазы атындағы өнер мектебін бітірген. 1998-1999 жж. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің «халық аспаптары» бөлімінің «баян» сыныбында оқыды. Колледжде оқи жүріп, құрамында баян мен екі домбырасы бар «Серілер» триосын құрған. Кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында «Бейбарыс» тобы құрамында ән айтқан. Топтың әні CD-табаққа енді. 2001 жылы ҚазҰУ факультеттері студенттері арасындағы университетішілік «Жігіт сұлтаны» байқауының I-орын иегері атанды.

Қ.Әуесбай журналистік кәсібін ғылыми-педагогикалық қызметпен ұштастырып келеді. Әр жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент болды. Қ.Әуесбай БАҚ саласы мамандары үшін түрлі семинар-тренинг, шеберлік дәрісін өткізеді.[8][9][10][11][12][13][14]

Тележурналист ретінде Франция, АҚШ, Швейцария, Грекия, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, Қытай, Түркия, Марокко, Моңғолия, Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Малайзия сияқты елдерге барып, қоғамдық-саяси маңызы бар репортаждар дайындады. 2011 жылы 14 наурыздан бастап, 14 күн бойы Қазақстанның 14 облысының тәуелсіздік тұсындағы жетістігін қамтыған «Қазақстан. Менің елім» телекөрсетілімін жүргізді[15]. Сол кездегі «Қазақстан» телерадиокорпорациясы төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Мұратқызының ұсынуымен Астанаға ауысып, «Апта.KZ» сараптама хабарын жүргізді.[16] Актерлікке талпыныс жасап, тұңғыш қазақстандық «SitCom» форматындағы «Айналайын» сериалында тележурналисттің эпизодтық рөлін ойнаған.[17] 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Айқын» газеті ұйғарымымен «үздік тележүргізуші» атанды. 2011 жылдың желтоқсанында Сүлеймен Демирель университетінің Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен «Тәуелсздік ұрпағы - тәуелсіздік көзімен» шығармашылық байқауында үздік шыққан білімгер Гүлбақыт Асылбек «Қанат Әуесбай» атындағы Дипломмен марапатталды.

Қ. Әуесбай ілік септігінің жалғауымен айтылатын «Әуесбайдың Қанаты» имидждік есімін қазақ тележурналистикасында тұңғыш қолданды. Сонымен қатар, ол ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясымен оқыған тұңғыш журналист.[18]

Қ. Әуесбайдың «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабы туралы мәлімет жалпы білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» оқулығына енген («Алматыкітап» баспасы, 2018 ж.).

Қ. Әуесбайдың есімі Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы бастамасымен шыққан «Әулиеата жастары» энциклопедиясына енген (2020 ж.).

Қ.Әуесбай медиа сарапшы ретінде орта мектептің 5-9 сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулығындағы «медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» аталған 3-бөлімінің авторы («Арман-ПВ» баспасы, Алматы, 2024 ж.)

Біліміқайнарын өңдеу

Біліктілікті арттыруқайнарын өңдеу

Ғылыми-педагогикалық қызметіқайнарын өңдеу

Қанат Әуесбай медиа мен жоғары білім саласын ұштастырған білікті маман, педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты (мамандық шифры: 10.01.10 - журналистика). Әр жылдары әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Л.Гумилев ат. ЕҰУ, С.Өтебаев ат. мұнай және газ университеті сияқты оқу орындарында оқытушы, аға оқытушы, доцент, проректорлық қызмет атқарған. Ақпарат саласын зерттеуші ретінде Scopus ғылыми базасына және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енген журналдардағы мақалалары бар.[22]

Қанат Әуесбайдың қазақ және ағылшын тілдеріндегі «Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен – Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабы Лондон қаласында басылып, Кэмбридж университетінде таныстырылды. Кітап Amazon.com электронды платформасында сатылды.[23]

Қ. Әуесбай ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританияда ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен (University of East Anglia, UK, Norwich, 2013-2014 жж.). Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде магистрлік диссертациялар қорғау жөніндегі мемлекеттік аттестациялау комиссиясы төрағасы (2023-2024 жж.), Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (2018 жылдан), республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі мүшесі (РОӘК ОӘБ - 032 журналистика және ақпарат, 2019-2021 жж.), «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелге кадрлар даярлау жөніндегі сарапшылық комиссиясы мүшесі (2019-2021 жж.). Медиа саласын зерттеген көптеген дипломдық жұмыстар, диссертациялардың ғылыми жетекшісі, ЕҮУ журналистика және саясаттану факультетінде диссертациялық Кеңес мүшесі болды. Қ. Әуесбай медиа сарапшы ретінде орта мектептің 5-9 сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттілік» оқулығындағы «медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» аталған III-бөлімі авторы («Арман-ПВ» баспасы, Алматы, 2024 ж.), БАҚ өкілдеріне арналған көптеген авторлық шеберлік дәріс, медиатренинг пен семинар жүргізіп келеді. Қанат Әуесбайдың бастамасымен 2019 жылы «Атырау» телерадиоарнасы ғимаратында белгілі медиаменеджер, журналист Айтқали Құмарғалиұлы медиа-аудиториясы ашылды. Медиа-аудитория Х. Досмұхамедұлы ат. Атырау университеті және «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының бірлескен жобасы аясында дуалды білім беру мақсатында жүзеге асты.

Еңбек жолықайнарын өңдеу

Еуразия телевизия және радио Академиясының мүшелік сертификатын Академия президенті Валерий Рузиннің тапсыру сәті (2 шілде 2012 ж.)

Қоғамдық қызметіқайнарын өңдеу

«Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен» кітабының Қазақстандағы таныстырылымы (24 желтоқсан 2016 жыл)
  • Еуразия Телевизия және Радио Академиясының мүшесі (Мәскеу қ-сы, 2012 ж.);
  • 2013-2014 жж. Ұлыбританияның Норвич қаласында Шығыс Англия университетiнің қазақстандық студенттер қауымдастығының вице-президентi;[56]
  • 2014 ж. Сочидегі қысқы олимпиадаға қатысып жатқан қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында әлеуметтік желіде #LikeKazakhstanInSochi халықаралық фотоакциясын ұйымдастырды;[57]
  • 2011 жылдан Қазақстан журналистер одағы мүшесі;
  • 2017-2018 жж. ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі;[58]
  • 2017 жылдан Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясы мүшесі (Eurasian Creative Guild, UK, London);[59]
  • 2017 жылдан Қазақстан бас редакторлары клубының мүшесі;
  • 2018 жылдан Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі;[60]
  • 2021-2024 жж. ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының Кеңес мүшесі;[61]
  • 2018 ж. «Тараз түлегі – online bell» халықаралық шеберлік дәрісінің авторы, ұйымдастырушысы. Оның аясында әлемнің әйгілі университеттері – Massachusets Institute of Technology (қысқарт. MIT, АҚШ), Cambridge University, Bristol University (Ұлыбритания)  бітірген Жамбыл облысы түлектерімен әлемнің әр түкпірінен онлайн байланыс орнатылды;[62][63][64]
  • 2018 ж. 4-11 наурызда Оңтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік журналистер конференциясында Қазақстан атынан делегат (World Journalists Conference 2018, South Korea); 
    «Апта.KZ» хабарының жүргізушісі, 2011 ж.
  • 2019-2021 жж. Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі мүшесі (РОӘК ОӘБ - 032 журналистика және ақпарат);
  • 2023 ж. Л. Гумилев ат. ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің магистрлік диссертация қорғау бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясы төрағасы;
  • 2022-2023 жж. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының астаналық филиал төрағасы].[65][66]

Жүргізген хабарларықайнарын өңдеу

Арнайы репортажықайнарын өңдеу

Имидждік есіміқайнарын өңдеу

Дүниежүзілік журналистер конференциясының қатысушысы, Оңтүстік Корея (4-11 наурыз 2018 ж.)

Қанат Әуесбай имидждік есімі ретінде «Әуесбайдың Қанаты» нұсқасын қолданады, бұл туралы республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетіне сұхбатында айтады:

— Бұл көп журналистің ара­сынан әдейі ерекшеленіп, әлдебір атақ шығару үшін ойлап табылған амал емес. Халқымыз жетпіс жыл бойы - «ов», - «ев», - «вич» сияқты орыс тіліндегі «кімнің»? деген сұраққа жауап беретін ілік септігінің жалғауын өз тегіне «жегіп» келді. Оның заманы өтіп, тәуелсіз елдің тек атауын қалып­тастыру үрдісі басталды. Бірақ ол үрдіс өкінішке қарай, әлі бірізді­ленген жоқ. Ұлтымызға қазақты­ғымызды фамилиясының жал­ғауы­нан-ақ білдіріп тұратын жал­ғау керектігі көптен бері айтылып жүр. Мәселен, - «дзэ» десең адам­ның грузин екендігі, «ян» деп аяқ­талса армян екені, «оғлы» десе әзірбайжан немесе түрік екені бірден аңғарылады. Біздің халықта әзірге тек атауларының ел арасына сіңісе қоймаған нұсқалары ғана бар. Менің «Әуесбайдың Қанаты» болуым сол көп нұсқаның бірі ғана. Бұдан бөлек, бізде «Қанат Әуесбай» деп еш жалғаусыз айта салатын нұсқа бар. Жалғауының жоқтығынан, бұл нұсқада аты қай­сы, тегі қайсы екенін шатастырып алып жатамыз. Сондықтан өз ба­сым жалғаумен айтқанды құп көр­дім. - «Дың» нұсқасын өзім ойлап таптым деуден аулақпын. Менен бұрын бұл жалғауды алаш­тың зиялылары қолданған. Мә­селен, қазақтың айтөбел ақыны Қасым Аманжол «Өзім туралы» атты өлеңінде: «Аманжол Ра­қым­жанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын» деп тебі­ренеді. Кейінгілерден Әбдіраштың Жарасқаны да аты-жөнін атаудың осы формасын қо­­лай көрген. Ен­деше мен сол дайын нұсқаны пай­даланушы ға­на­мын. Алғашында «Әуесбай­дан Қанат» деп айтып көрсем деп ой­лағанмын. Бірақ «Әуесбайдың Қанаты» болу мағы­насы жағы­нан әдемі үйлесім тап­қасын осы нұсқаға тоқтадым. Те­ле­журналистің қаруы эфир ғой. Ендеше, бұқаралық ақпарат құ­ралдарында бұл нұсқалар неғұрлым көп айтылған сайын, ерте ме, кеш пе, оның біреуі болмаса, біреуі ха­лық құлағына сіңісуі тиіс деген ойға келдім. Өз басым халқы­мыз­дың өз тегін қалауына қарай айта да, жаза да алуын да тәуелсіздіктің тағы бір тарту-таралғысындай көремін.

— Қанат Әуесбайдың республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетіне берген сұхбатында[15][96]

Отбасықайнарын өңдеу

Марапатықайнарын өңдеу

Кітаптарықайнарын өңдеу

  • Батыс көрген. Ұлыбритания қазақтың көзімен - Looking west. A Kazakh’s view of Great Britain» кітабы, publisher: Hertfordshire Press 2016, ISBN 978-1910886373.[112][113][114][115]

Автор кітапта Британияда оқыған жылдары ағылшын қоғамының әр саласынан біліп-түйгенін публицистикалық көзқараспен жеткізеді. 10 тараудан тұратын кітапта Ұлыбритания тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмірлік құндылықтары мен қағидалары, жаһандану кезінде ағылшын тілін білудің маңызы, білім беру мен жастар мәселесі, БАҚ саласының ахуалы арқау етілген. Кітап 2016 жылы Ұлыбританияда, Лондон қаласында басылды. Қазақстанда ауыл мектептерінің кітапханаларына таратылды.

Кітаптың тұсаукесері 2016 жылдың 15-желтоқсанында Кэмбридж университетінде өтті. Тұсаукесер рәсіміне Кэмбридж университетінің профессор ғалымдары, Британиядағы қазақ студенттері қауымдастығы мен Қазақстан елшілігінің өкілі қатысты. Осыған байланысты ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында тұсаукесердің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды. Кітаптың Қазақстандағы таныстырылымы 2016 жылдың 24-желтоқсанында Тұңғыш Президент кітапханасында өтті.

Мақалаларықайнарын өңдеу

  • Медиа-орталыққа мағыналы атау керек; (9 қараша 2011)[116]
  • Ұлттық арнаның тартулары; (1 қыркүйек 2011)[117]
  • Ұлттық арнада - «Сыр-Сұхбат»; (26 мамыр 2011)[118]
  • Ұлттық арнада «Пай-пай шоу»; (4 қараша 2010)[119]
  • Ұлттық арнада «Балапан» қанат қақты; (30 қыркүйек 2010)[120]
  • «Қазақстан» телеарнасы қырық екі сериялы туынды түсіріп жатыр; (12 тамыз 2010)[121]
  • Ақылы қызметке аң-таңмын... (10 ақпан 2010)[122]
  • Бес бақыт; (5 мамыр 2012)[123]
  • Елордада «Ұлттық арна» көшесі ашылса; («Халық сөзі» газеті)[124]
  • Сүлейман Демирель, Түркия Республикасының экс-президенті: Түркі дүниесінде ешкім ешкімнен де жоғары емес, ешкім ешкімнің ағасы да емес[125]
  • Қазақ қаржыгерінің формуласы әке-көке, руластық емес, жан-жақты білім болуы керек[126]
  • Book by Bolashak Alumnus Presented at Cambridge, Astana times;[127]
  • Әуесбайдың Қанаты. Журналист туралы 10 миф (27 маусым 2016);[128]
  • Ұңғысынан түтіні сейілмеген Ауғанстан.[129]
  • Шежірелі шаһар – тарих көмбесі;[130]

Сұхбаттарықайнарын өңдеу

  • Посланники страны, газета «Казахстанская правда»;[131]
  • Первый.Журналист цифровой эры, газета «Знамя труда»;[132]
  • Әуесбайдың Қанаты: Бабасының табаны тимеген жерге, баласының қаламы тиді, «Қазақстан тарихы» порталы;[133]
  • Адам нені көріп-тыңдап, нені оқығанының жемісі, Атырау газеті;[134]
  • Әуесбайдың Қанаты ATYRAY`телеарнасының жаңа жобалары туралы айтты, «Атырау» газеті;[135]
  • Приглашение на тв, газета «Прикаспийская коммуна»;[136]
  • Журналистерге ипотекалық бағдарлама ашу керек, «Азаттық рухы« ақпарат порталы;[137]

Дереккөздерқайнарын өңдеу

Сыртқы сілтемелерқайнарын өңдеу

Навигация мәзірі