Григориан күнтізбесі

1582 жылдың 15 қазанында Рим папасы Григорий XIII қолданысқа енгізген күнтізбе

Григориан күнтізбесі — әлемнің көп бөлігінде қолданылатын күнтізбе. Католик елдерiнде 1582 жылдың 4 қазанында әке Григорий XIII ескi юлиан күнтізбесінің орнына енгiзiлдi. Тропиктік жылға (365,2422 тәулік) келістіру мақсатында Григориан күнтізбелі жылдың ұзақтығын 365,2425 тәулікке теңістіріп, кібісе жылдарды қайта бөлген.

Айлар мен кібісе жылдар

Ай күндерін жұдырықтармен санау. Алақан сүйектері 31 күнді айларды, ал олардың арасындағы шұқырлар 30 күнді айларды белгілейді.

Алдыңда қолданыста жүрген Юлиан күнтізбесіндегідей, Григориан күнтiзбесі — күн күнтізбесі, яғни оның ұзақтығы Жердің күн орбитасынан айналғанына сәйкестендірілген. Григориан жылында 12 ай, әрқайсысы 28-31 күн аралығындағы ұзақтықпен жiктеледi:

АйКүндер саны
1Қаңтар31
2Ақпан28 (кібісе жылда 29)
3Наурыз31
4Сәуір30
5Мамыр31
6Маусым30
7Шілде31
8Тамыз31
9Қыркүйек30
10Қазан31
11Қараша30
12Желтоқсан31

Күнтізбе циклі әр 400 жыл немесе 146.097 күн қайталанады. 400 жылдың 303-і — кәдімгі және 97-і — кібісе жыл. Күнтізбелі жылдың орташа ұзақтығы — 365+97400 күн немесе 365 тәулік, 5 сағат, 49 минут және 12 секунд. Григориан күнтізбесі бойынша, әр 400-жыл және 4-ке бөлінетін, бірақ 100-ге бөлінбейтін жыл — кібісе жыл болып саналады.

Юлиан және григориан күнтiзбелерiн айырмашылығы

Юлиан және григориан күнтiзбелерiнiң күндерінің айырмашылығы:

Күндер айырмашылығыКезең (юлиан күнтізбесі бой-ша)Кезең (григориан күнтізбесі бой-ша)
105 қазан 1582 — 29 ақпан 170015 қазан 1582 — 11 наурыз 1700
111 наурыз 1700 — 29 ақпан 180012 наурыз 1700 — 12 наурыз 1800
121 наурыз 1800 — 29 ақпан 190013 наурыз 1800 — 13 наурыз 1900
131 наурыз 1900 — 29 ақпан 210014 наурыз 1900 — 14 наурыз 2100
141 наурыз 2100 — 29 ақпан 220015 наурыз 2100 — 15 наурыз 2200
151 наурыз 2200 — 29 ақпан 230016 наурыз 2200 — 16 наурыз 2300

Мемлекеттердің григориан күнтізбесіне ауысу күндері

Юлиан күнтізбесінің соңғы күніГригориан күнтізбесінің бірінші күніМемлекттер/аумақтар
4 қазан 158215 қазан 1582Испания, Италия, Португалия, Речь Посполита (Литвалық және Польшаның ұлы княздықтың құрамындағы федерациялық мемлекетi)
9 желтоқсан 158220 желтоқсан 1582Франция, Лотарингия
21 желтоқсан 15821 қаңтар 1583Голландия, Брабант, Фландрия
10 ақпан 158321 ақпан 1583Льеж епископтығы
13 ақпан 158324 ақпан 1583Аугсбург
4 қазан 158315 қазан 1583Трир
5 желтоқсан 158316 желтоқсан 1583Бавария, Зальцбург, Регенсбург
1583Австрия (бөлігі), Тироль
6 қаңтар 158417 қаңтар 1584Австрия Республикасы
11 қаңтар 158422 қаңтар 1584Швейцария (Люцерн, Ури, Швиц, Цуг, Фрайбург, Золотурн кантондары)
12 қаңтар 158423 қаңтар 1584Силезия
1584Вестфалия, Америкадағы Испан колониялары
21 қазан 15871 қараша 1587Венгрия
14 желтоқсан 159025 желтоқсан 1590Трансильвания
22 тамыз 16102 қыркүйек 1610Пруссия
28 ақпан 165511 наурыз 1655Швейцария ( Вале кантоны)
18 ақпан 17001 наурыз 1700Дания ( Норвегияны қоса), протестанттық неміс мемлекеттері
16 қараша 170028 қараша 1700Исландия
31 желтоқсан 170012 қаңтар 1701Швейцария (Цюрих, Берн, Базель, Женева)
2 қыркүйек 175214 қыркүйек 1752Ұлыбритания және колониялар
17 ақпан 17531 наурыз 1753Швеция (Финляндияны қоса)
5 қазан 186718 қазан 1867Аляска
1 қаңтар 1873Жапония
20 қараша 1911Қытай
желтоқсан 1912Албания
31 наурыз 191614 наурыз 1916Болгария
31 қаңтар 191814 ақпан 1918Ресей Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстония
1 ақпан 191815 ақпан 1918Латвия, Литва
17 сәуір 19181 мамыр 1918Грузия, Әзірбайжан және Армения
18 қаңтар 19191 ақпан 1919Румыния, Югославия Одақтық Республикасы
9 наурыз 192423 наурыз 1924Грекия
18 желтоқсан 19251 қаңтар 1926Түркия
17 қыркүек 19281 қазан 1928Мысыр