2024 жыл
Жылдар |
---|
2020 · 2021 · 2022 · 2023 — 2024 — 2025 · 2026 · 2027 · 2028 |
Онжылдықтар |
2000 жж. · 2010 жж. — 2020 жж. — 2030 жж. · 2040 жж. |
Ғасырлар |
XX ғасыр— XXI ғасыр — XXII ғасыр |
III мыңжылдық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
XIX ғасыр— XX ғасыр— XXI ғасыр — XXII ғасыр — XXIII ғасыр | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грегориан күнтізбесі | 2024 MMXXIV |
Юлиан күнтізбесі | 2023 — 2024 (14 қаңтардан бастап) |
Рим қаласының құрылуынан бастап | 2776 — 2777 (4 мамырдан бастап) |
Византия күнтізбесі | 7532 — 7533 (14 қыркүйектен бастап) |
Еврей күнтізбесі | 5784 — 5785 ה'תשפ"ד — ה'תשפ"ה |
Ислам күнтізбесі | 1445 — 1446 |
Армения күнтізбесі | 1473 ԹՎ ՌՆՀԳ |
Қытай күнтізбесі | 4720 — 4721 癸卯 — 甲辰 қара қоян — көк айдаhар |
Ефиопия күнтізбесі | 2016 — 2017 |
Инду күнтізбесі | |
- Викрам самват | 2080 — 2081 |
- Шака самват | 1946 — 1947 |
- Кали-юга | 5125 — 5126 |
Иран күнтізбесі | 1402 — 1403 |
2024 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбіде басталады. Кібісе жыл.
Бұл біздің заманымыздың 2024 жылы, III мыңжылдықтың 24 жылы, 21 ғасырдың 24 жылы, 21 ғасырдың 3-ші онжылдығының 4 жылы, 2020-шы жылдардың 5 жылы болып табылады.
Әзірше 2024 жыл әлемдегі ірі қақтығыстардың жалғасуымен ерекшеленеді: Ресейдің Украинаға басып кіруі, Израиль−Хамас соғысы, Мьянмадағы азамат соғысы, Судандағы азамат соғысы және тағы басқа.
2024 жылы шамамен төрт миллиард адам тұратын дүние жүзінің 76 шақты мемлекетінде ұлттық сайлау өтетін болады. Сайлау өткізетін елдер тізімінде халқы ең көп 10 елдің сегізі (Америка Құрама Штаттары, Бангладеш, Бразилия, Индонезия, Мексика, Пәкістан, Ресей және Үндістан) және Ұлыбритания бар. 2024 жылы оған қоса Еуропа парламентіне сайлау жүреді.
Оқиғалар
Қаңтар
- 1 қаңтар
- Мысыр, Эфиопия, Иран, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктері БРИКС құрамына кірді.[1]
- Таулы Қарабақ аймағы Әзербайжан құрамына қайта кірді де, Арцах Республикасы ресми түрде ыдырады.[2]
- Жапонияның батыс жағалауында 7.5 Mww деңгейлі ірі жер сілкінісі орын алды, нәтижесінде 126 адам қайтыс болды, 611 адам жарақат алды.[3]
- Эфиопия Сомалилендпен Бербера портын пайдалану туралы келісімге келгенін жариялады. Эфиопия сонымен бірге Сомалилендтің тәуелсіздігін мойындайтын бірінші ел болатынын айтады.[4]
- 2 қаңтар – Маршалл аралдарында жалпы сайлау өтті. Маршалл аралдарының заң шығару жиналысы Хильда Хайнды президент болып сайлады.[5]
- 3 қаңтар – Кермандағы лаңкестік әрекет: Қасым Сүлейманиның өлтірілу «мерейтойына» Керман, Иранда Ислам мемлекеті бомбалауы нәтижесінде 89 адам қайтыс болды.[6][7]
- 7 қаңтар – Бангладеште жалпы сайлау өтті. Оппозициялық партияның наразылығына және дауыс беруге келгендер санының күрт төмендеуіне қарамастан Хасина Шайһ Уазед басқарған Авами лиг партиясы сайлауда төртінші рет қатар жеңіске жетті.
- 8 қаңтар – Эквадордағы қарулы қақтығыс: Лос Чонерос атты картель басшысы Хосе Масиас Вильямар түрмеден қашып кетті. Эквадор президенті Даниэль Нобоа елде төтенше жағдай жариялады. Көшелерге, түрмелерге әскерилер жіберілді.[8]
- 11 қаңтар
- Папуа — Жаңа Гвинеяда есептеу кезінде болған болжалды қателік нәтижесінде полицейлер мен сарбаздардың жалақысы берілмей қалды, елде ереуіл басталды.
- АҚШ хуситтер қозғалысына тауар тасымалдап жатқан ирандық дауды басып, кейін батады. Операция нәтижесінде кеменің бүкіл экипажы ұсталған, екі SEAL теңізде жоғалған.
- 12 қаңтар – Өркендеу күзетшісі операциясы: Хуситтердің Қызыл теңіздегі кемелерге шабуылына жауап ретінде АҚШ бастаған коалиция хуситтердің Йемендегі базаларына әуе шабуылын ұйымдастырды.[9]
- 13 қаңтар – Тайваньда президент сайлауы өтті. Демократиялық ілгерішіл партияның үміткері Лай Циндэ жалпы дауыстың 40% жинады да, жеңіске жетті.
- 14 қаңтар
- Таққа отырғанына 52 жыл болған күні Дания патшайымы II Маргрете тақтан бас тартты, оның орнына таққа кронпринц Фредерик отырып, ол X Фредерик атанды.[10][10]
- 2024 жылғы Комор аралдарындағы президент сайлауы: халықтың тек 16.3% қатысқан сайлау нәтижесінде халық наразылығына қарамастан президент Азали Ассумани 62.9% дауыспен қайта сайланды.[11]
- 15 қаңтар Бернардо Аревалоның Гватемала президенті болып ұлықтауы.[12]
- 19 қаңтар – Жапония SLIM миссиясының көмегімен Айға баяу қондыру жасаған бесінші ел болды.
- 19 қаңтар - Kaspi bank американдық NASDAQ биржасында компания 11 миллионнан астам акция сатты және 1 миллиард доллардан астам қаражат жинады.
- 22 қаңтар – Джозеф Бокайдың Либерия президенті болып ұлықтауы.
- 24 қаңтар – Белгород облысындағы Ил-76 апаты: ресейлік Ил-76 әскери транспорт ұшағы Короча ауданында құлады. Ресей мәліметінше ішінде болған барлық адам, соның ішінде 65 украиналық әскери тұтқын, экипаждың 6 мүшесі және 3 күзетші, қайтыс болды.[13]
- 26 қаңтар
- Израиль−Хамас соғысы: БҰҰ Халықаралық әділет соты Израильдің Газадағы геноцидтік әрекетіне жол бермегенін және палестиналықтарға қауіпсіздік бергенін талап етті, алайда әскери операцияның тоқтатылуын талап еткен жоқ.[14]
- Тувалуда жалпы сайлау өтті.[15]
- 28 қаңтар – Финляндиядағы президент сайлауының 1-айналымы өтті.
- 31 қаңтар – Джохор сұлтаны Ибраһим Исмаил Малайзияның 17-Янг ди-Пертуан Агонг тағына отырды.
Ақпан
- 4 ақпан
- Намибия президенті Хаге Гейнгоб қайтыс болды; орнын вице-президент Нанголо Мбумба алды.[16]
- Сальвадорда жалпы сайлау өтті.
- 7 ақпан – Әзербайжандағы президент сайлауы: Оппозицияның наразылығына қарамастан, президент Ильхам Әлиев бесінші рет қайта сайланды.[17][18]
- 8 ақпан – Пәкістанда жалпы сайлау өтті. Нәтижесінде Ұлттық ассамблея мандаттарының көбісін Партиясыз саясаткерлер жеңіп алды. Партиясыздардың көбі тыйым салынған Әділет үшін қозғалыстың бұрынғы мүшелері болған.
- 11 ақпан – 2024 жылғы Финляндиядағы президент сайлауы: Екінші айналым нәтижесінде президент болып Александр Стубб сайланды.
- 14 ақпан – 2024 жылғы Индонезиядағы жалпы сайлау: Үкіметтік табуляторлардың ресми жылдам санауы бұрынғы әскери офицер Прабово Субиантоны наурыз айында шығарылатын түпкілікті нәтижелерге дейін президенттік сайлаудың жеңімпазы деп таныды.
- 16 ақпан – Харптағы түрмеде ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қайтыс болды.
- 22 ақпан – америкалық Intuitive Machines компаниясының Nova-C қонушысы Айға қонған алғашқы коммерциялық көлік болды.
- 23 ақпан – Армения өзінің ҰҚШҰ-дағы мүшелігін де-факто уақытша тоқтатты.
- 25 ақпан – Беларусьтегі парламент сайлауы нәтижесінде биліктегі Белая Русь партиясы мандаттың көпшілігіне ие болды.
- 26 ақпан – Венгриядағы президенттік сайлау[19]. Тамаш Шайок сайланды[20].
Наурыз
- 1 наурыз
- 7 наурыз – Швеция ресми түрде НАТО құрамына енді де, оның 32-мүшесі болды.[22][23]
- 11 наурыз – Гаити президенті және премьер-министрі Ариэль Анри елдегі қылмыскер топтарының өзара соғысы деп сипатталатын дағдарыс жағдайында екі лауазымнан да отставкаға кететінін хабарлады.[24]
- 13 наурыз – Еуропа Одағы «Одақтың жасанды зият жайлы регламенті» атты жасанды зиятқа арналған әлемдегі алғашқы толық құқықтық және реттеуші заңды қабылдады.[25]
- 15–17 наурыз – Ресейде сегізінші президент сайлануы жүрді. Нәтижесінде Владимир Путин бесінші рет қайта сайланды.[26]
- 22 наурыз – Ресейдің Красногорск қаласындағы Crocus City Hall залында Ислам мемлекеті ұйымына қатысы бар қарулы адамдар концертке келушілерге шабуыл жасап, кем дегенде 137 адамды өлтіріп, 182 адамды жаралады.
- 25 наурыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газада «тез арада атысты тоқтатуды» және барлық кепілге алынғандарды дереу және сөзсіз босатуды талап ететін қарар қабылдады.
Сәуір
Болжамды және жоспарланған оқиғалар
- 31 наурыз – Болгария мен Румыния теңіз және әуе жолдары арқылы Шенген аймағының құрамына кіреді.[29]
- 8 сәуір - толық күн тұтылуы Мексикада, АҚШ-тың орталық бөлігінде, Канаданың шығысында көрінеді. Жеке тұтылу Солтүстік Америкада, Орталық Америкада байқалады[30].
- 5 мамыр – Панамадағы жалпы сайлау.
- 7–11 мамыр – Мальмё, Швецияда Eurovision ән байқауы 2024 өтеді.
- 8 мамыр – Солтүстік Македониядағы парламент сайлауы.
- 12 мамыр – Литвадағы президент сайлауы.
- 19 мамыр – Доминикан Республикасыдағы жалпы сайлау.
- 1 маусым – Исландиядағы президент сайлауы.
- 2 маусым – Мексикадағы жалпы сайлау.
- 6–9 маусым – Еуропалық парламент сайлауы.
- 19 маусым – Бельгиядағы федералды сайлау.
- 22 маусым – Мавританиядағы президент сайлауы.
- 15–16 шілде – Руандадағы жалпы сайлау.
- 26 шілде–11 тамыз – Париж, Францияда 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары орын алады.
- 17 тамыз – Индонезияның астанасы Джакартадан Нусантараға көшеді.
- 13 қазан – Литвадағы парламент сайлауы.
- 27 қазан – Парагвайдағы жалпы сайлау.
- 5 қараша – Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауы.
- 12 қараша – Палау Республикасындағы жалпы сайлау.
- 7 желтоқсан – Ганадағы жалпы сайлау.
Күні белгісіз
- Сәуір немесе мамыр – Үндістандағы жалпы сайлау.
- Мамыр, маусым, шілде немесе тамыз – Оңтүстік Африка Республикасыдағы жалпы сайлау.
- Көктем, жаз немесе қыс – Ұлыбританияның келесі парламент сайлауы.
- Маусым – Шри-Ланкадағы президент сайлауы.
- Күз – Молдовадағы президент сайлауы.
- Қазан
- Ботсванадағы жалпы сайлау.
- Чадтағы президент сайлауы.
- Грузиядағы парламент сайлауы.
- Венесуэладағы президент сайлауы.
- Қараша
- Румыниядағы президент сайлауы.
- Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Луң отставкаға кетіп, өз өкілеттігін орынбасары Лоуренс Уоңға береді.
- Желтоқсан
- Алжирдегі президент сайлауы.
- Хорватиядағы президент сайлауы.
Туғандар
- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы туғандар
Қайтыс болғандар
- Тағы қараңыз: Санат:2024 жылы қайтыс болғандар
Тағы қараңыз
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2024 |
Дереккөздер
Бұл — жыл туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |