Апоцентр және перицентр

Перицентр и апоцентр (көне грекше: περί «пери» — қасында, көне грекше: από «апо» — қашықтағандықты білдіреді, лат. centrum — орталық) — астрономиялық дененің орбитасының сол дененің центрінен ең жақын және ең қашық нүктелері.

1 Жер
2 Жер серігі орбитасы
3 Жер серігі
4 экватор
5 Жердің айналу білігі
6 перигей
7 апогей

«Центр» деген сөздің орнына әр астрономиялық денеде өзіне сәйкес атаулары қолданады. Мысалы, гелиос — Күн, гея — Жер, астра — Жұлдыз т.б.

Сондай-ақ, Ай жасанды серігінің орбитасының Ай центрінен ең жақын нүктесін периселений, ал ең қашық нүктесін апоселений деп атайды.

Күн төңірегінде айналатын ғаламшарлардың, астероидтардың, кометалардың апоцентрі мен перицентрін - апогелий мен перигелий деп атайды.

Шолпанның орбаталарындағыларды - перигесперий мен апогесперий дейді.

Жұлдыздардың төңірегіндегі орбиталырының нүктелері - периастр мен апоастр деп аталады.

Апоцентр тек эллипс тәрізді орбиталарда болады. Парабола немесе гипербола тәрізді орбиталарда тек перицентр болады.

Астрономиялық денеПерицентріАпоцентрі
GeneralPeriapsis/PericenterApoapsis/Apocenter
ГалактикаПеригалактика[1]Апогалактика
ЖұлдызПериастрАпоастр
КүнПеригелийАпогелий
МеркурийПеригермионАпогермион
ШолпанПеригесперийАпогесперий
ЖерПеригейАпогей
АйПериселенийАпоселенй
МарсПериарионАпоарион
ЮпитерПеризенАпозен
СатурнПерисатурнАпосатурн
УранПериуранАпоуран
НептунПерипосейдонАпопосейдон

Перигелий мен апогелий

Кестеде ғаламшарлардың Күн төңірегіндегі орбиталарының перицентрлері мен апоцентрлері берілген[2]:

ҒаламшарПеригелий дистанциясыАпогелий дистанциясы
Меркурий46001009 км69817445 км
Шолпан107476170 км108942780 км
Жер147098291 км152098233 км
Марс206655215 км249232432 км
Юпитер740679835 км816001807 км
Сатурн1349823615 км1503509229 км
Уран2734998229 км3006318143 км
Нептун4459753056 км4537039826 км
Церера (астероидтар белбеуіндегі ергежейлі ғаламшар)380951528 км446428973 км
Плутон4436756954 км7376124302 км

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998