Ислам ынтымақтастық ұйымы

Ислам ынтымақтастық ұйымы (араб.منظمة التعاون الإسلامي; ағылш. Organisation of Islamic Cooperation; француз. Organisation de la coopération islamique) (2011 жылдың 28 маусымына дейін – Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)) — 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1,8 миллиардқа жетіп отыр.

Ислам ынтымақтастық ұйымы
араб.: منظمة التعاون الإسلامي‎‎<
ағылш. Organisation of Islamic Cooperation
фр. Organisation de la coopération islamique

    Мүшелері
    Бақылаушылары
    Бұрынғы мүшелер (Сирия)

Мүшелік:

57 мүше мемлекет

Штаб-пәтер:

 Сауд Арабиясы, Жидда

Ұйым түрі:

Халықаралық ұйым

Ресми тілдері:

Араб тілі
Ағылшын тілі
Француз тілі

Құрылуы
Құрылуының ресми датасы

1969 жыл 25 қыркүйек

Ортаққор логотипі Ислам ынтымақтастық ұйымы Ортаққорда

Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Жидда қаласында орналасқан.

ИҚҰ-ның басшысы – Бас хатшы, ал атқарушы органы – Бас хатшылық деп аталады. Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды. Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар.

Олар Ислам даму банкі, Ислам жаңалықтары агенттігі, Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы, Иерусалим қоры, Ислам астаналары ұйымы, Ислам ғылыми-техникалық даму қоры және тағы басқалар.

Тарихи шолу

ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда.Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған

Мүше елдер

Ұйымға мүшелерінің Эйлер диаграммасы

ИЫҰ-ға 57 мемлекет мүше, 5 мемлекет бақылаушы дәрежесіне ие

Мүше мемлекетҚосылдыДеректер
 Ауғанстан1969Тоқтатылған 1980 - Наурыз 1989
 Алжир1969
 Чад1969
 Мысыр1969Тоқтатылған мамыр 1979 - Наурыз 1984
 Гвинея1969
 Индонезия1969
 Иран1969
 Иордания1969
 Кувейт1969
 Ливан1969
 Ливия1969
 Малайзия1969
 Мали1969
 Мавритания1969
 Марокко1969
 Нигер1969
 Пәкістан1969
 Палестина[1]1969
 Сауд Арабиясы1969
 Сенегал1969
 Судан1969
 Сомали1969
 Тунис1969
 Түркия1969
 Йемен19691990 жылдан бері Йемен Республикасы Йемен Халықтық Демократиялық Республикасымен бірікті
 Бахрейн19702003 жылдан бері Бахрейн Патшалығы ретінде
 Оман1970
 Катар1970
 Сирия1970
 БАӘ1970
 Сьерра-Леоне1972
 Бангладеш1974
 Габон1974
 Гамбия1974
 Гвинея-Бисау1974
 Уганда1974
 Буркина-Фасо1975
 Камерун1975
 Коморлар1976
 Ирак1976
 Мальдив Республикасы1976
 Джибути1978
 Бенин1982
 Бахрейн1984
 Нигерия1986
 Әзербайжан1991
 Албания1992
 Қырғызстан1992
 Тәжікстан1992
 Түрікменстан1992
 Мозамбик1994
 Қазақстан1995
 Өзбекстан1995
 Суринам1996
 Того1997
 Гайана1998
 Кот-д’Ивуар2001
Тоқтатылды немесе шықты
 Zanzibar1993Шықты тамыз 1993
Бақылаушы елдер
 Босния және Герцеговина1994
 Орталық Африка Республикасы1997
 Солтүстік Кипр Солтүстік Кипр Түрік Республикасы1979Ресми 2004
 Тайланд, патшалығы1998
 Ресей Федерациясы2005
Бақылаушы Ислам мекемесі немесе Коммуналары
Moro National Liberation Front1977
Бақылаушы Ислами Институттар
Parliamentary Union of the OIC Member States2000
Islamic Conference Youth Forum for Dialogue and Cooperation2005
Бақылаушы Халықаралық Мекемелер
League of Arab States1975
United Nations1976
Non-Aligned Movement1977
Organisation of African Unity1977
Economic Cooperation Organisation1995

Мүшелікке талпыныс


  •  Үндістан - Ислам ынтымақтастық ұйымына бақылаушы ел ретінде кіруге ниет білдірген. .[2] While India's candidacy is supported by some OIC members including Saudi Arabia,[3] some OIC members like Pakistan have blocked India's inclusion into the OIC, arguing India's inclusion in OIC is against the rules of OIC, which state that an aspirant should not have an ongoing conflict with a member state.[4]
  •  Филиппиндер - The Philippine government has made attempts to join the OIC, but this was opposed by the OIC observer in the country, the Moro National Liberation Front, which finds it unnecessary. In 2009, the country's bid has received stronger support and has been advocated by countries such as Indonesia, Malaysia, Iran, and the United Arab Emirates, among others.[5][6][7][8]

Қазақстанның ИҚҰ шеңберіндегі ынтымақтастығы

Қазақстан 1995 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Ислам әлемімен белсенді ықпалдастық - Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Өз жағынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсұлман қоғамдастығының ажырамас мүшесі ретінде қарастырады.

ИҚҰ-ның қатарына енгеннен кейін Қазақстан Бас хатшылықпен, субсидиялық мүшелермен және Ұйым институттарымен қарым-қатынасын тұрақты дамытуға тырысуда.Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысты, олар: (1997 ж. желтоқсанда Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның 8-ші Саммиті, 2000ж қарашада Доха (Катар) қаласында ИҚҰ-ның 9-ші Саммиті және 2003 ж.қазанда Путраджайяда (Малайзия) 10-ші Саммит), Сыртқы Істер министірледің мәслихаттары (24-ші СІММ-нен Джакартада (Индонезия) 1996 ж. желтоқсанда өткен 33-ші СІММ-ге Бакуда (Әзірбайжан) 2006 ж. маусымға дейін), осыған қоса әржылдық үйлестіру СІММ БҰҰ-ның Бас ассамблеяның жұмыс барасында.

Қазақстанның мұсылман елдерімен қарым катынастарын арттыру еліміздің ұзақ мерзімді мүдделерімен қатар, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 мамырдағы жолдауына сәйкес келеді.

Қазақстан полиэтникалық және көпконфессионалдық ел бола отырып, өркениеттер мен діндер арасындағы диалогті дамытуға бағытталған глобалдық процесті толығымен жақтайды. Сондықтан, Қазақстанның ИКҰ жұмысына басқа да ірі аймақтық және глобалдық ұйымдармен қатар, белсенді қатысуы, қазіргі таңда үлкен маңызға ие.

ИКҰ шеңберінде мәдениеттердің жақындасуы және өркениет диалогы дамуы мәселелерінің артуына байланысты Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндердің жиналысын шақыру туралы бастамасына қолдау көрсету жөніндегі 2005 ж. маусымда ИКҰ-ның СІМ 32-кеңесінің резолюциясын қабылдау жұмыстары атқарылды.

Сыртқы сілтемелер

Ескермелер