Бадам (өсімдік)

Бадам (лат. Prunus dulcis, бұрын — Prunus amygdalus немесе Amygdalus communis)  - раушангүлділер тұқымдасына жататын жеміс (бадам жаңғағы) ағашы не әсемдік үшін өсірілетін бұта.

Бадам

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі:Өсімдіктер
Бөлімі:Жабық тұқымдылар
Табы:Қос жарнақтылар
Тұқымдасы:Раушан гүлдер
Тегі:Алхорылар
Екі-есімді атауы
Prunus dulcis
(Mill.) D.A.Webb (1967)

Таралуы

Ауа райы бір қалыпты жылы болатын және субтропиктік аймақта, Орта Азия мен Монголияда, Қытайдың орталық таулы аудандарында бадамның 40-қа жуық жабайы түрі өседі. КСРО-да мұның 16 түрі бар, оның екеуі жеміс үшін өсіріледі.

Биологиялық сипаттамасы

Бадам - жылу мен жарық сүйгіш әсемдік, қуаңшылық пен аязға да төземдінің өзі қыста 26-27°С суыққа тәзеді, ал шырын жүрген кезде гүл жаратын бүрі 19°С суықта тіршілігің тоқтатады. Сондай-ақ гүл жаруы аяқталар кездегі 2°С, ал жеміс салар кездегі 1°С суықтық бадамның одан әрі өсуіне зор зиян тигізеді. Далалық Бадам ерте гүлдейтін бұта,әсемдік үшін өсіріледі. Қарапайым бадамның биіктігі 6-10 м,жемісі тәтті не қышқылтым, дәнінде 72 % майы бар. Дәні тағам өнеркәсібінде, майы дәрі дайындау үшін пайдаланылады. Бадамды тұқымынан өсіруге не вегетативтік жолмен көбейтуге болады. Оны бақта қатар аралығын 6Х9, ңайтқыш шашылып, топырағы өнделеді, өсімдік зиянкестері мен кеселіне қарсы шаралар жүргізіледі. Бадамның көп тараған сорттары: Десертный, Ялтинский, Никитинский-62, Лангедок (Оңт. Франциядан әкелінді), Дрейк, Нонпарель (Калифорниядан әкелінді), Никитский урожайный, Чуянгинский - 51, Р.Консайский-565[1].

Синонимдар

  • Amygdalus communis L.
  • Amygdalus dulcis Mill.
  • Prunus amygdalus Batsch
  • Prunus communis (L.) Arcang.

Өндіруі

Әлемде өндіру көлемі жылдар бойынша

(мың тонна)

1965615
1970687
1975762
1980926
19851152
19901321
19951019
20001468
20051839
20061999
20072215
20082435
20092362
20102539
20112005
15 ең ірі бадам өндіретін ел және өндіру көлемі

(мың тонна)

Ел198519952005200920102011
 АҚШ35227670311621414731
 Испания287159218282221212
 Иран5979109128158168
 Италия10590118114108105
 Марокко304570104102131
 Сирия34342299773130
 Тунис513543605261
 Түркия383745555570
 Алжир102045473950
 Грекия575748443330
 Ауғанстан9915435661
 Қытай131925353842
 Ливан72828302836
 Пәкістан284923262221
 Ливан152725253038
Жалпы түріЖапырақтары мен жемісіГүлдеріДәндері

Дереккөздер