Ақкіс

Ақкіс (лат. Mustela erminea) – сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Ақкіс

Амандық күйі

Least Concern(IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Жануарлар
Жамағаты:Хордалылар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жыртқыштар
Тұқымдасы:Сусарлар тұқымдасы
Кіші тұқымдасы:Сусарлар тұқымдасы
Тегі:Күзендер
Түрі:M. erminea
Екі-есімді атауы
Mustela erminea
Линней, 1758
Ареал (жасыл - байырғы, қызыл - жерсінген)
Ареал
(жасыл - байырғы, қызыл - жерсінген)


Қазақстанның солтүстіктегі орманды-далалы аймақтарында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы тауларында кездеседі. Қоныс таңдамайды. Ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. Дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұзындығы 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы – құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан – мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 – 9-дан күшіктейді. А. жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді. Терісі бағалы болғандықтан ауланады. Зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман шаруашылығына да едәуір пайдасын тигізеді.[2]

Галерея

Дереккөздер